3.8. Информатикада білімді бағалау критерийі Оқушылардың білімін бағалау мәселелері Білімдерді, ептіліктер мен дағдыларды бағалау – бұл
оқушылардың қол жеткізген нәтижелерін оқу бағдарламасында
сипатталған түсінік эталонымен, балдың шартты белгісі - бағамен
салыстыру үрдісі.
Кесімді баға оқушының аралық немесе аяқталған жетістіктерін,
сабақтағы ұқыптылығы мен тәртібін білдіреді. Әдетте 5 балдық
шаманың бір мәнімен қойылады.
«5» - толық біледі (үздік)
«4» - жеткілікті біледі (жақсы);
«3» - жеткіліксіз біледі (қанағаттанарлық);
«2» - білмейді (қанағаттанарлықсыз).
Білімді рейтинг жүйесімен бақылау арқылы теңдеулі оқу
жүйесінің жағымсыз тұстарын түбімен жоюға болады. Нәтижесінде
үздіктердің, жақсы оқитындардың және т.б. орташаланған топтары
жойылады. Олардың орнына «бірінші», «бесінші», «жүзінші» пайда
болады. Рейтингтің көмегімен оқылған тақырып бойынша лайықты
емес
(лайықты)
баға
алу
мүмкіндігі
жоғалады,
себебі
қорытындылаушы баға оқушының оқу барысындағы барлық кезеңінің
жұмысын ескереді (реферат жазуы, олимпиадаға қатысуы және т.б.).