Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


 Информатиканы  оқыту әдістемелік жүйесі



Pdf көрінісі
бет10/191
Дата31.12.2021
өлшемі1,71 Mb.
#23005
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   191
Байланысты:
Мектепте-Информатиканы оқыту әдістемесі 2013 Koibagatova

1.4. Информатиканы  оқыту әдістемелік жүйесі 
Педагогикалық  білім  жүйесіндегі  информатика  курсын 
оқытудың    әдістемелік  жүйесі  бес  түрлі  өзара  иерархиалық  түрде 
байланысқан компоненттерден тұрады.  
Олар  :  пәнді  оқыту  мақсаты,  мазмұны,  әдістері,  түрлері  мен 
құралдары (1.2-сурет).  
1.2-сурет. Оқыту жүйесі компонененттерінің өзара байланысы 
Оқытудың әдістемелік жүйесі дегеніміз – оқушыны оқытудың 
тиімділігін  арттыруға  бағытталған,  оқу  процесінің  өзара  
байланысқан  және  бір-біріне  себепші  болатын  оқыту  түрлерінің, 
формаларының  және  жоспарлау  мен  өткізу  құралдарының,  бақылау 
мен  сараптаудың, түзетулерінің  реттелген жиынтығы [23, 322-б.]. 
Информатканы  оқыту  әдістемелік  жүйесі  –  оқыту  тәсілдерін 
алгоритмдеу, жүйелеу, мақсатты анық тұжырымдау негізінде мұғалім 
мен  оқушылардың  өзара  әр  алуан  әрекеттестіктерін  қамтиды. 
Сондықтан  жүйеде  үйретуші  (мұғалім)  –  сабақтардың  жетекшісі
ал, үйренуші (оқушы) – оқу объектісі болып табылады (1.3-сурет).  
Информатиканы  қазіргі  оқыту  әдістемелік  жүйесінің  өзіндік 
сипаттамалары [27]: 
-  оқу процесін ғылыми негізде жоспарлау; 
-  теория мен практикалық дайындықтың бірлігі; 
-   оқу  материалын  оқытудың  жоғарғы  деңгейдегі  қиындығы 
мен оны жеделдете оқытылуы; 
-  оқушылардың белсенділігі мен өз бетінше ізденімпаздығы; 
-  жеке және ұжымды іс-әрекетерді бірлестіру;  
-  оқу процесін техникалық оқыту құралдарымен жабдықтау; 
-  әртүрлі  пәндерді кешенді түрде оқыту  тәсілдері. 
Информатиканы  оқытып,  үйретудің  мақсаттары  жалпы  білім 
беретін орта және кәсіптік бағдар беретін мектептерде тәрбиелеу мен 
білім  берудің  жалпы  мақсаттарымен,  сонымен  бірге  ғылыми 
Мақсат 
Мазмұны 
Оқыту 
құралдары 
Әдістері 
Ұйымдастыру 
түрлері  


 
18 
өзгешелігі,  қазіргі  қоғамдағы  және  ғылымдар  жүйесіндегі  алатын 
орнымен анықталады. 
1.3-сурет. Оқытудың әдістемелік жүйесі  
Құралда  информатиканы  оқыту  осы  ұстанымдардың  негізінде 
қарастырылады.  Информатиканың  әдістемелік  жүйесінің  негізгі 
компоненттерінің мазмұны мен өзара байланысы айқыналады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет