Табиғи және жасанды негіздер



Дата27.06.2022
өлшемі13,56 Kb.
#37335

Табиғи және жасанды негіздер
Негіздер және іргетастар маңызды дәрежеде ғимараттардың беріктігі мен табандылығын анықтайды.
Табиғи негіз деп іргетастың астындағы жататын және ғимараттың жүктемесін қабылдайтын топырақтың қалыңдығын айтады.
Егерде топырақтың табиғи салмағы құрылыста арналған объектінің жүктемесін қабылдай алмаса, топырақты ауыстырыды, нығайтады немесе инженерлі амалдардың (қада, түсірілмелі құдықтар және т.б.) көмегімен жүктемелерді аса жікке түсіреді, ондай негіздерді жасанды деп атайды.
Іргетастар – ғимарат құрылымының төменгі, жер астындағы бөлігі. Олар мықты, аязға және суға төзімді, ұзақты және де идустриялыд, үнемді болу керек.
Іргетастың негізін қалау тереңдігі деп іргетастың табанынан бастап жердің жоспарланған бетіне дейінгі қашықтықты санайды.
Іргетастар келесі белгілер бойынша сұрыпталады:
Материалдар бойынша - табиғи тастан, кесек тасты бетонды, темірбетонды және кірпішті.
Жұмыстың мінезі бойынша – «қатты» - қысымдықта жұмыс істейтіндер, және «майысқақ» - қысымдыққа, иілуге жұмыс істейтіндер,
Құрылыс үлгісі бойынша
таспалы – ғимараттың барлық қабырғаларының астында орнатылған және жүктемені негізгі біркелкі жеткізетін;
бағаналы – ғимараттың қабырғаларының және тіреуіштерінің астындағы жеке таяныш түрінде орнатылады;
тұтас ғимарат үстіндегі салмақты плита түрінде;
қадалық грунтқа қағылған немесе онда орнатылған бетонды, темірбетонды өзектер.
Негізін қалау тереңдігі бойынша: ұсақ негізін қалаған іргетастар 5 м. дейін және терең – 5м астам.
Тұрғызу амалы бойынша: зауыт шығарған индустриалды құрылымдардан құрылған, тұтасқұймалы, бетоннан немесе кесек тасты бетоннан жасалған қалыпта жасалатын немесе төсеме тастан, кірпіштен салынатын.
Қазан шұңқырларды қазғанда опарылмауы үшін олардың еңістерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет, сонымен қатар құрғату шараларын қабылдау керек. Қыс мезгілінде қазаншұңқыр түбінің аяздың әсерінен қатып қалмауы қажет, өйткені іргетас табанындағы топырақтың шөгуіне әкеледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет