Байланысты: Мектепте-Информатиканы оқыту әдістемесі 2013 Koibagatova
6.3.5. Тақырыптық жоспар құруға арналған ескертпе Жоспардың жалпы сұрақтары: 1) күні;
2) тақырып бойынша сабақтың нөмірі;
3) сабақтың тақырыбы;
4) сабақтың типі;
5) сабақтың үшбірлік мақсаты;
6) оқыту әдістері;
7) оқушылардың тірек білімдері мен дағдыларын өзектілейтін,
қайталанатын материал;
8) білімді бақылау формалары мен кері байланыс;
9) сабақта қалыптасуы жүретін жоспарланатын білім, білік және
дағдылар;
Сабақта шешілетін дербес сұрақтар: 1) сабақтың тәрбиелік потенциалын жасау;
2) іске асырылатын оқу материалының өмірмен, тәжірибемен
байланысы;
3) сабақтың дидактикалық құралдары;
4) оқушылардың сабақтағы өздік жұмыстары;
5) сабақта өткенді бекіту әдістері;
6) үй тапсырмасы (репродуктивті қасиетті және шығарма-
шылық).