Т. В. Шевякова д филол н., профессор кафедры журналистики Казнпу им. Абая хуш столетие нередко называют веком фразеологии, что вполне правомерно, поскольку именно в этот период возникли или окончательно оформили


функциясы арта тҥседі» [1,17], - деген пікір айтады



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата17.02.2017
өлшемі2,21 Mb.
#4321
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

функциясы арта тҥседі» [1,17], - деген пікір айтады.   
 Тілдегі  кҿркемдеуіш  қҧралдардың  прагматикалық  бояуы  қанық  компоненттерге  коннотаттық 
мағынасына  мың  қатпарлы  сҿздердің  қолданысын  кҿрсетуде  троптың  тҥрлері  қатысады.  Аталған 
лексикалық бірліктер субъектінің санасындағы айтылмақ ойға сай кҿркем бейне тудырып, тілдік тҧлғаның 
дҥниеге кҿзқарасын, дҥниетанымын, эстетикалық талғамы мен сҿз жҧмсау шеберлігін кҿрсетеді.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, №2 (36), 2011 ж. 
 
17 
Тілдегі  эпитеттердің  теориялық  негізіне  қатысты  А.А.Потебня:  «Ӛлеңдегі  эпитет  –  тек 
бағалаудың  ғана  қҧралы  емес.  Ол  бҥкіл  текстің  бойымен  ӛтетін  байланыстарда  кӛрінеді.  Оны 
зерттеу  ӛлеңнің  поэзиялық  жҥйесінің  мәнін,  оның  әр  тҥрлі  сатылардағы  шындыққа  қатынасын 
міндетті  тҥрде  зерттеуге  алып  келеді»  [2,  115  б.],  -  деп  кӛрсетсе,  қазақ  руханиятының  кӛсемі 
А.Байтҧрсынҧлы: «Бір нәрсені кӛптен айырып, кӛзге кӛбірек тҥсерлік етіп айтқымыз келгенде ол 
нәрсенің  атына  айқын  кӛрсеткендей  сӛз  қосып  айтамыз.  Мәселен,  Атымтай  Жомарт,  Жиренше 
шешен,  Қаз  дауысты  Қазыбек  деу  айқындау  мақсатпен  айтқаннан  шыққан...  Сондықтан 
айқындаудың бҧл тҥрі тек айқындау ғана болады... Мҧнан басқа кӛркейту мақсатпен айқындау бар. 
Мәселен, «қызыл тіл», «ақ сҧңқар», «шалқар кӛл» дегенде, «қызыл», «ақ», «шалқар» деген сӛздерді 
кӛбінесе  кӛркейту  ҥшін  айтып  жҧмсаймыз.  Сондықтан  айқындаудың  бҧл  тҥрі  кӛркейту  деп 
айтылады»  [3, 184  б.],  – дей келе,  эпитеттерді  қызметіне  қарай  оны  айқындау  және  кӛркейту   деп 
екіге ажыратып кӛрсетеді.  
Жалпы  эпитеттерге  қатысты  зерттеулерде  берілген  анықтамалар  бір-біріне  жақын  болып 
келеді.  Мәселен,  белгілі  ғалым  З.Қабдолов:  «Эпитет  дегеніміз  –  заттың,  қҧбылыстың  айрықша 
сипатын, сапасын анықтайтын суретті сӛз» [4, 219 б.], - деп тҥсіндірсе, академик Р.Сыздық: «Эпитет 
– адамның, заттың, қҧбылыстың бір белгісін: сырын, сипатын, қасиетін атап кӛрсететін сӛз, бірақ 
осы  қызметте  келетін  жай  анықтауыш  сӛзден  эпитеттің  айырмасы  бар.  Жай  анықтауыш  заттың, 
қҧбылыстың,  адамның  ӛзіне  тән  қалыпты  сынын  (белгісін,  қасиетін,  тҥрін,  тҥсін  т.б.)  білдірсе, 
эпитет ӛзі атайтын белгіні бейнелеп (образдап) кӛрсетеді» – дей келе [5, 418 б.], тілдегі теңеулердің 
тҧрақты немесе тавтологиялық, тҧрақсыз және метафоралық, синкреттік деп аталатын тҥрлері бар 
екендігін айтады.  
Жалпы  тілдегі  эпитеттер  кӛркем  әдебиет  жанры  мен  кӛркем  мәтінде  жиі  қолданылатын, 
суретті  сӛз  тудырушы  коммуникативті-прагматикалық  қызметі  ерекше,  белгілі  бір  зат  пен 
қҧбылыстың  сын-сипратын  білдіруде  адам  ойының  образдылығы  мен  тілінің  поэтикалық 
кӛркемдігін кӛрсететін тілтанымдық бірлік. Эпитеттер тілдік қолданысқа тҥскенде тілдік тҧлғаның 
дҥниетанымдық  әлемін,  эстетикалық  шеңберін,  қандайда  бір  қоршаған  ортадағы  зат  пен 
қҧбылысқа деген танымдық тҥсінігі мен когнитивтік стилін кӛрсететін тілдік қҧбылыс.  
Кҿркем  мҽтінде  кездесетін  эпитеттер  жеке  авторлық  жҽне  жалпы  халықтық  тҧрақты  эпитеттер, 
сондай-ақ  синкреттік,  метафоралық,  метонимиялық  эпитеттер    болып  коммуникативті-прагматикалық 
қолданысқа  тҥседі.  Солардың  ішіндегі  жеке  авторлық  эпитеттер  тілдік  тҧлғаның  образды  ойынан  туған 
ҿзінің  дҥниетанымдық  ҽлемімен  сабақтас,  идостиліне  тҽн  қолданыс  болса,  жалпы  халықтық  тҧрақты 
эпитеттер  этнос  тілінде  заманалар  бойы  қолданылып  келе  жатқан  белгілі  бір  зат  пен  қҧбылыстты 
суреттеуге  қатысты  туған,  поэтикалық  қҧрал  ретінде  танылады.  Эпитеттердің  аталған  тҥрлерінің 
қайсысын  алсақта  олар  –  суретті  сҿз  жасаушы,  мҽтіннің  мҽнерлілігі  мен  кҿркемдік  бояуын  арттыру, 
тыңдарманның  эстетикалық  сезімін  ҽсер  ету  мақсатында  қолданылатын  образды  айшықты  компонент. 
Тілдегі эпитеттер этностың рухани мҧрасы, қазыналы сҿздік қоры мен этносқа тҽн ҧлттық дҥниетанымды 
кҿрсететін,  ғаламның  тілдік  кҿркем  бейнесін  жасауға  ат  салысатын  лингвокогнитивтік  бірліктер  болып 
табылады.  Сонымен  қатар  тілдегі  эпитеттер  этностың  дҥниетанымдық  ҽлемі  мен  этно-мҽдени  дҽстҥріне 
тҽн  ақпараттарды  жинақтауда,  сақтауда,  таратуда  ерекше  қызмет  атқарады.  Себебі  этнос  тілінің 
жасалуына  сол  халықтың  дҥниетанымы  мен  танымдық  ҽлеміндегі  ақпараттар  жиынтығы  ҽсер  етеді. 
Демек,  қоршаған  ортадағы  заттар  мен  қҧбылыстарды  тіл  арқылы  таңбалауда  ҽр  этностың  сол  зат  пен 
қҧбылысқа қатысты тҥсінігі ҽр келкі болып келеді.  
Тілдегі  эпитеттер  кҿбінесе  кҿркем  мҽтінде  жиі  қолданылатындықтан,  кҿптеген  зерттеушілер 
эпитеттерді  стилистикалық  аспектіде  қарастырады.  Сондай  зерттеулердің  бірінде,  «эпитет  – 
стилистикалық   категория. Грамматикалық тҧрғыдан қарағанда эпитет те анықтауыш екені талассыз.  Ал 
стилистикалық  тҧрғыдан  қарағанда  анықтауыштардың  барлығы  бірдей  эпитет  бола  алмайды.  Эпитет 
жайлы  ғалымдардың  пікірлерінен  тҥйгеніміз:  эпитет  –      кҿркемдік  жҥк  арқалап,  айрықша    суреттілік, 
бейнелілік қасиеті болады. Кҿркем бейне жасау талабынан жҽне мҽтіндегі басқа сҿздермен семантикалық 
жақтан  ҽсерлесуінің  нҽтижесінде  лексикалық  мағына  қҧрамы  кҥрделеніп,  экспрессивтік-эмоционалдық, 
бағалауыштық бҿліктері есебінен қосымша астарлы мағыналарға ие болып тҧрады» деген баға беріледі [6, 
20  б.].  Эпитеттер  сҿз  мағынасының  ойнақылығына,  айқындығына,  нақтылығына,  кҿркемдігіне  тікелей 
қатысты  болып  келеді.  Эпитеттің  семантикалық  астарындағы  аталған  ерекшеліктердің  туындауына 
адамның ойлау жҥйесі мен танымдық ҽрекеттері тҥрткі болады.  
С.Б.Қоянбекова:  «Эпитет  сҿзге  кҿрік  береді,  бҧл  оның  логикалық  анықтауыштардан  басты 
айырмашылығы.  Анықтауыштарды  кҿркем  жҽне  логикалық  деп  бҿлу  «декоративті»  жҽне  «қажетті» 
сҿздерді анықтауда ежелден белгілі. Эпитет – адамның, заттың, қҧбылыстың бір белгісін: сырын, сипатын, 
қасиетін  атап  кҿрсететін  сҿз.  Осы  қызметте  келетін  жай  анықтауыш  сҿзден  эпитеттің  айырмасы  ҿзі 
атайтын белгіні бейнелеп кҿрсетеді, ҿйткені бҧл белгі сол заттың, адамның, қҧбылыстың табиғи, қалыпты 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, №2 (36), 2011 ж. 
 
18 
белгісі  емес.  Алғашқысы  логиканың  заңына  бағынса,  соңғысы  паралогикалық  ой  туындысы  болып 
табылады»,-  деген  пікірінен,  тілдегі  эпитеттерді  тек  лингвистикалық  категория  емес,  логикалықта 
категория бола алатындығын кҿруге болады [7, 173-174 б.].  
Этностың  ақиқат  ҽлемді  танып  білуі,  ҿзі  ҿмір  сҥріп  отырғын  уақыт  пен  кеңістікке  қатысты 
объективті  жҽне  субъективті  кҿзқарасы  кҥнделікті  тҧрмыс-тіршілігі  мен  аялық  біліміне,  табиғи 
шаруашылығы мен кҽсіби кҥн кҿрісіндегі тҽжірибеге негізделеді. Қоршаған ортадағы қандай да болмасын 
белгілі  бір  зат  пен  қҧбылыстың  болмысын  тану,  оның  сыртқы  бейнесі  мен  адам  санасындағы  бейнесін 
ажырата  білу,  оның  ҽр  тҥрлі  табиғи  болмысын  тану,  тҥйсіну,  кҥнделікті  тҽжірибеде  қолданудың 
нҽтижесінде  жҥзеге  асады.  Танымдық  талқыға  тҥскен  заттар  мен  қҧбылыстар  ҿзіндік  ерекшелігі  мен 
пішініне, адам санасында бейнеленген бейнесіне қарай белгілі бір эпитеттік атауға ие болады.  
Жалпы  тілдегі  эпитеттер  –  ҧлттық  жҽне  ҽлемдік  сҿз  ҿнерінің  поэтикалық  қуатын  ҿз  бойына 
жинақтаған ҽрі оларды бойына сіңіріп, тілдік тҧлғаның идиостилін кҿрсететін тілтанымдық элементтерге 
жатады.  Эпитет  қашанда  адам  ойының  ҧшқырлығымен  ҥндестікте  туады.  Эпитет  арқылы  зат  пен 
қҧбылыстың айшықтылығы ғана кҿрсетілмейді, онда тіпті тілдік тҧлғаның біртҧтас когнитивтік механизмі 
мен  дара  стиліде  кҿрініс  табады.  Эпитет  зат  пен  қҧбылысты  тануға  жолашар  тірек  кҿзі.  Эпитетте  тіл 
шҧрайы мен танымдық тетіктер бірлесіп, терең мағыналы ойды астарлы тҥрде жеткізеді. Эпитеттің табиғи 
болмысында  ҥлкен  ойтанымдық  элементтер  жатады.  Тілдегі  эпитеттсіз  жай  ғана  баяндау  адамзат 
танымына терең ҽсер етуі  неғайбыл. Қазақ тіліндегі эпитеттер лингвокогнитивтік табиғатына қарай мың 
қатпарлы  болып  келеді.  Эпитеттер  танымдық  ерекшелігіне  қарай  ҽр  алуан  адамның  дҥниені  танудағы 
когнитивтік  мҥмкіншіліктерін  жеткізудегі  рҿлі  ерекше.  Тілдегі  бейнелі  кейіпке  енген  эпитеттер  сҿздегі 
кҿркем  поэтикалық  бейнені  жеткізуде,  ал  сыршыл-нҽзік  лирикалық  эпитеттер  сҿздегі  эмоция  мен  қатар 
таным талшықтарын жеткізуде таптырмас бірден бір танымдық қҧрал болып табылады. Эпитеттің аталған 
қасиеттері  адамның  когнитивтік,  поэтикалық,  экспрессивті-эмоционалды  ішкі  сезімдерін  бейнелеуде 
жҧмсалуы арқылы адам мен ғалам арасын бір біріне жақындатады.  
Сонымен,  тілдегі  эпитеттер  кҿркем  мҽтінді  байытуда  жҽне  адамның  танымдық  ҽлеуетінің 
ерекшелігін  кҿрсетуде  маңызы  зор.  Этностың  дҥниетанымдық  ерекшелігін  тануда  тілдегі  эпитеттердің 
орны  ерекше.  Тілдегі  эпитеттердің  поэтикалық  қуаты  мен  танымдық  астары  ҧрпақтан-ҧрпаққа  алмасып, 
кҥнделікті тҧрмыста қазірге дейін кеңінен қолданылып келе жатқан тілтанымдық қҧбылыс.    
 
1. Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі.  – Алматы, 1968. 
2. Потебня А.А. Эстетика и поэтика.  – М., 1976. 
3. Байтұрсынұлы А. Шығармалар жинағы.   – Алматы: Алаш, 2003, І т. 
4. Қабдолов З. Таңдамалы шығармалар.   – Алматы: Жазушы, 1983, ІІ т. 
5. Сыздық Р.С.  Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі.   – Алматы: Арыс, 2004. – 616 б. 
6.  Оразғалиева  Л.М.  Абайдың  ақын  шәкірттері  тіліндегі  жалғастық  пен  жаңа  үрдістер:  Фил. 
ғыл. канд. дис. автореф.: 10.02.02. -Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007. -27 б.  
7.  Қоянбекова  С.Б.  Қазақ  тілі  экспрессивтік  стилистикасының  негіздері.  Фил.  ғыл.  док...  дис.: 
10.02.02. -Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2008. -346 б.  
Резюме 
В  статье  в  лингвокогнитивном  аспекте  рассматриваются  познавательно-художественные 
особенности  эпитетов.  Излагается,  что  посредством  эпитетов  передается  не  только  образность  вещей  и 
явлений, а так же целостный когнитивный механизм и индивидуальный стиль языковой личности. 
 Summary 
In  an  article  in  lingvokognitivnom  aspect  are  risen  cognitive-art  features  of  epithets.  Sets  out  that  by 
epithets is transmitted not only to imagery of things and events as well as holistic cognitive mechanism and the 
individual style of linguistic identity. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, №2 (36), 2011 ж. 
 
19 
 
МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС  ЖӘНЕ АУДАРМА 
 
Н.У.Сайбекова - 
                                   Абай атындағы ҚазҰПУ ағылшын тілі кафедрасының  оқытушысы  
  
Ел  мен  ел   тоғысып  жатқан  қазіргі  кезеңде  аударманың  алар  орны  ерекше. Мҽдениаралық  
байланыс    іске  асу    ҥшін    де    аударма    процесі      міндетті    тҥрде    ат    салысады.  Ҽсіресе,  ел  басы 
Н.Ҽ.Назарбаев      алға    қойып    отырған      еліміздің      бҽсекеге    қабілетті    елу    елдің    қатарына    қосылу  
мақсатын   жҥзеге  асыру  жолында  аударманың  арқалайтын  жҥгі  ауыр. 
Ҽлемнің    ҽртҥрлі    елдерінің      миллиондаған    адамдары    ҿздерінің    ана    тілінде    Шекспирды, 
Байронды,  Гетені,  Пушкинды,  Абайды,  Ҽуезовты,  Айтматовты    жҽне  т.б.      оқитындығы    олардың  
идеялық-эстетикалық    ой-ҿрісін    кеңейтеді,  тҽрбие    жҽне    білім    беру    ісінде    орасан    зор    мағынасы  
болады.  Ҽдебиеттің    ҿзара  ҽсері    жҽне    ҿзара    молаюы    «адамдар    арасындағы    қарым-қатынас  
қҧралдарының      ең    басты    маңыздысы      жҽне    мҽндісі»  (Гете)  болуы  аударманың    арқасында    мҥмкін  
болып  табылады.  Сонымен,  «тіларалық    жҽне    мҽдениетаралық    қарым-қатынаста  аударманың      міндеті   
басқа    мҽдениетте,  басқа    тілде    жҽне    басқа    коммуникативті    ситуацияда      тҥпнҧсқа    мҽтінін    сҽйкес  
алмастыратын  мҽтінді  қҧрастырудан  ғана  тҧрмайды» [1].        
Негізгі  мҽтін  оқырман  ҥшін  басқа  халықтардың   ҿмірімен  байланысқан  жат  болмыстың, жат  
мҽдениеттің      фрагменті    болып      кҿрінеді.  Осы  жерде    тҥпнҧсқа    тіліндегі    таратушылардың    мҽдени  
фонының    жҽне    аударма    тілінің      сҽйкессіздігімен    байланысқан      фондық      айырмашылық    туралы  
мҽселе      туындайды.  Е.Верещагин  мен    В.Костомаров  [2]  фондық    айырмашылықтарды    ҧлттық  
мҽдениеттің, тарихтың, этнографияның, географиялық  қҧбылыстармен  жҽне  ҽлеуметтік   бірлік   ретінде  
тіл    идеяларын    қолданушы    фактілерді    бейнелеп      кҿрсететін    белгілі-бір    тілдің    лингвистикалық  
бірліктерінің  қабілеттіліктерімен  қамтамасыз   етілген  тіларалық  жҽне  мҽдениаралық  дифференциация  
ретінде  қарастырады. Бҧдан  аудармашының   сҽйкестік   проблемасы  тіл  мен  мҽдениеттің  аймағында  
болатындығы  келіп  шығады. 
Ҿздерінің  аударма  теориясы  бойынша  концепциясында  Вермеер мен  Райс трансфер  тҥсінігін   
(тасымал)  қолданады  жҽне  оны  екіжақты  процесс   ретінде  қарастырады. Тасымалдың   екі  тҽсілі  атап  
кҿрсетіледі: тіларалық  жҽне  мҽдениетаралық. Тіларалық  тасымалдың  нысаны  негізгі  мҽтіннің  тілдік  
деңгейдегі  қҧрылымы, ал  мҽдениетаралық  трансфер  ҥшін  шешуші  фактор  "жағдай"  (ситуация)  болып  
табылады. Жағдайға  негізделе  отырып   тасымал  тілдік   болмысқа  ҿтеді. Атап  айтқанда, тасымалда   
тіл  мен   мҽдениет  туралы  білім  талап  етіледі, аудармашы  тек қана  тілдің  делдалы  (посредник)   емес,  
мҽдениет  делдалы  ретінде  де  қызмет атқарады. Мысал  келтірер  болсақ: «бауыр»  сҿзі  орыс  тілінде  
тҿмен  рангке ие, ал  қазақ, ҿзбек тілдерінде  ол  туыс  қандастығын, махаббатты  бейнелейтін  жоғарғы  
стильге  жатады: ол  менің  бауырым (он  мой  кровный  братик). Оны  кҿргенде  бауырым  елжіреп  кетеді 
(сҿзбе-сҿз: при  виде  его  печень  моя  растворяется. т.е. от любви  к нему  или  к ней). Ҿзбек  ақынында  
мынадай  шумақтар  бар: сҿзбе-сҿз: О долго  ли  будешь  красотой  ты  ранить  печень  мне.Орыс  тілді  
адам  ҥшін  бҧл  ҿрескел   болып  естіледі, сондықтан  «печень»    сҿзін  аудармада  сердце немесе душа  
деген  сықылды  сҿздермен  алмастыру  орынды  болар  еді. Немесе, ҿзбек  тілінде  попугай  сҿзі  сҥйікті  
қызына    деген    дҽстҥрлі    қаратпа    сҿз    болып    табылады,  ал    орыс    тілінде    ол    сҿз    сҿз    қҧмарлықты,  
ақымақтықты  бейнелеу   мағынасында   қолданылады. Ҿзбек (сҿзбе-сҿз): Ты  мой  обожаемый  попугай   
(орыс тілінде:  соловей, ласточка).  Мҧндай    ҽртҥрлі    сҿз    қолдану    мен    мҽдени    дҽстҥрлердің    жҥйелері  
мҽдениаралық    қарым-қатынаста    тҥсінбеушіліктің    себебі    болып    табылуы    мҥмкін.  Міне,    сондықтан,  
аудармашы  Моунинның   сҿзі   бойынша  аудармашы  «тек  тіл  білгірі  емес, сонымен  қоса  кҿрнекті  
этнограф»  болуы  керек. Аудармада  кез-келген мҽтінде  фразеологизмдер  жҽне  соның  ішінде  ҧлттық-
мҽдени  компоненті  бар  фразеологизмдер  зор  қиындық  туғызады. Олардың  қиын  қҧрылымдары  мен   
ҿзіне    тҽн    семантикасы    аударма    кезінде    белгілі    қиындықтарға      себепші    болады,  сондықтан  
аудармашы    алдында      шығарма    немесе      аударылатын   тілде    дҽл    бейнені    қайта    жасау    ҧқсастығын  
(аналогия)  іздеу  міндеті  тҧрады.  
«Аударма    аймағында      кҿптеген    мҽселелер  бейнелеуші    қҧралдарды    аудармашы    арқылы  
қолданылған    зерттеу    жолымен    анықталады,  соның    арқасында    тҥпнҧсқа    мен    аударманың      толық  
мағыналық  жҽне  эмоционалдық      сҽйкестігіне  қол  жеткізуге    болатындығын»   атап    айтуға  болады. 
Тілдік    айырмашылықтар      автор    қолданған    тҽсілдерді    жиі    қолдануға    жол    бермейді,  «сонымен   
тҥпнҧсқаның      ішкі    жҽне    сыртқы    қҧрылымын        зерттеп,      сосын    ана    тілінің    материалын    қолдану    
қажет» [3]. 
Дҽстҥрлі    сҿз    тіркестерінің    бҧзылуы,    сонымен    қоса    сҽйкес    келетін    жағдайларға    тҽн    емес  
сҿздердің  қолданылуы  маңызды  стилистикалық  ҿзгерістерге  апарып  соғады  жҽне  аударма  мҽтініне  

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, №2 (36), 2011 ж. 
 
20 
жасандылық  береді. Бҧл  жағдай  "ҽртҥрлі  тілдердің  тасымалдаушылары  фактілер  мен  қҧбылыстарды  
тҥрліше    қабылдайды,сондықтан    бҧл    қҧбылыстар    олардың    тілінде    тҥрліше    кҿрсетіледі    жҽне  
қалыптасады". Басқаша  сҿзбен  айтқанда, сапалы  аударма   негізгі  тілде  бейнеленген  тҥсініктер  мен  
қҧбылыстар     мағынасының   эквивалентін  сақтауды  ғана  қамтамасыз  ету  ғана  емес, сонымен   қоса   
Р.Лурьенің [4]  сҿзі  бойынша  "мҽдениет   эквивалентін  іздеуі"   де   қажет. Бҧл байланыста  маңызды  
болып      аудармашының    тек        саяси  жҥйені,  экономиканы,  ғылымды,  негізгі    жҽне    аударылатын  
тілдердегі  елдердің   мҽдениетін   жақсы  білуі ғана  емес, сонымен  қоса  олардың  ҿмірінің   реалийін  де  
жақсы  білу  болып  саналады. Мысалы, қазақшада  "киіз  ҥй, кесе" атты  тҥсінік  беретін  "юрта, пиала"   
орыс  сҿздерін  аудару  кезінде   аталған   сҿздердің  этимологиясына  сілтеме  бере отырып,  тҥсініктеме  
беру  керек, сонымен  қатар  елдің  аймағына  байланысты  шайды  пиалаға  қҧюдың   ҽртҥрлі  дҽстҥрлері   
бар  екендігіне  мағлҧмат  беруі  керек [5]. 
Аударма    мҽні,  Г.Иегердың    [6]      пікірі    бойынша,    қайта    кодтау    кезінде    бірінші      мҽтіннің  
коммуникативті    қҧндылығын      сақтай    отырып      жҽне    солай    ете    отырып    бірінші      жҽне      екінші  
мҽтіннің   коммуникативті  эквиваленттілігін   қамтамасыз   ете  отырып, толық   шамада  ҽртҥрлі  тілдік   
серіктестермен    арадағы      коммуникацияны    қолдаудан    тҧрады.  Осыған    орай,    коммуникативті-
эквивалентті   мҽтіндер мына  жағдайда  болғанда  ғана,  идеалды  билингв (тең  деңгейде  La  жҽне    Lb  
тілін    меңгерген)        идеалды    адресатпен    (А  жҽне  В  тілдерін  тең    деңгейде    меңгерген    адресатпен)  
қатынас  кезінде  еркін  таңдау    тҧрады-ол тең  шамада  La  немесе     Lb  тіліндегі  мҽтінді  қолданады, 
ҿйткені  екі  мҽтін де коммуникативті  эффект  тудырады.Бҧл  коммуникация  тҥрі  келесі   ҥлгіде  жҥзеге  
асырылады: 

 
серіктес  А жҽне  серіктес  В  La  тілінде  қатынасады; 

 
серіктес  А -La  тілін,  ал  серіктес  В- Lb тілін  қолданады, сондықтан  олардың  ҽрқайсысы  
басқаның  тілін  рецептивті  тҥрде  меңгереді; 

 
А жҽне  В   бір-бірімен  қатынаста       олардың  ҽрқайсысы  ҿзінің  ана тіліне  қосымша  
білетін    ҥшінші  тілді  қолданады; 

 
А жҽне В ортақ  тілі  жоқ, сондықтан  олардың  арасындағы  тікелей  қатынастың   болуы  
мҥмкін  емес, ол  жанама  тҥрде  болуы  қажет. 
     Аударма    теоретиктерінің    кҿзқарасы    тҧрғысынан    аударма    моделіне    мысал    келтірсек,  ҿз  
кезінде    белгілі   маман   О.Каденің    [7]       аударма    теориясы   аймағында    осындай   модельдердің    бірін  
ҧсынды. 
 
 
 
 
 
Бҧл  аударма  моделіне  сҽйкес  аударма  ҥш  фазаға  бҿлінеді: 

 
Негізгі    мҽтінді    (А)    қабылдаушы      болып    атқаратын    жіберуші  (Ж)  мен  аудармашы  
арасындағы   коммуникация; 

 
Қайта  кодтаушы  (ҚК)  қызметін  атқарушы  аудармашы  арқылы  іске асырылған   кодтың   
ауысуы; 

 
Соңғы    мҽтінді    (Ж1)  жіберуші  жҽне  осы  мҽтінді  алушы    (А1)  қызметін    атқаратын  
аудармашы  арасындағы  коммуникация. 
       Бҧл  кестеде   аударманың     кейбір  маңызды   жақтарына  коммуникативті  акт  ретінде  назар  
аударылады.  Аударма  актісі    шындығында  да    екі  ҿзара  байланысқан    коммуникативті    актіге-жіберуші 
мен    аудармашы    арасындағы    коммуникацияға    жҽне    аудармашы  мен    алушы    арасындағы  
коммуникацияға    ыдырайды.  Осыған    орай,  аудармашы    келешек    коммуникативті    процестің   
қатысушысы  ретінде, алма-кезек  біресе алушының  рҿлін,  біресе  жіберушінің  рҿлін  атқарады  жҽне 
бҧл  рҿлдердің  алмасуы  аударма  процесіне  маңызды  ықпал  кҿрсетеді. Алайда,  бҧл  модельде  белгілі  
кемістіктер де бар. Осы процесс мҧнда  вакуумде  ҿткізіледі. Аударманың  ҽлеуметтік  мҽдени жҽне басқа  
экстралингвистикалық    компоненттері    жоқ.  Коммуниканттар  қолданатын    сҽйкес    келетін    мҽтіндерді  
кодтап жҽне  қайта кодтайтын тек қана екі тілдік  код бар.  
Кез  келген    аударма        кҿп    немесе    аз          деңгейде        мҽдениеттің      екі    ортасы  арасындағы    
қайшылықты    бейнелейді.Бҧл      аудармашылық      коммуникация      шеңберіндегі      қайшылықты  
 
 
     А1 
 
 
 
    А 
 
 
 
ҚК  
 
 
 
Ж1 
 
 
   Ж 
      

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, №2 (36), 2011 ж. 
 
21 
«аудармадағы    кеңістікаралық      фактор»    терминімен    белгілейміз.  Аудармашының      міндеті  - 
кеңістікаралық    факторды    теңестіру.  Аудармадағы    кеңістікаралық    айырмашылық    жоғары    болған    
сайын        қабылдағыш    бҧл    қатынасты    тҥпнҧсқа    мҽдениетіндегі    басымдылық,  мысалы,  экзотизм    деп  
қабылдайды. Мҧндай  қарым-қатынастар  мҽдениеттердің   бір-бірінен  едҽуір  мҿлшерде  географиялық, 
тарихи  жҽне  ҽлеуметтік психологиялық  тҧрғыдан  қашықтығында  ғана  туындамайды, сонымен  қоса   
территориясы бір-біріне  жақын  орналасқан, бірақ   дҽстҥр  байланысы   жоқ   елдерде  де  пайда  болуы 
мҥмкін.   
Аударма  кезінде  екі мҽдени  жҥйенің  қайшылық  туатын  орны  коммуникативті  деңгейде де, 
мҽтін деңгейінде де   болады. Оларды  қайта  кодтау  кезінде  екі мҽдени  жҥйе  арасындағы  ҿзара қатынас  
нҽтижесінде  оның  мҽдени қҧрамында  болушылық  кҿзқарасы  тҧрғысынан  екі  жақтылық  элементтері  
соңғы   мҽтінде  болатын   ҽдеби  коммуникацияда  шешуші  қызмет  болып  саналады. Сҿзсіз  болатын  
қайшылықтың  тууы  мҽдени тенденциялардың  араласуын  тудырады. Бҧл  яғни, мҽтіннің  стилистикалық  
қҧрылымы  жайында  білуге  мҥмкіндік беретін  қҧбылысты  біз  екі  мҽтінді-тҥпнҧсқа  мҽтін  пен  аударма  
мҽтінді  семиотикалық  термин-«креолдау»  деп  белгілейміз. 
Кҿркем  аударма  процесінде  екі  мҽдениетте  қайшылықтың  тууы  ҿзінің  сонымен  қатар  екі  
ҽдебиет    дҽстҥрінің      ҽрекеттестігінде      кҿрініс    табады.  Бҧл    ҽрекеттестік    біресе    тҥпнҧсқаның    ҽдеби  
дҽстҥрінің (мҧндай  жағдайларда  аудармалар  қабылдайтын  ортаның  аударма  мҽдениетінде  жаңа  ҽдеби  
дҽстҥр  туғызады),  біресе    қабылдайтын    ортаның    аудармасының    ҽдеби    дҽстҥрінің    басымдығымен  
мҽтінді    «креолдау»    деп    сипатталады    Қорытынды    мҽтін    сонымен,  екі    қҧрылымның    комбинациясы   
болып  саналады. Аударма мҽтіні  тақырыптық   жҽне  стилистикалық қатынаста  ондағы  екі   мҽдениеттің  
ҿзара қайта бірігуімен болатын қарым – қатынаспен  сипатталады. 
Кҿркем  ҽдебиетте    екі  мҽдени  орта  арасындағы  қарым-қатынас мҽселесімен  Ю.М.Лотман [8] 
айналысты. Кҿркем  мҽтінде   белгілі деңгейде  сыртқы  ҽлемге  деген  индивидуумның  немесе  ҧжымның  
қайшы  қарым-қатынастарын  кҿрсететін  негізгі  оппозиция  кҿрініс  табады. Оппозиция: «біз» ↔ «олар»  
басқа    ҽлемге    деген  белгілі    ҧжымның    немесе      индивидуумның    онтологиялық      қарым-қатынасын  
кҿрсетеді.Бҧған,  мысалы: «фольклорлау-урбанизация», «протестантизм-католицизм» жҽне   т.д.басқалар.  
«Біз»  деген  тҥсінікпен  анықталатын  мҽдени  орта  мҽтінде  авторлық  субъект пен    оқырман  ҽлемі  
болып    табылады.  «Біз»  ↔  «олар»,  «ҿзімдікі»↔  «басқаныкі»  арасындағы  бҧл    семиотикалық  
қайшылықтарды  ҽсіресе, екі  «мҽдениеттің»-тҥпнҧсқа  «мҽдениеті»  мен  аударма «мҽдениеті»  арасында  
кездесу    ҿткізілетін  аудармадан    да    байқауға    болады.  Бҧл      жағдайдың      ҥш    шекаралық    позициясын  
типологиялық  тҥрде  ажыратуға  болады: 

 
сыртқы  ортаның  немесе  тҥпнҧсқа мҽтіннің  «мҽдениеті» (М1)  белсенділігі ішкі ортаның 
немесе  аударма мҽтінінің «мҽдениетінің»  (М2)  белсенділігіне   қарағанда  кҥштірек; 

 
ішкі  ортаның  аударма  мҽтінінің  «мҽдениетінің» (М2)  белсенділігі  тҥпнҧсқа  мҽтініндегі  
«мҽдениеттің»  (М1)  белсенділігіне   қарағанда  кҥштірек; 

 
аудармада  тҥпнҧсқа мҽтіні  «мҽдениеті» (М1) мен  аударма  «мҽдениеті»  (М2)  аудармада   
ықпал  жасай  алады.     
    Жоғарыда    айтылғандарды     қорыта   келе,  аударманың       мҽдениетаралық қарым  –  қатынаста    
ҿте    маңызды    рҿл    атқаратындығын      кҿруімізге      болады.Аударма      екі    халықты    жақындастыратын  
коммуникативті      процесс,  оның    маңыздылығын    ешкім    де    жоққа      шығара    алмайды.  Аударманың   
арқасында  халықтар  арасындағы  келісім  шарттар, екі   халықтың  ортасында  тҧрған  «кҿпір»  іспеттес  
болып   қазіргі  таңда  жҥзеге  асуда  жҽне  алдағы  уақытта  да  солай  болып   қала  береді. 
 
1.  Швейцер А.Д. Текст и перевод. - М., 1988. 
2.  Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Лингвострановедческая    теория     слова. - М.,1980. 
3.    Курманов  М.  Некоторые  вопросы   перевода    немецкой   поэзии   на  казахский  язык:  Автореф.  
дисс. ... к.филол.н. –Алматы, 2000. 
4. R.Lourie  and A.Mikhailov. "Why you`ll  never have fun in Russian".-The   New       York  Times Book 
Review, 18 June 1989, p.38. 
5.  Р.А.Унайбаева.  Перевод    в  процессе        взаимодействия          языков    и      культур.  Актуальные  
проблемы    межкультурной  коммуникации    и  перевода:  Материалы  международной      научно-
практической   конференции.- Алматы: КазГУМОиМЯ им.Абылай  хана, 2001-334с.-Издательский центр 
ТОО     "Айдана", 2001. 
6. Jäger G. Translation  and  translationslinguistic.Halle (Saale), 1975 
7.  Kade  O.Kommunikationswissenschaftliche    Probleme  der  übersetzung  //  Grundfragen    der  
übersetzungswissenschaaft: Beihefte  zur  Zeitschrift  Fremdsprachen. Leipzig, 1968. 
8.  Ю.М.Лотман.  О  метаязыке  типологических  описаний  культуры.-В  кн.:Труды  по    знаковым  
системам.ІV. - Тарту, 1969. С.460-477. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, №2 (36), 2011 ж. 
 
22 
                                         

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет