Т. В. Шевякова Редакциялық алқа мҥшелері



Pdf көрінісі
бет11/21
Дата15.03.2017
өлшемі1,8 Mb.
#9985
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

Тҥйін 
Тарихи-салыстырмалы  әдіс  әртүрлі  халықтардың  әдебиеті  мен  фольклорындағы  бейненің, 
сюжеттің тарихи дамуын, ұқсастығын анықтайды. Бұл тұрғыдан алғанда америка және азербайжан 
әдебиеті  салыстыра  зерттеуге  мол  материал  береді.  Автор  мақалада  Мир  Джалал  мен  Шервуд 
Андерсон шығармашылықтарындағы ұқсастық пен жақындыққа тоқталған.   
 
Summary 
The paper is dedicated to the literary activity of Sherwood Anderson, the outstanding writer of the USA 
in  comparison  with  Mir  Jalal  Pashayev,  the  famous  Azerbaijani  novelist,  short-story  writer  and  scholar. 
The  author  emphasizes  that  an  Azerbaijani  reader  almost  doesn‘t  know  the  American  writer  and  it  is 
necessary to popularize Anderson in Azerbaijan researching his works comparatively with such a national 
writer‘s like Mir Jalal.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология» сериясы, №2 (40), 2012 г. 
 
72 
 
З ТҤРКІ ТІЛДЕС ХАЛЫҚТАР ӘДЕБИЕТІ АРАСЫНДАҒЫ РУХАНИ 
САБАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ТЕКСЕРІЛУІ 
 
З.Жақсылықҧлы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент 
 
Қазақ  халқының  ұлттық  әдебиетінің  басқа  да  туысқан  немесе  кӛрші  халықтар  әдебиетімен 
рухани  байланысының  тамыры  тереңде  жатыр.  Мәдени-әдеби  байланыстың  шырқау  биігін  түркі 
тілдес  халықтар арасындағы  рухани сабақтастық мәселелерінен  іздеген  жӛн. Бір  бәйтеректің сан 
алуан  бұта-ғы  боп  ӛрілген  түркі  халықтарының  тағдырындағы  ортақ  мәселелер  тек  әлеуметтік 
немесе  экономи-калық  дамуда  ғана  емес,  мәдениет  тарихында  да  кӛрініс  тауып,  әдеби-рухани 
жақындастыққа да сеп болды. 
Қазақ  әдебиеттану  ғылымында  әдеби-рухани  байланысты  аталған  тақырып  айналасында 
зерттеп,  тексеріс  құралына  айналдырған  ғалымдар  шоғыры  қалыптасты.  Қазақтың  белгілі 
әдебиеттанушы  ға-лымдары  С.Сейітов  [1],  Р.Бердібаев  [2],  Н.Келімбетов  [3],  А.Мусинов  [4], 
Б.Ысқақов  [5],  Т.Тебегенов  [6],  С.Сүтжанов  [7]  және  т.б.  еңбектерінде  түркі  дүниесі 
руханиятының зәру мәселелерінің бірі ретін-де ӛлең-сӛз ӛнеріндегі (кӛркем әдебиет) сабақтастық 
жайы да тексеріс кӛзіне алынған. 
Әдеби  байланыстардың  түзілуін  зерттеуші  ғалымдардың  бірі  –  С.Сейітов  «Әдебиеттер 
достығы»  [1]  аталған  зерттеу  еңбегінде  қазақ-ӛзбек  әдеби  байланысының  қалыптасып,  ӛрбуіне 
ерекше  назар  ау-дарады.  «Бір  кітаптың  екі  беті»  (1961)  атты  мақаласында  қазақ-ӛзбек 
халықтарының бауырластығын, тағдырластығын Науаи – Абай, Хамза Хакимзада – С.Сейфуллин, 
Ғафур Ғұлам – Сәбит Мұқанов ара-ларындағы әдеби шығармашылық шеңберінде тексеріс кӛзіне 
алады. 
Ғалым пайымдауынша «Қазақ ақындарының ішінде Науаидың ұлылығын ең алдымен таныған, 
туысқан  елдің  ойшыл  перзентінің  есімін  зор  құрметпен  атаған»  бірінші  ақын  –  Абай.  Сонымен 
қатар  қазақтың  тілге  шешен,  сӛзге  жүйрік  ӛнерпаздары  Науаи  туындыларының  ізімен  «кейде 
жалпы ұзын ырғасын пайдаланып» ӛздері де кӛркем дүниелер (ӛлең-жырлар) тудырған. Зерттеуші 
С.Сейітов  тол-ғамынша  қазақ  пен  ӛзбекті  байланыстырар  ортақ  рухани  құндылықтар  екі  ұлттың 
тұрмыс-салт  жыр-ларында  жақсы  кӛрініс  тапқан.  Оған  мысал  ретінде  екі  жастың  үйлену 
тойларында айтылатын жар-жар ӛлеңін мысалға алады. Жоғарыда есімдері аталған екі халықтың 
ұлттық  мақтаныштары  –  ақын-жазушылар  достығын,  олардың  арасындағы  шығармашылық, 
ӛнерпаздық байланыстарды алға тар-тып, үлгі ретінде ұсынады. 
Филолог-ғалым  С.Сейітов  ӛз  зерттеулерінде  қазақ  сӛз  зергері  М.Әуезовтың  «Ӛзбек  әдебиеті 
қазір-гі  заман  әдебиеттінің  озық  үлгі-ӛнегесімен  молығып,  байыған  әдебиет»  [1,  95  б.]  деген 
пікірін  және  ӛзбек  суреткері  Ғ.Ғұламның  қазақ  әдебиеті  хақындағы  «Бұл  әдебиеттің  мазмұны 
қазақ жеріндей кең. Абай жырларындай нәрлі, сезімді. Бұл әдебиет қазақ халқының қыр гүліндей 
әсем, ақылындай пара-сатты. Бұл әдебиет туысқан бауырлардай болған ӛзбек халқына жақын, сол 
үшін  екеуінің  ақыны  да,  жазушысы  да  бір-біріне  ортақ»  [8]  деген  пайым-толғанысынан  үзіктер 
келтіріп ӛтеді. 
Ғалым зерттеуінше қазақ-ӛзбек әдеби байланыстарының ӛзгеше ӛң ала дамуы басқа салаларға 
қарағанда лирикалық поэзияда жаңаша сипат тапқандай. 
Екі халық әдебиетінің бір-біріне жақын келуі әсіресе, қазақ ақындарының Ӛзбекстан сапарындатың 
дүниелермен  толыға,  қаныға  түскен.  Мәселен,  Д.Әбілевтің  «Ӛзбек  –  ӛз  ағам»,  «Гүлстан», 
Х.Ерғалиевтың «Тағы да келдім Ташкентке!», «Зеравшан бойында», Ж.Молдағалиевтың «Сәлем, саған 
Самарқанд!»,  Ғ.Қайырбековтың  «Қос  жүрек»,  «Дилижан»,  сондай-ақ  Т.Жароковтың, 
Ғ.Ормановтың,  С.Мәуленов-тың  және  т.б.  ақындардың  ӛлеңдері  Ӛзбекстан  сапарынан  соң 
туындаған шығармалар екен. 
Қарымта  шығармашылықта  ӛзбек  ақын-жазушыларының  қарап  қалмағаны  да  белгілі.  Соның 
дәле-лі  Абдулла  Қаппар,  Асхад  Мухтар,  Ғафур  Ғұләм,  Зульфия  т.б.  жинақтары  Қазақстан 
баспаларынан жарық кӛрген.  
Қазақ-түркі  халықтары  арасындағы  әдеби  байланыс  мәселесін  тексеруде  С.Сейітовтің 
қаламынан  туған  мақалалардың  бірі  –  «Шығыс  Шиллері»  (1959)  аталады.  Мұнда  түркімен 
әдебиетінің  классигі  Мақтымұлы  Фраги  ақындығына  барлау  жасалған.  Фраги  суреткерлігін 
әңгімелемес  бұрын  С.Сейітов  ӛзіне  дейінгі  айтқан  пікір-пайымдаулар  мен  ақынға  берілген  баға-
байламдарға тоқталып ӛтеді.  
Артына он тӛрт мың жолдай ӛлең-жыр қалдырған Мақтымқұлы туындыларының тақырыбы мен 
идеялық  мұратына,  шығармаларының  кӛркемдік  ерекшеліктеріне  талдау  жүргізе  келе  ғалым 
С.Сейітов  ақын  шығармаларын  ана  тілімізге  тәжімеленген  Ғ.Орманов,  Ғ.Қайырбеков 
аудармаларының  қазақ  оқырмандарының  жүрегінен  орын  тапқандығын,  «тӛл  әдебиетіміздің 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология» сериясы, №2 (40), 2012 г. 
 
73 
 
туындыларының  бірін  оқып  отырғандай,  әсер  алатынымызды»,  «тілге  жеңіл,  жүрекке  жылы 
тиетін» жақындығын айтып ӛтеді. Зерттеуші тұжырымынша: «Туыс елдің саңлақ ақынының сұлу 
сырлы,  сырбаз  жырларын  қазақ  оқу-шылары  жылы  шыраймен  қабылдап,  ӛзінің  қолтума 
дүниесіндей қадірлейді [1, 196 б.]. 
Қазаққа  бір  сүйем  жақындау  қарақалпақ  халқымен  арадағы  рухани  байланыстар  мәселесіне 
кел-генде  С.Сейітов:  «Біздіңше  қарақалпақ,  қазақ  халықтары  жӛнінде  «екінің  біріндей,  егіздің 
сыңарын-дай»  деген мақалды қолдану әбден лайық» [1, 197 б.] – дейді. 
Қарақалпақтың  белгілі  классиктері  Бердақ  Қарғабайұлы,  Күнқожа  Ибрайымұлы  сияқты 
шайырла-рының  әдеби  дәстүрлерін  дамытқан  берідегі  А.Мусаев,  А.Бегимовтардың  ізін  ала 
Ж.Аймырзаев,  Ж.Жапақов,  Қ.Досанов,  И.Юсупов,  А.Дабылов,  С.Нұрымбетов  және  басқалардың 
Қазақстан туралы, қазақ халқы туралы ӛлең-жырларының мән-маңызына жіті үңіледі. 
Екі  халықтың  арасындағы  достықты,  ағайын-бауыр  сынды  болған  жарастықты  кӛркем 
әдебиеттің  лирика  жанрында  ақындарымыз  қалай  суреттей  алды  деген  мәселелер  тӛңірегінде  ой 
қозғайды. Қос халық әдебиетінің шығармашылық байланыстарына үлгі ретінде қарақалпақ ақыны 
Тілеуберген Жұмамұратовтың: 
Қазақ досым, келсең біздің араға, 
Бӛтенмін деп ӛзіңді әсте санама! 
Түсінбеспін қарақалпақ тілін деп, 
Байқаусызда бізден тілмаш сұрама! [9, 348 б.] 
– деп келетін жыр шумақтарын мысалға келтіре әңгімелейді. 
Түркі тілдес халықтар елдері әдебиетінің тарихын зерттеуге тереңдеп барған ғалымдардың бірі 
–  ҚР  ҰҒА-ның  академигі,  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Рахманқұл  Бердібаев. 
Оның  «Байқалдан  Балқанға  дейін»  аталған  зерттеу  еңбегі  [2]  тұтасымен  дерлік  түркі 
халықтарының тарихы мен этногенезі, мәдениеті мен әдебиеті мәселелерін тексеруге арналған. 
Еңбекте  саха,  алтайлықтар,  ұйғыр,  хакас,  тува,  ұйғыр,  қырғыз,  ӛзбек,  қарақалпақ,  түрік, 
түркмен,  башқұрт,  ұйғыр,  татар,  ноғай,  құмық,  қарашай,  малқар,  қараим,  әзірбайжан,  қырым 
татарлары,  месхет  түріктері  сынды  ұлттар  мен  ұлыстар  ӛмірінің  тұрмыс-тіршілігі  мен  ӛткен 
тарихынан және бүгінгі тынысынан біраз мәліметтер берілген. Бұл еңбектің екінші бір құндылығы 
түркі  халықтарының  халық  ауыз  әдебиетінің  үлгілеріне  және  поэзиялық  шығармаларының 
ерекшеліктеріне әдеби, тілдік талдаулар жүргізілген.  
Р.Бердібаевтың  «Рухы  жығылмаған миллет» атты  жазбасы [2, 172 б.] қазақ-татар арасындағы 
рухани туыстықты дәріптеуге арналған. Патшалық Ресейдің шоқындыру зардабын әбден тартқан 
татар халқының бірнеше бӛлікке ұшырап, жан-жаққа тарыдай шашылған тарихи-саяси тағдырына 
шолу жүргізе келіп ғалым Астрахан, Қырым, Литва, Еділ татарларының құрамында кӛптеген кӛне 
қазақ  руларының  (мысалы,  найман,  жалайыр,  қоңырат,  үйсін,  қыпшақ,  тоқсаба,  табын  т.б.) 
ұшырай-тынына үлкен мән береді.  
Бұл  еңбектің  екінші  бір  құндылығы  түркі  халықтарының  халық  ауыз  әдебиетінің  үлгілеріне 
және поэзиялық шығармаларының ерекшеліктеріне әдеби, тілдік талдаулар жүргізілген. Мәселен, 
«Саха  деген  халық  бар»  деген  жазбасында  сахалардың  патшалық  Ресейдің  қол  астында  бодан 
болғалы  шын  есімінен  айырылып  «якут»  аталғанын,  ӛздерінің  жаппай  шоқындырылып,  аты-
жӛндерінің орысша жазылып, әбден тоқырауға ұшырағанын айта келе, олардың бұл күнге жеткен 
«олонхо» аталып кет-кен батырлар жырының табиғатына назар аударады. Олонхолардың ішіндегі 
ең  кӛлемдісі  (отыз  мың  жолдан  асады)  «Нұрғын  батыр»  («Дьулуруйар  Ньурчун  боотур») 
жырының  кӛркемдік  қуатын  жоғары  бағалайды.  Тағдыр  тәлкегімен  Қиыр  Солтүстіктен  бір 
шыққан  сахалардың  (якут)  бір  замандарда  Оңтүстікте  ӛмір  сүргендігін  аталған  жыр-дастан 
мазмұнынан  аңғаруға  болатындығын  автор:  «Якут-тардың  бір  заманда  Оңтүстікте  ӛмір 
кешкендігіне қосалқы дәлелдер осы олонходан табылады. Жырда оты мол, шуағы мол, жыл он екі 
ай  суық  түспейтін  ӛлкенің  ӛсімдігі,  жан-жануары,  тұрмыс-тіршілігі  бейнеленеді»  [2,  5  б.]  –  деп 
атап ӛтеді. 
Академик Р.Бердібаевтың аталған тақырыптағы зерттеулері кейінгі жас буынға әдеби, ғылыми 
сонылығымен ізашар, жол сілтер еңбек есебіндегі қызметі шексіз деген ойдамыз. 
Егемен еліміздің тәуелсіздігін әлемде алғашқы боп таныған ел – Түркия мемлекеті. Қазақ-түрік 
әдеби,  мәдени  байланыстарының  шын  мәніндегі  даму,  қарыштау  сәттері  де  тәуелсіздік 
жылдарынан кейін бастау алса керек.  
Екі  ел  арасындағы  экономикалық,  саяси-әлеуметтік  келісімдер  әдеби-мәдени,  рухани 
құндылық-тарға ӛз әсерін тигізіп, жемісін бере бастады. 
Әдебиеттанушы  ғалым,  профессор  Т.Тебегеновтің  «Шетел  әдебиеттері  тарихы»  оқу  құралы 
кіта-бында  [6]  Үндістан,  Иран  сынды  Шығыс  елдері  әдебиетінің  тарихымен  қоса  Түркия 
мемлекетінің  де  әдебиеті  тарихы  мәселелері  де  батыл  қозғалған.  Лирика  жанрын  дамытушы 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология» сериясы, №2 (40), 2012 г. 
 
74 
 
Фарук,  Нарфыз,  Орхан  Сейфи,  Юсуф  Зия  және  т.б.  ақындарды  халықтың  байырғы 
шығармашылық  мұраларын  игеруші,  дәс-түр  кӛздерін  жалғастырушы  ақындар  есебінде 
қарастырады.  
Ғалым Т.Тебегенов тексерісінде Яхья Кемал (1884-1959 жж.) – түріктің классикалық әдебиетін 
жаңғыртушы декаденттық сарынның белгілі ӛкілі саналса, Ахмет Хашим (1885-1933 жж.) – түрік 
поэ-зиясындағы символизмнің негізін қалаушы ақындар санатына жатады. XIX-XX ғасырлардағы 
түрік  поэзиясының  ӛркендеп-қарыштауында  Фикрет,  Омер  Сейфеддин,  Хамид  Тархан  және 
басқалардың  енгізген  жаңалық-нышандары  ғалым  еңбегінде  басқа  да  әдеби  жанрлар 
сабақтастығымен бірлестікте қарастырылады. 
Түрік  әдебиетінің  кӛрнекті  тұлғасы,  кеңестік  жүйеге  кеңінен  танымал  болған  Назым  Хикмет 
Ран-ның  шығармашылығын  таразылауда  зерттеуші  Т.Тебегенов  әлемге  әйгілі  суреткердің 
кӛркемдік-шығармашылық  ізденістерін  қазақтың  жаңашыл,  кӛрнекті  ақындары  С.Сейфуллин, 
І.Жансүгіров, Қ.Аманжолов шығармашылықтарымен тең кӛреді. 
«Назым Хикмет шығармашылығы туралы бағалауда,  – дейді автор, – замандық кӛзқарастарда 
іркі-лістер бар. Бірақ қазақ поэзиясының тұтас бір буыны сүйіп оқыған ақынның мұрасын толық 
оқып үйрену – сӛз ӛнері тарихын игерушілер үшін пайдалы істердің бірі» [6, 34 б.] – дейді ғалым. 
Қазақтың  белгілі  қаламгерлері  Ж.Саин,  Т.Жароков,  Қ.Жармағамбетов,  Ж.Сыздықов, 
Т.Әлімқұлов,  Ж.Молдағалиев,  С.Мәуленов,  І.Мәмбетов,  М.Әлімбаев,  Қ.Жұмағалиев  т.б. 
ақындардың  Назым  Хикмет  туындыларын  жаппай аударып, әр  кезеңде  қазақ  тілінде  сӛйлетуінен-ақ 
әйгілі суреткердің қазақ елін-де қаншалықты кеңінен таныс болғандығын және қандайлықты құрметке 
ие екендігін аңғаруға болатындай. 
Ежелгі түркі поэзиясының және қазақ әдебиетінің бастау-бұлағын тексеруші ғалымдардың бірі 
–  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Немат  Келімбетов  ӛзінің  «Түркі  халықтары 
әдебиеті»  атты  оқулық-хрестоматиясында  [3]  түрік  әдебиетінің  ӛткені  мен  бүгінгі  дамуына 
сипаттама  бере  келіп:  «Ең  бастысы  –  түрік  және  қазақ  әдебиеттерінің  тарихи  тамыры  ортақ, 
шыққан тегі, яғни қайнар бастауы бір екенін ескергеніміз жӛн» [3, 214 б.]  – деп атап ӛтеді қазақ-
түрік әдебиеттерінің арғы тари-хы хақында. 
Түркі тілдес ағайынның бірі – қырғыз әдебиетінің тарихын зерттей келе ғалым Н. Келімбетов 
XIX  ғасырдың  соңы  мен  XX  ғасырдың  басында  ӛмір  сүрген  халық  ақыны  Тоқтағұл  Сатылғанов 
ӛмірі  мен  шығармашылығына  тереңнен  назар  аударады.  «Ерлік  пен  ӛрлікті,  қайсарлық  пен 
ӛжеттікті  ӛз  толғау-ларына  ӛзек  еткен  қырғыз  ақыны  Тоқтағұл  жырлары  қазақтың  жалынды 
ақыны Махамбет ӛлеңдері-мен үндес, сарындас болып келеді» [3, 132 б.] – деп ой түйеді автор.  
Зерттеуші  пайымынша  Махамбеттің  ежелгі  дұшпаны  Баймағанбет  сұлтанға  айтқан  монологы 
мен  Тоқтағұлдың  қырғыздың  үстем  тап  ӛкілдеріне  (манап-бектерге)  айтқан  толғау-жырларында 
екі халықтың ӛмірі мен ӛнеріндегі сабақтастық мәселелері айқын аңғарылады. Тоқтағұлдың: 
Ел едік біз ежелден, 
Қазақ, қырғыз бір туған. 
Туысқан елді қасқырлар 
Бір біріне қас қылған [3, 132 б.] 
–  деп  келетін  монологын  ғалым  Н.Келімбетов:  «Ақын  қырғыз  бен  қазақ  халықтарының  сан 
ғасыр-лар бойы үзілмей келе жатқан достығын нақтылы түрде, тарихи деректерге сүйене отырып, 
мейлінше шеберлікпен жырлайды» – деп тұжырымдайды. 
Махамбет Ӛтемісұлының күрескерлік рухтағы дәстүрі башқұрт поэзиясында үлкен құрметке ие 
Салауат Юлаев поэзиясында да сипат тапқанын Н.Келімбетов: «Екі ақынның да ӛмірдің оғындай 
ӛткір, лепті, қанатты жырларындағы сӛз қолданыстары, тіпті кейбір ӛлең шумақтары бір-біріне ӛте 
ұқсастығы  кӛп  жәйтті  аңғартқандай  болады»  [3,  132  б.]  дейді  ғалым.  Зерттеуші  түйіні:  «Мұның 
ӛзі,  ең  алдымен,  түркі  тілдес  халықтардың  сан  ғасырлар  бойы  үзілмей  келе  жатқан  кӛркемдік 
дәстүр жалғас-тығынан туындап жатса керек». 
Туысқан  халықтар  әдебиетінің  тарихын  бір  кісідей  тексерген  ғалым  С.Сейітовтің  «Биікке 
күндей  болып  кӛтеріліп»  (1966)  [9,  305  б.]  атты  зерттеу  мақаласында  татар  халқының  үлкен 
ақыны,  ӛмірінің  басым  бӛлігін  Қазақстанда  (Орал  қаласында)  ӛткізген  Ғабдолла  Тоқай 
шығармашылығы  тереңнен  қозғалып,  кеңінен  әңгімеленеді.  Ғ.Тоқайдың  «Біздің  жырларымыз» 
(1907)  атты  мақаласында  кездесе-тін:  «Менің  қолымда  қазақтың  ӛлеңі  тұр.  Қазақ  ақыны  ӛзінің 
сүйген  жарын  қалай  әсем  жырлайды  десеңізші!»  –  деп  келетін  ой-толғанысының  қазақтың  қара 
ӛлеңіне қатысты айтылғанын С.Сейітов жоғарыда аталған жазбасында баяндап ӛтеді.  
Қазақ  арасында  ӛзінің  ӛлең-жырларымен  кең  танымал  болған  Ғ.Тоқай  туындыларын 
С.Торайғыров, Ж.Сыздықов т.б. ақындар аударып, кеңінен насихаттап отырған. С.Сейітов пікіріне 
ден  қойсақ  С.Торайғыровтың  «Сүйемін  туған  тілді  –  ана  тілін»,  С.Сейфуллиннің  «Сыр  сандық» 
сынды ӛлеңдерінде Ғабдолла Тоқайдың шығармашылық ықпалы барлығы айтылады [9, 317 б.]. Ӛз 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология» сериясы, №2 (40), 2012 г. 
 
75 
 
дәуірінде Ғабдолла Тоқайдың шығармашылық дәстүрі мен рухани әсері тек қазақ ақындарына ғана 
емес, сонымен бірге ӛзбек, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ қаламгерлеріне де жаңа серпін бергенін 
ғалым ӛз еңбегінде бажайлап ӛтеді. 
Қазақ  және  түркі  халықтары  әдебиетінің  типологиялық  сипаты  әдебиеттанушы  ғалым 
С.Сүтжанов-тың  филология  ғылымдарының  докторы  дәрежесін  қорғау  еңбегінде  [7]  біршама 
қанық сипат тапқан. Бұл еңбекте XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ және түркі халықтары 
әдебиетінің  типология-лық  сипаты  әдеби  байланыстар,  тарихи-мәдени  процестер  ауқымында 
алынып,  кеңінен  қарастырыла-ды.  Шығармашылық  үндестік  және  кӛркемдік-эстетикалық 
ерекшеліктер  мен  азаттық-ағартушылық  арнадағы  алмасулар  да  аталған  ғалым  еңбегінің  түпкі 
ӛзегі боп тартылған. 
Жалпы алғанда, кӛркем әдебиеттің лирика жанры бойынша қазақ және түркі халықтары әдеби-
мәдени  және  рухани  байланыстарының  пайда  болу,  қалыптасу,  даму,  жетілу  жолдарының  ӛткен 
тари-хы  жайындағы  зерттеулер  мен  толық  қанды  ғылыми  еңбектердің  әлі  де  болса  жетімсіздігі 
байқалады.  
Қазақ  және  түркі  халықтары  әдеби-мәдени  һәм  рухани  байланыстарын  лирика  жанры 
саласындағы  басты  белгі-нышандары  бойынша  тексеру,  арнайы  қарастыру  –  бүгінгі  ұлт 
әдебиеттану ғылымының зәру мәселелерінің бірі боп табылса керек-ті деген ойдамыз. 
Бір  бәйтеректің  сан  алуан  бұтағы  боп  ӛрілген  түркі  халықтарының  тағдырындағы  ортақ 
мәселелер тек әлеуметтік немесе экономикалық дамуда ғана емес, мәдениет тарихында да кӛрініс 
тауып, әдеби-рухани жақындастыққа да сеп болмақ. 
 
1. Сейітов С. Әдебиеттер достығы. – Алматы: Жазушы, 1965. – 272 б. 
2. Бердібаев Р. Байқалдан Балқанға дейін. – Алматы: Қазақстан, 1996. – 256 б. 
3. Келімбетов Н., Қанафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. – Алматы: Рауан, 1996. – 256 б.  
4. Мусинов А. Казахско-киргизские литературные связи. – Алма-Ата: Наука, 1974. – 160 с. 
5. Ысқақов Б. Қазақ-татар әдеби байланысы. – Алматы: Ғылым, 1976. – 175 б. 
6. Тебегенов Т. Шетел әдебиеттері тарихы.  – Алматы:  Республикалық баспа  кабинеті, 1996.  – 
102 б. 
7.  Сүтжанов  С.  ХХ  ғасырдың  алғашқы  ширегіндегі  қазақ  және  түркі  халықтары  әдебиетінің  
типология-лық сипаты // ф.ғ.докт. ...автореф. – Алматы, 2006. – 64 б. 
8. Қазақ әдебиеті // 1960 ж., 23 сентябрь. 
9. Сейітов С. Туысқандық туғызған. – Алматы: Жазушы. 1979. – 304 б. 
 
Резюме 
В  этой  статье  уделяются  внимание  образованию  и  истории  исследования  тюркской 
литературной связи.  
 
Summary 
The article is about formation and history of investigation of the Turkish literary connection. 
 
ҚАЛАМГЕРДІҢ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕМІН ТАНЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ 
 
А.Д. Ибраева – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің аға оқытушысы, филол.ғ.к. 
 
Белгілі бір шығарманың жазылуы ұзақ ізденістің нәтижесі екені анық. Алғашқыда тақырыптың 
белгіленуі, түрлі арналардан мәліметтердің топтастырылуы, жиналған деректерді қорытып, белгілі 
бір идеяға бағындыра отыра кӛркем жинақтау негізінде жазылары анық. Осындай жазу үрдісінде 
жазушының ӛзіндік ұстанған бағыты, тәжірибесі айқындалады. Ал қалыптасқан ӛзіндік ерекшелігі 
ешбір қаламгерге ұқсамауы әбден мүмкін. Мұның себебі әр адамның ӛзгеге ұқсамас мінезі тәрізді 
ӛзіндік  дәстүрі,  тәжірибесімен  тікелей  байланысты  болуы  мүмкін.  Қаламгердің  әдеби 
шығармашы-лық  әлемі  дегенде  ең  алдымен  жазушының  осындай  ӛзіндік  тәжірибесін  атауға 
болады.  Бұл  шығарма-ны  жазу  туралы  ойтүрткінің  пайда  болуынан  бастап,  соңғы  нүктесі 
қойылғанға дейінгі кезеңді қамти-ды. Шығармаға тақырып табу, түрлі арналардан материал жинау 
дағдысы,  деректерді  сұрыптау  тәріз-ді  мәселелермен  қатар,  жазушының  ӛмір  жолы,  әдебиетке 
келу  жолы,  белгілі  бір  шығармасының  жазылу  тарихын  сӛз  етерде  осы  шығармасымен 
тақырыптас,  ӛзге  туындылармен  сабақтастығы,  ӛзі  тұстас  қаламгерлермен  шығармашылық 
байланысын терең меңгеру қажет. Бұл жазушының шығарма-шылық тәжірибесінің ұшталуына ӛз 
әсерін тигізген туындыларын айқындау үшін қажет.   
Жазу үрдісіндегі қаламгердің кӛңіл-күйі, жазу машығы, талап-талғам деңгейі деген мәселелер 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология» сериясы, №2 (40), 2012 г. 
 
76 
 
де  шығармашылық  әлеміне  қатысты  болып  келеді.  Шығармашылық  жұмыс  үстіндегі  әр 
қаламгердің  ӛзіндік  жазу  тәсілі  қалыптасатындығы  анық.  Бір  қаламгерлер  шығарманы  жазу 
үстінде  сурет  салған-ды  ұнатса,  енді  біреулері  ән  салғанды  ұнатады.  Жазу  үстіндегі  кӛңіл-күйге 
қатысты қойылған сұрақ-тарды қаламгердің кейбірі қатты ұната қоймайтындығы белгілі. Бұл жеке 
шығармашылық  құпиясына  қатысты  мәселелерге  ӛзгелердің  куә  болғанын  қаламағандықтан 
туындаса  керек.  Бұл  мәселелер  бір  жазушының  жекелеген  шығармасына  қатысты  кӛзқарасын 
танытумен  қатар,  сол  шығарманың  құнды-лығын  таныту  үшін,  қаламгерлік  тәжірибе  алмасуға 
әкеледі.  
Шығармада  суреттелетін  дәуір  шындығын,  сол  кезеңнің  әлеуметтік  сипатын  анықтап  алуда 
жазу-шы жиналған деректерді іріктейді. Ӛмір дерегін жинақтап, сұрыптаудан ӛткізу шығарманың 
идеясы-мен  байланысты  жүзеге  асады.  Бұл  жиналған  мәліметтердің  шығармаға  барлығы  бірдей 
пайданыла  бермейтіндігін  кӛрсетсе керек.  Екінші  жағынан ӛмір шындығы  жазушы елегінен ӛтіп 
барып,  кӛркем  шындыққа  айналатындығын  байқатады.  Ӛмір  шындығын  тұтастай  кӛркем  ӛнер 
заңдылығына  орай  игерудегі  жазушы  шеберлігі  әр  алуан.  Шығарма  егер  тарихи  тақырыпқа 
арналар  болса,  тарихи  кезең-ге  қатысты  түрлі  еңбектер,  мұрағаттық  жазбалар  мен  қатар, 
куәгерлердің  естеліктерін  кеңінен  қолда-нуы  әбден  мүмкін.  Ал  жоспар  жасауда  жиналған 
материалды екшеленіп, іріктеледі. 
Бұл  ретте,  кӛркем  бейнені  толыққанды  етіп  танытудың  белестері  ретінде  кейіпкер  болмысын 
про-тотип  негізінде  суреттеу  болып  табылмақ.  Болашақ  кейіпкердің  жалпы  бітімі,  тұлғасын 
танытатын ӛмір дерегін зерттеп, ой елегінен ӛткізу суреткерлер тәжірибесімен тығыз байланысты. 
Кӛркем  бей-неге  түптұлға  болатын  адамның  бойындағы  кейбір  мінез-құлық  алынбай,  оның 
орнына  басқаларда  кездесетін  іс-әрекеттер  суреттелуі  мүмкін.  Бұл  кӛркем  ӛнердегі  жинақтау, 
типтендіру  тәрізді  мәселе-лерімен  байланысты,  сондай-ақ  шығарманың  алдына  қойған  мақсаты, 
идеясымен байланысты болса керек. Прототипті кӛркем образға айналдыруда қаламгердің ӛзіндік 
қалыптасқан тәжірибесі бар. 
Шеберлік  ұғымы  тек  тек  жазушы  таланты  ұғымымен  шектелмеуі  тиіс.  Бұл  жерде  ой  мен  сӛз 
жүйе-сі, жазушы сӛз саптамы, шығармаға сюжет табу, композиция құру мәселелері де қарастыруға 
болады.  Мұның  барлығы  ӛмір  дерегінің  кӛркем  шындыққа  ұласу  жолына  алып  келеді. 
Қаламгерлердің  бұрын-соңды  жарық  кӛрген  туындыларын  ӛңдеп,  шыңдай  түсудегі 
шығармашылық ізденістері де қаламгер-дің әдеби шығармашылық әлеміне алып келді. Автордың 
жарияланған  шығармасына  тың  толықтыру-лар  енгізіп,  қайта  қарауының  себебі  жазушының 
ӛзіндік жауапкершілігінде болуы керек.   
Бұл аталған мәселелердің қай-қайсысы болса да қаламгердің шығармашылық әлеміне бойлауға 
алып баратын бағыттар. Әрқайсысы да  жеке алдына зерттеуге тұрарлықтай үлкен мәселелер.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет