|
Таң атпай тағат таппай Кездессем деп
1
Көктем келді,
Қ
ауыштым өлеңіммен.
Бұрынғыдан
еректеу бөлек үнмен.
Елеңдеймін
таң атпай тағат таппай -
Кездессем деп
көксеген керегіммен.
Көктемменен
келетін сұлулықтың,
Келіп тұрса
керемет жырын ұққың.
Құ
шағына
еніп көр ебін тауып -
Жүрегіңді
жібітер жылылықтың.
Мейір қанып
сүйсінер үн іздейсің,
Басылмайды
құ
марың күн үзбейсің.
Аспан асып
жолығар жұлдыздармен -
Айы ұйқыда,
таңы алыс түн іздейсің.
Ақ қағазда
қ
ауышып қажетіммен,
Тамашаға
таусылмас тәбетіммен.
Жабырқаған
жанымды жұбатамын -
Әсемдікке
көп әуес әдетіммен.
Босаң белбеу
«қатпаған бұғананы»,
Шындықпен
ширатып жұбанамын.
Барын көріп
айбалта-әділдіктің -
Арқа сүйеп
нәр тауып қуанамын.
Керек пе
өмір өзіңді боқтап өтер,
Қ
арытатын
көзіңді шоққа бекер.
Қ
ажет емес -
тежелмей қамшыға бас,
Жүйрік тап та
тоқтамай жоққа жетер.
Осал жерін
жыр-өмір өткелінің,
Қ
аһарымен
қ
атайтып көк бөрінің.
Жаратқанның
жазылған жарлығына -
Өкінбеймін,
пенделік - өкпелімін.
Таптым-дағы
тұлпарды, қолда қамшы,
Өкпек ұрып
жуса да жүзді тамшы.
Әділетпен
әлденіп атқа қондым -
Жерде қалмас
шабысым желге қарсы.
2
Көктем
келіп оятты шабытымды,
Аялдамай
алға тарт, ағыт үнді.
Жүрегімнің
жүгініп жолдауына,
Молдауына
түзеймін бағытымды.
Әз көктемім
көңілге гүл еккізген,
Қ
ауыштырып
құ
шақтап жыр өкпізген.
Талғамына
табынар шабыт шақты -
Көктемімді
күтумен жыл өткізгем.
Мәз көктемім
әлемді әрлендірген,
Сағындырған
самалы дәурен күннен.
Салқын тартқан
самарқау наз-жүрекке -
Қ
уат беріп,
қ
уантып, әлдендірген.
Ән көктемім
әдемі әуен ескен,
Мәңгі шырша
майыспай мәуелі өскен.
Тұлпар-шабыт
тұр міне еріттеліп -
Өткен жылғы
белесте уәделескен.
3
Жолға шықтым
дән таптым егілмеген,
Таң қаламын
тасыды көңіл неден.
Қ
ыста-дағы
көз сүзіп жүруші едім -
Біле алмадым
ол қалай көрінбеген.
Тауға шықтым
тап болдым, таңданамын,
Жыр боп жатты
жар тастың салған әні.
Құ
здан құлап
шың-бүлақ аққан сайын -
Шақырады
шырқауға арман әрі.
Қ
алықтаймын
биіктен нұр қараймын,
Жолын күтіп
жолығар жыр-арайдың.
Тауда жұтып
армансыз таңғы ауаны,
Құ
шақтастым
көркімен құралайдың.
Ән естілді
жібіген жылғалардан,
Жылжып аққан
тау суы - тұнған арман.
Шомылдырып
жырымды, шапағатты -
Күткендеймін
тұғырлы тұлғалардан.
Білгің келсе
бойдағы талғамыңды,
Сымбатыңды
сұлулық салмағыңды.
Таңсәріде
шомылған таудың суы -
Тауып берер
айнымас арманыңды.
Күзде тудым
көктемнен нәр аламын,
Бүршік атқан
бау-бақты араладым.
Ем-шипасын
көктемнен күтіп жүрем -
Жүректегі
бір жылғы зіл-жараның.
4
Мамыр-күн
Жаныма жеткенде,
Шабыт-жыр
Еске сап өткенді.
Оянып сезімім қайтадан,
Қ
уанып
Құ
штым-ау көктемді.
Көктемім
бұлбүлым, сұлуым,
Өлеңім -
жаңа төл - құлының.
Өзіңе қосылса әуенім -
Бұзбайды
ол әнді бұл үнім.
Қ
ысылма
бозарған шашымнан,
Көңілім
тазарған ашылған.
Бұзықтық
болмаған ешқашан,
Балалық
базары басылған.
Жақсыға
құ
штармын жасымнан,
Құ
марлық
аспаған басымнан.
Жүрегім жұмсара береді -
Таңменен
табылсаң қасымнан.
Ойтұлпарым
Алысып ауыздықпен,
Жан суарар
жыр-нөсер - жауын күткен.
Шөліркеуі
жүректің судан болса -
Қ
андырмай ма
құ
марын қауым біткен.
Шабыт-тұлпар
тізгінін жұлқылайды,
Мүмкін сені
байқайды, құр сынайды.
Ертоқымның
айылын тартпай жатып -
Қ
ызуынан
жыр буы бұрқырайды.
Ілектіріп
Үзеңгіге аяғыңды,
Салғың келсе
балқытқан баяғы үнді.
Тауға қарай
тұлпарды бұрып алып -
Сілтеші-ай бір
қ
амшыңды - қаламыңды.
Өрге қарай
екпінің өршігенде,
Шабыс-шамаң
шаршайды-ау, келші демге.
Тауға шабу
тоқтаусыз, қиын, білем -
Тежеген жөн
тізгінді, тершігенде.
Белгісіз «дерт»
басыңа байланады,
Көзді
басып күңгірттеп айналаны.
Қ
алың
бұлттың қабағы ашылмайды -
Шатырламай
жыр-нөсер найзағайы.
Есігімді қағып жатқан,
Дыбыстан ба, ояндым.
Досты көріп тықылдатқан,
Қ
орқынышты жоя алдым.
Кір, төрге шық, отырайық,
Жөн-ақ екен, келгенің.
Достар үшін сол лайық -
Сүйіп жесе бергенін.
Ақ көңілмен аялайын,
Кемім болса сынама.
Мен барымды аямайын,
Сен жоғымды сұрама.
Сыбағаның бұйырғаны,
Несібенің барлығы.
Тілегіміз тыйылмауы -
Сыйластықтың жарлығы.
Қ
алжыңдасып, қауқылдасып,
Ән де кетті арада.
Алаңсыз бір мауқын басып,
Достар үйге тарады.
Тәуба тұтам
барына тірегімнің,
Бұлан күші
өзіңсің білегімнің.
Ортаң
менен ордаңа отты болу -
Таңдаулысы
тәңірден тілегімнің.
Ойың
шырқау, биікте бала кезден,
Бойыңдағы
жыр-арман дала кезген.
Өтіп жатқан уақыт өзеніне -
баға беріп
Қ
арайсың дара көзбен.
Алға тарттың
әлсіздік байқалмады,
Шаршасаң да,
шамаңнан шайқалмадың.
Жүк қалдырмай
өреге жеттің-дағы -
Ноқталадың
нарықтың нар-тайлағын.
Өрең биік,
Білімің бөлек-ерек,
Еркелемей
есейдің, береке көп.
Бүгін, міне
ақылшым, ағамдайсың -
Арқа тұтып
атаймын Ереке деп.
Күшейтіп күдіктерін
жігіттердің,
Сүзіліп көз салуға
үгіт бердің.
асты-үстің, сауырың да,
Барлығын да -
көрсетіп көрінгенге
«жығып» бердің.
Ілегіп тұр мықынға
шалбарлары,
Киінбейтін не қылған
жандар бәрі.
Қ
айран бүйрек, ішек-қарын,
бел, омыртқа -
Сау дегенге сенбеңдер
жалған бәрі.
Бар ма айтарың айгөлек,
әңгүдікке,
Шала көйлек, етек жоқ -
сәнділік пе.
Өзің ғана оңаша көрер
жерің -
Жұмбақ болып қалсын да,
мәңгілікке.
Байтақ ауыл
барлығы қуанышты,
Құ
шағына
қ
ысуға құрақ ұшты.
Сарыдаланың
ширатып шежіресін -
Еңсердіңіз
еңселі бұлан істі.
Ізгіліктің
уызын қанып ішкен,
Азаматтың
асылын танып өскен.
Жылуынан
нұры мол жүрегінің -
Ізіндегі
жандарға жалын ескен.
Жібек жолдың
жаңғырып керуені,
Тас жүрегі
тарихтың еріп еді.
Басталғанда
сапары Ұлы жерден -
Жол сілтеген
шығысқа өзің едің.
Ұ
лытау үні -
өнердің шың-бұлағы,
Қ
андыратын
халықтың жыр-құлағын.
Сәніменен
көктемнің сәйкес санап,
Тауып бердің
таланттың бұлбұл әнін.
Байқоңырдың
дауысын аспандатып,
Үні жеткен
әлемге жатқан қашық.
Өрелі іске
өңір де шаттанғаннан -
Күйін төкті,
әуеге әнін шашып.
Өлкеміздің
суытпай шоқ жалынын,
Тарихымен
табысты от-дарының
Қ
ор сандығы
қ
алыңдап, салаланып -
Мұрағатты
молайтты қосқан үнің.
Сақтайды елі
санада айғақтысын,
Көтереді
көгіне салмақты ісін.
Анық айтып,
марқайтып, мақтап жатыр -
Ұ
лытау мен
Жезқазған құрметтісін.
Мұқалмасын
қ
аламың - бас қаруың,
Тәңір берген
танымал асқақ үнің.
Жұмбағы көп
жеріңді зерттей бер -
Аясында
Жезқазған аспанының.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|