171
оқушылардың жұмысына деген қызығушылығын, ойларын көрсетуге
мүмкіндік береді.
7.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды дайындау. Сабаққа
қажетті құрал-жабдықтардың: қосымша құралдардың, көрнекілік-
тердің тізімін жасау. Жаңа тақырып тақтада қосымша құрал ретінде
қалатындай етіп, тақтаның түрін ойластыру керек.
8.
Үй жұмысына берілетін тапсырмалардың (мазмұндық
бөлігінен басқа) практикалық жағын орындау үшін ұсыныстар беруді
ойластыру қажет.
9.
Осылай дайындалған сабақ конспект түріне түсіруге негіз
болады. Сабақтың конспектісін дайындаған кезде нені ескеру қажет?
Сабақ конспектісінің құрылымы негізгі үш бөліктен тұруға тиіс:
-
формалды бөлім;
-
мазмұнды бөлім;
-
аналитикалық (талданатын) бөлім.
Формалды бөлім мына түрде сипатталады:
Сабақ № __________
Тақырып:____________
Мақсат:____________
Міндеттер: білімдік:_____________
дамытушылық:__________________
тәрбиелік:_______________
Құрал-жабдықтар:________________
Сабақтың жеке кезеңдерінің реттілігі
Сабақ жоспарының
мазмұндық бөлігі – екі бөлімнен тұрады:
1. Барлық тапсырмалардың мәтіні, жаңа оқу материалы,
есептердің шешімдері, үй жұмысын орындау ұсыныстары.
2. сабақтың әр кезеңі бойынша мұғалім мен оқушылардың іс-
әрекеті көрсетілетін кесте. Ол мынадай түрде болуы мүмкін:
Талдамалы аналитикалық бөлім сабақтың өзіндік талдауын
жасауға негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: