121
Стратегиялық жоспарлау аналитикалық үдеріс те, стратегиялық
менеджмент – ұйымдастырушылық үдеріс.
Басқару объекті ретінде тұтас ұйым да, оның бөлек компо-
ненттері де болады.
Стратегиялық басқару объекті ретінде, мысалы, пайда норма-
сы, нарықтағы үлесі, тауардың жаңа түрі, өндіру технологиясы
және т.б. бола алады.
Стратегиялық көзқарас ұйымға тән құндылықты белгілейді,
оны пайдалану ұйымды тек аман қалдырумен шектелмей,
сыртқы ортадағы өзгерістерге қарамай белгілі позицияда болуын
қамтамасыз етеді. Әртүрлі ұйымдар және оның әртүрлі өмір сүру
кезеңдеріне қарай стратегиялық құндылығы ретінде:
– өндірілетін және нарыққа
шығарылатын өнім сапасын;
– бәсекешілерге қарағанда өндіріс шығындарының төменірек
болуын;
– бөліктенген баға саясатын;
– тұтынушыға қолайлы түрде тауар аудару түрін;
– тұтынушы күтіп отырған уақыттан бұрын тауарды жаңар-
туды;
– икемді өндіріс жүйелерін қолдануды келтіруге болады.
Мұндай сипаттамаларды одан әрі жалғастыруға болады. Бұл
жерде икемділігімен және жауап беру барабарлығымен көзге
түсетін басқару жүйесінің өзі стратегиялық құндылығы ретінде
көрінуі мүмкін.
Тәжірибеде тағы да жалған
деп аталатын стратегиялық
көзқарас тән менеджерлер тобы бар екенін айта кету керек. Ме-
неджер мұндай жағдайда ұйым құндылығына емес, сыртқы
ортаның жағымды жағдайына мөлшерлеме қойып, оны пайдала-
ну уақыттың көп немесе аз мерзімінде іс сәттілігін әкеледі.
Әлемдік тәжірибеде стратегияның барлық мүмкін
болатын
типтері “компанияның күшті позициялары” және “сыртқы ор-
таны талдауда анықталатын мүмкіндіктерді пайдалану” деген
ұғымдарына негізделеді. Майкл Портер оңтайлы қызмет етуге
жетудің екі мүмкін болатын жолдарын ерекшелейді. Осы көзқарас
тұрғысынан мүмкін болатын стратегия типологиясы олардың
– өндірістік шығындарды минимизациялауда лидерлік страте-
гия;
122
– өнім өндірудегі
мамандану стратегиясы;
– нарықтың белгілі бір сегментіне шоғырланып, оны тиімді
меңгеруге күш-жігерді шоғырландыру стратегиясы сияқты үш
түрін белгілейді.
Бұл стратегиялар негізгі немесе эталондық деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: