Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К


Жоспарлау әдістері мен принциптері



Pdf көрінісі
бет58/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   80
10. 4. Жоспарлау әдістері мен принциптері
Тәжірибеде менеджерлер: 
– «жоғарыдан төмен»;
– «төменнен жоғары» сияқты әртүрлі жоспарлау әдістерін 
қолданады. Екі аталған әдістер тік жоспарлау әдістері деп атала-
ды.
Сонымен қатар көлденең жоспарлау әдістері болады, оның 
қатарына өндіргіш үдерісінің жалпы сызбасын жоспарлауды 
және торлы жоспарлауды жатқызады. Жоспарлау объекті ретінде 
өндіргіш үдерістің өзі немесе жұмыстардың бөлек кешендері 


134
болады. Торлы жоспарлау басқару объектісін торлы график фор-
масында суреттейтін модельді әзірлеу түрінде жүзеге асады.
Тәжірибеде менеджерлер «жоспарлау принципі» мен «жо-
спарлау әдісі» түсініктерін араластырып жібереді. Жоспарлау 
принципі деп менеджердің кәсіби мінез-құлқын және өзінің жо-
спарлау бойынша лауазымдық функциясын орындау кезіндегі 
әрекетінің мазмұнын белгілейтін сенімін немесе әдетін, жоспар-
лау әдісі деп әрекеттердің тиімді формада орындалу реті мен 
тәсілдерін түсінеді. «Қанша жоспарлаушы бар болса, сонша жо-
спарлау принциптері болады» деген әзіл бар. Бұл жерде тек кең 
танылған және таралған жоспарлау принциптерін келтірейік:
– «қол жеткен деңгейден жоспарлау», ол екі уақыт кезеңнің – 
осы және келер шақтың өзара тығыз байланысына негізделеді;
– «мақсаттар бойынша жоспарлау». Бұл принципті шарт-
ты түрде «қол жеткен деңгейден а жоспарлау» принципіне кері 
келеді деуге болады;
– «майда-шүйдеге дейін жоспарлау». Бұл жоспарлау принципі 
менеджердің ағымдағы өзгерістердің мазмұнына көңіл аудармауға
ұмтылады, ұйым барлық өзгерістерге қарсы тұруға қабілетті деп 
есептейді;
– «ең бастысын жоспарлау». Менеджерлер ұдайы болып тұ-
ратын өзгерістерді алдын ала болжау мүмкін емес, сондықтан тек 
негізгі нәтижелерді жоспарлау керек деп санайды;
– «агрессивтік жоспарлау». Бұл принцип қоршаған ортаға 
бейімделмей, оны ұйым мақсатына үндестіру қажет деп есептейді.
Жоспарлау принципіне тәжірибелік жоспарлау бойынша жұ-
мыс қалай құрылуы тиісті туралы менеджердің санасына сіңіп
қалған түсінігі жатады. Бұл оның жеке идеологиясы, яғни жо-
спарлау дегеніміз не үшін қажет, ол қалай құрылуы және жүзеге 
асырылуы тиісті екендігін түсінуден тұрады. 
Осы жағынан алып қарағанда, барлық жұмыс істейін ме-
неджерлерді негізгі төрт топқа бөледі:
– 
инактивистер,
яғни селқостықпен әрекет ететін менеджер-
лер;
– 
реактивистер,
өзінің жұмыс жоспарын «бізде үнемі осын-
дай болатын, біз әрдайым осылай жасайтынбыз» принципі бой-
ынша құрады,


135
– 
практивистер,
яғни негізінен болашаққа бағдарланған ме-
неджерлер;
– 
интерактвистер,
болашақты өзгертуге ұмтылатын менед-
жерлер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет