Байланысты: Мектепте-Информатиканы оқыту әдістемесі 2013 Koibagatova
дұрыс отырғызу –мүшелер мен ағза жүйесінің қалыпты қызмет
етуіне, қабырға мен көз қызметінің бұзылуын алдын алуға,
денсаулықты және жұмыс қабілеттелігін сақтауға
әсер етеді.
Оқушылардың дұрыс орналастырылуын жоғарыда аталған талаптарға
сәйкес орындық пен үстелдің таңдалуы қамтамасыз етеді.
Дұрыс отырғызу кезінде оқушылар тік, еңкеймей отыруы керек.
Арқа жауырынның төменгі бұрыштары тұсына тіреліп, білек иықтан
төмен тік бұрыш жасап, пернетақта орналасқан үстел бетіне тірелуі
тиіс, сол арқылы иық пен қол бұлшық етінен статикалық күш түседі.
Орындықтың ұшы оқушыға қарама-қарсы тұрған үстелдің ұшына
5-7 см-ге кіруі керек. Жіліншік пен жамбас арасында түзілге бұрыш
90-120° болуы керек, табан еденге немесе аяқ қойғышқа тірелуі керек.
Бейнемонитор экраны мен көздің арақашықтығы 60-70 см құрауы
қажет.