111
қабылдауды күтетін нақты объектілерін анықтау ұмтылысын
көрсетеді.
9.2. Басқару шешімін қабылдаудың ұтымды әдісі. Шешім
қабылдау жолы технологиялық үдеріс ретінде
Менеджмент ғалымдары мен мамандары шешім қабылдауды
“менеджердің бірінші (басты) функциясы” (Акио Морита),
“басқарушылық қызметтің мәні” (Г.Саймон) деп санаған. Ме-
неджменттің заманауи теориясында – кез келген тәжірибелік
қызмет “шешім” мен “әрекеттен” тұрады – деген өте қарапайым
ой үстем алған. Сонымен, басқаруды шешім қабылдау үдерістері
және әрекеттерден құралған үдерістері ретінде қарастыруға бо-
лады.
Сонымен бірге басқару ойы әлі де осы ұғымның бірегей-
лендірілген анықтамасын құрастыра алған жоқ. Осы басқару ка-
тегориясы бойынша пікірлер жетерлік. Қалайда болса, шешімді
әзірлеу мен қабылдау үдерісі қатаң процедура формасында,
яғни атқарылатын әрекеттің қатаң реттілікпен өтеді. Осындай
әрекеттердің реттілігі мен бағыттылығын ұғыну қабылданатын
шешім тиімділігіне тікелей әсер етеді. Әдетте, осы процедураның
алты компонентін келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: