Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


-БӨЛІМ.  ИНФОРМАТИКАНЫ  ОҚЫТУДЫҢ  ЖАЛПЫ



Pdf көрінісі
бет4/191
Дата31.12.2021
өлшемі1,71 Mb.
#23005
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   191
Байланысты:
Мектепте-Информатиканы оқыту әдістемесі 2013 Koibagatova

1-БӨЛІМ.  ИНФОРМАТИКАНЫ  ОҚЫТУДЫҢ  ЖАЛПЫ 
ӘДІСТЕМЕСІ 
1-тарау.  Информатиканы оқыту әдістемесі пәні 
1.1.  Информатика  ғылым  және  орта  мектептегі  оқу  пәні 
ретінде  
Информатиканың ғылым ретінде пайда болуы және қалыптасуы  
өткен  ғасырдың  екінші  жартысынан  басталады.  Информатиканың 
зерттейтін  аймағы  –  ақпараттың  құрылымы  мен  ортақ  қасиеттері, 
сонымен  қатар  адам  тіршілігінің  түрлі  саласында  ақпаратты  іздеу, 
жинау,  сақтау,  түрлендіру,  жеткізу  және  пайдалану  үрдістерімен 
байланысты  мәселелерді  қамтиды.  Ақпараттың  ауқымды  көлемі  мен 
ағымын  өңдеу  автоматтандырусыз  және  коммуникация  жүйесінсіз 
жүзеге  асыру  мүмкін  емес,  сондықтан  электронды  есептеуіш 
машиналар  мен  заманауи  ақпараттық  және  коммуникациялық 
технологиялар  информатиканың  іргелі  ядросы  және  материалдық 
базасы да болып табылады [2].  
Ақпаратты ресурстың айырықша түрі деп есептеген жөн, мұнда 
«ресурс»  материалдық  заттардың  немесе  заттың  энергетикалық, 
құрылымдық немесе басқа да сипаттамаларынан  тұратын білім қоры 
деп  түсіндіріледі.  Материалды  заттармен  байланысты  ресурстардан 
айырмашылығы  –  ақпараттық  ресурстар  сарқылмайды  және  де 
материалды  ресурстарға  қарағанда,  басқаша  жаңару  немесе  қайта 
жаңғырту  әдістеріне  ие  болады.  Қоршаған  ортаның  біртұтас 
құрамдастары зат және энергиямен қатар, ақпарат сол ортаның негізгі 
сарқылмас таным көзі болып табылады.  
Ақпарат  жөнінде  заманауи  ғылыми  көзқарасты  дәлме-дәл 
тұжырымдаған  кибернетика  «атасы»  Норберт  Винер
1
 болды.  Оның 
пікірінше:  «...  ақпарат    біздің  және  сезіміміздің  сыртқы  ортаға 
бейімделу үрдісінде одан қабылданған мағынаны белгілеу».  
Кибернетиканың  пайда  болуы  1948  жылы  осы  ғалымның: 
«Кибернетика  немесе  жануарлар  мен  машинадағы  байланыс  пен 
басқару»  кітабының  шығуымен  байланыстырылады.  Аталған  кітапта 
басқарылатын  жүйелерге  ортақ  теориясын  жасаудың  жолдары, 
басқару  және  байланыс  проблемаларын  қарастыру  әдістері 
негізделген болатын.  
Кибернетикада  ақпарат  деп  қандай-да  бір  жүйенің  қоршаған 
ортадан  қабылдайтын  (Х  кіру  ақпараты),  қоршаған  ортаға  беретін  (Y 
                                                 
1
 Норберт  Винер  (1894  —1964)  —  американдық  ғалым,  көрнекті  математик  және  философ, 
кибернетиканың және жасанды интелект теориясының негізін қалаушы. 


 

шығу  ақпараты),  сонымен  қатар  өзінде  сақтайтын  (Z  ішкі  жүйелік 
ақпарат) 
кез 
келген 
сигналдардың
әсерлердің 
немесе 
мағлұматтардың жиынтығы қарастырылады [2, 26] (1.1-сурет).  
1.1-сурет 
«Кибернетика»  термині  пайда  болғаннан  кейін  дүниежүзілік 
ғылымда  ағылшын  сөзі  «Computer  Science»  (компьютер  ғылымы) 
қолданысқа  енгені  белгілі.  Бұл  термин  Америка,  Канада  және  тағы 
басқа  латын-америкалық  континеті  елдерінде,  компьютерлер  мен 
телекоммуникациялық  жүйелер  көмегімен  ақпаратты  өңдеу,  сақтау 
және жеткізу үрдістерін зерттейтін ғылыми және оқу пәнін атау үшін 
кең тараған.   
Кейінірек  XX  ғасырдың  60-шы  жылдарының  соңы  мен  70-ші 
жылдарының 
басында 
француз 
ғалымдары, 
француздың 
«informatione»  (ақпарат)  және  «avtomatique»  (автоматика)  сөздерінің 
туындысы болып табылатын – «informatique» (информатика) терминін 
енгізді.  Жаңа  термин  Кеңестер  Одағы  (кейіннен  Ресей  мен  ТМД 
елдерінде)  мен  Батыс  Еуропада  кеңінен  тарады.  Үлкен  Кеңес 
Энциклопедиясында  информатика  «ғылыми  ақпараттың  жалпы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет