45
Фирма қаншалықты түрлі сипаттағы көптеген іс-әрекеттерді
жүзеге асыруға міндетті болса, фирма ішінде, сондай-ақ негі-
зінде қызметкерлердің мамандануы бекітілетін және олардың
атқаратын біркелкі функцияларына байланысты олардың топта-
суы жүргізілетін еңбек бөлінісі қағидасы қолданылады. Осылай-
ша, фирманың құрылымдық бөлімшелері қалыптасады. (бухгал-
терия, өнімді өткізу немесе сату бөлімі, т.б).
Менеджментте өндіруші үдерісті ұйымдастырудың жалпы
сызбасы модельдеудің екі: классикалық және инжинирингтік (не-
месе реинжинирингтік) әдісі ажыратылады:
Инжиниринг – кәсіби идеологияның ерекше нысаны. Ол әлі
жалпыға бірдей игілік болмаған, бір нәрсені пайдалануда асып
түсетін - инновацияны қолдануға негізделген, бұл сәттілікке
жетудің алғышарты болып табылады. Дәл осы соңғы жағдай
көптеген тәжірибеден өтуші менеджерлерге өндіруші үдерісті
ұйымдастырудың жалпы схемасын модельдеудің осы нысанын
қолдануға мүмкіндік бермейді. Көпшілік тәжірибеден өтуші ме-
неджерлер өндіруші үдерісті ұйымдастырудың жалпы сызбасын
модельдеудің классикалық әдісін пайдаланады.
Біртұтас өндіруші үдеріс іс-әрекеттің:
– өндірістік үдерісі өзі;
– өндірістік үдерістің бірқалыптылығын қамтамасыз ету үшін
дайындау үдерісі;
– тауарды оның өндірілу орнынан тұтыну орнына жылжыту
үдерісі сияқты үш блогына шартты түрде бөлінуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: