Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


СҮМ-нің  дамытушылық  аспектісі



Pdf көрінісі
бет60/191
Дата31.12.2021
өлшемі1,71 Mb.
#23005
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   191
Байланысты:
Мектепте-Информатиканы оқыту әдістемесі 2013 Koibagatova

СҮМ-нің  дамытушылық  аспектісі  –  бұл  мұғалім  үшін  ең  
қиын  аспект.  Бұл  немен  түсіндіріледі?  Бұл  қиындықтардың 
туындауының  екі  себебі  бар.  Біріншісі  –  көп  жағдайда  мұғалім  оқу-


 
65 
тәрбие  үрдісімен  салыстырғанда,  баланың  дамуы  анағұрлым  баяу 
жүретінін  ескермей,  әр  сабаққа  жаңа  дамытушылық  мақсат  қоюға 
тырысады.  Екіншісі  –  даму  дербестігіне  өте  қатысты  болып  келеді 
және  ол  маңызды  дәрежеде  дұрыс  ұйымдастырылған  оқу  мен  тәрбие 
нәтижесі  ретінде  іске  асырылады.  Бұдан  шығатын  қорытынды: 
мақсаттың  бір  дамытушылық  аспектісі  бірнеше  сабақтың  үшбірлік 
мақсатында тұжырымдала беруі мүмкін, ал кейбір кезде бір тараудың 
сабақтарына да жарайды.  
СҮМ-ң дамытушылық аспектісі бірнеше блоктан құралады: 
Тілді дамыту – сөздік қорды молайту және күрделендіру; оның 
мағыналық  функциясын  күрделендіру  (жаңа  білім  түсінудің  жаңа 
аспектілерін  әкеледі);  сөздің  коммуникативтік  қасиеттерін  кеңейту 
(бейнелі,  айқын,  мәнерлігі);  оқушылардың  тілдің  шығармашылық 
кейіптері  мен  мәнерлі  қасиеттерін  үйренуі.  Тіл  дамуы  –  оқушының 
интеллектуалды және жалпы дамуының көрсеткіші. 

Ойлау  қабілетін  дамыту  –  сұрыптауға,  басты  ойды 
ерекшелеуге,  ұқсастықты  құруға,  салыстыруға,  жалпылау  мен 
жүйелеуге, дәлелдеу  мен теріске шығаруға,  ұғымдарды анықтау мен 
түсіндіруге, мәселені  қою мен шешуге үйрету. Бұл амалдарды үйрену 
– ойлай білу дегенді білдіреді. 

Сенсорлық  өрісін  дамыту  –  мұнда  көз  өлшемін  дамыту, 
кеңістік  пен  уақытты  тұспалдау,  түстің,  жарық  пен  көлеңкенің, 
пішіннің,  дыбыстың,  сөз  реңінің  дәлдігі  мен  сезімталдығын 
(нәзіктігін) айыра білу. 

Қозғалыс  жүйесін  дамыту  –  ұсақ  бұлшық  еттердің 
моторикасын,  өзінің  қозғалыс  әрекеттерін  басқара  білу,  ыңғайлы 
қозғалысты  дамыту,  қозғалыс  өлшемін  және  т.б.  меңгеруді 
қарастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет