3.1.3. Бақылаудың негізгі түрлері Қазіргі бақылау жүйесінде білімді тексеріп бағалаудың
(диагностикалаудың) алуан түрі қолданылады.
Уақытша фактор бойынша бақылаудың келесі түрлерін бөліп
қарауға болады: алдын ала (кіріспе, қорытынды, алдын ала), ағымдық,
кезеңдік
(тақырыптық,
сатылы,
аралық)
және
қорытынды
(емтихандық).
Алдын ала бақылау оқу басында оқушылардың білімдерін,
ептіліктері мен дағдыларын, сондай-ақ даму деңгейін анықтауға
арналған бақылау. Көбінесе оқу басында немесе жаңа тақырыпты
(бөлімді) оқыту алдында қолданылады. Сыныпқа жаңадан келген
оқушыларға да қатысты пайдаланылады.