Табиғи өнім күш қуаттың кепілі



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата03.03.2017
өлшемі6,75 Mb.
#6033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ҚОШ, АРМАНЫМ

Аяулы арман едің,

Кетіпсің сен басқа боп.

Шығарып салған едің,

Жанарың жасқа толып.

Жүрсем де жерде жырақ,

Мен саған сенетінмін.

Білмеппін бізді бірақ,

Жолдардың бөлетінін.

Хатыңды жаттап алып,

Қараушы ем қайта-қайта.

Әр сөзін жаттап алып,

Жүруші ем айта-айта.

Махаббат жалған ба едің,

Көтердім бар салмағын.

Шығарып салған едің,

Қалайша қарсы алмадың?

Қош енді, қош, арманым,

Сүйем деп бос алдадың.

Екі жыл тоса алмадың,

Екі жыл тоса алмадың...

АУЫЛғА ХАТ

Жаңалықтар аз емес жазар маған,

Бостан-босқа әйтпесе азар ма адам.

Жалпақ жерде жайылып өскен қаза,

Таршылықты тартады казармадан.

Сержант деген сезімсіз бәле кілең,

Әлім жетер әркімнің әлегінен.

Күндерім өтіп жатыр кругоммен,

Нарядпен, направо, налевомен...

Сержант деген сезімсіз күлмейді бір,

Кісі екен деп көзіне ілмейді бір.

Екі класс бітірген есер неме,

Сақалыңды сыйлауды білмейді бір.

Тап-тақыр болып тасталған тағы басым,

Шаш қимаған тағдырға шағынасың.

Мына жақтың масасы шаққан кезде,

Ауылдың сары масасын сағынасың.

Шеше байғұс әлпештеп өсірді аяп,

Кемшілікті көрсе де кешірді аяп.

Платформа болмаса кимеуші едім,

Керзі етіктен қажалды кесірлі аяқ.

Қимай қалған қиылып қыздар қанша,

Соларды аңсап, жүректер сыздар қанша?

Тілегіміз тыныштық болып тұрсын,

Туған елге тезірек біз барғанша.

аҒаҒа Құр

МЕт

Нәкеңнің 

үнемі ақындар

дың жаңадан 

шыққан 

кітаптарын 



қалтасына

 салып жүреті

н әдеті ба

р-

ды. Ол ке



зде Нарша 

Тараз қаласының 

іргесіндегі 

Байзақ аудандық 

газетінде жұмыс 

істейтін. Айм

аққа 

белгілі  журна



лист  Тұрсынх

ан  Толқынбаев

тың 

да осы газетте 



жұмыс істеп 

жүрген ке

зі. Кеңес 

үкіметі тұсында 

партия жиындарында 

айтылатын 

табақтай-т

абақтай баяндам

алардың газет 

бетінде 


жариялайты

н дәстүрі б

ар. Ол баянд

амаларды


ң дені 

орыс тілінде 

келеді. Ау

дандық газетте 

аудармамен 

айналыса


тын жалғыз 

журналист 

–  Тұрсынх

ан 


Толқынбаев. 

Онда да 


диктовкаға 

отыра салып,

 

сөзбе-сөз 



аударады

.  Онысы 

жедел  әрі

  сауатты 

аударылады. 

Бірде Нарша 

басқа қыз

метке ауыс

а-

тын болып, 



редакция 

қызметкер

леріне даст

архан 


жаяды. Әрі

птестеріне

 естелік ре

тінде ақынд

ардың 

жаңадан 


шыққан б

ір-бір кіт

аптарын 

сыйлайды


Сонда Нарша Тұм

анбай Мо

лдағалиев

тің жаңадан 

шыққан бір 

кітабын ағасы, 

әріптесі Тұрсынх

ан 

ағаға ұсынып 



тұрып, алғы 

бетіне «Т

ом-том ау

-

дармадан 



шаршаған, 

Тұрсынханға 

Наршадан...»

 

деп жазып 



беріпті. Со

л Наршаның 

қолтаңбасы

 

жазылған 



кітап Тұрсынх

ан ағаның 

үйінде әлі 

тұр.


нарша айтыпты...

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №13 (1301), 30 наурыз  2016 Жыл  //

зерде


7

 

„

3 сәуір – Халық қаһарманы, бейбіт күннің батыры Ғазиз Байтасовтың туған күні. тәуелсіз елінің 



тыныштығын күзетіп, төтеннен төнген қауіпке кеудесін тосып, оқыс жағдайда опат болған жерлесіміз тірі 

болғанда биыл 45 жасқа толар еді...

аяулы ҒұМыр, айБынды Ерлік...

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Кезінде  Аристотель:  «Ерлік  –  аяулы 

қасиет,  соның  арқасында  адамдар  қауіп-

қатер үстінде тамаша істер істейді» десе, 

әйгілі испан жазушысы Мигель де Серван-

тес:  «Барлық  бәлекет  қаһарман  жүрекке 

соғылып,  тас-талқаны  шығады»  деп  дөп 

басып айтқан. Ал жаугершілік заманда екі 

күннің бірінде ерлік жасаған ата-бабалары-

мыз бұл қасиетті бүкіл ұрпағының қанына 

сіңдірді. Халқына, ұлан-байтақ даласына 

төнген  қауіптің  көзін  жойғанша  тыным 

таппай, ақтық  демі қалғанша  арпалысып 

өтті.  Дәл  сол  бабалар  дәуіріне  тән  дүр 

рухтың ерлігін бейбіт күнде Ғазиз Байта-

совтан  көрдік.  Естеріңізге  сала  кетейік, 

Таразда  2011  жылдың  12  қарашасында 

жихад қозғалысының жақтаушысы жасаған 

қылмыстың салдарынан 7 адам, оның ішінде 

құқық  қорғау  органының  5  қызметкері 

мен  2  азаматтық  тұлға  көз  жұмған  бо-

латын.  Террористік  әрекет  барысында 

жергілікті халыққа үлкен қауіп төндірген 

лаңкестің  тұрғындарға  бағытталған 

жарылғыш гранатасын кеудесімен жауып, 

елінің бейбіт өмірі үшін жанын пида ет-

кен  Ғазиз  Әбдібекұлы    Кеңес  Одағының 

Батыры Ақәділ Суханбаевтың ерлігін көз  

алдымызға алып келді. Қанша уақыт өтсе де 

қазақи қанымыздың  тұңғиығында мәңгілік 

ерліктің  жасырынып  жатқандығына  һәм 

ол  қасиеттің  ешқашан  жоғалмайтынына 

тағы  да куә болдық.  Көзіміз анық  жетті. 

Және  Тәуелсіздігіміздің  жиырма  жы-

лында  жасаған  көзсіз  ерлігі  үшін  Ғазиз 

батырға Елбасының Жарлығымен «Халық 

қаһарманы»  атағы  берілді.  Айта  кетсек, 

Ғазиз  Әбдібекұлы  1971  жылы  3  сәуірде 

Жамбыл облысының Түймекент ауылында 

дүниеге келген. Жоғары білімді заңгер. 1997 

жылы Қарағанды политехникалық институ-

тын, 2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ 

Ұлттық  университетін  бітірді.  Еліміздің 

құқық қорғау органдарында 20 жылға жуық 

қалтқысыз  қызмет  атқарды.  Оның  Отан 

алдындағы ерлігі үшін Тараз қаласының бір 

көшесіне Ғ.Байтасовтың есімі беріліп, тұрған 

үйіне ескерткіш тақта және облыстық ішкі 

істер басқармасы алдындағы саябақта бюст 

орнатылған. Мүлтіксіз қызмет барысында 

мерт  болған  ОІІД  Жол  полициясы  жеке 

взводының командирі, полиция капитаны 

Ғазиз Байтасов көзі тірісінде өз ісіне деген 

адалдық, қызметіне деген жауапкершіліктің 

озық үлгісін танытты. Мәселен, ол құзырлы 

салада еңбек ете жүріп 28 рет марапатқа 

ұсынылыпты. Артында аяулы жұбайы мен 

ізбасар екі ұлы қалды. 

Және  көзкөргендердің  айтуынша, 

Ғ.Байтасов өзі еңбек демалысында жүрсе 

де,  жұмысына,  жолдағы  қауіпсіздікке 

қатты  алаңдап  отырады  екен.  Қазіргі 

таңда батырдың тәлімін алған тәжірибелі 

ізбасарлары шаһарымызда табысты еңбек 

етіп жүр. Олардың алды взвод командирлері, 

қалғаны өз ісін жетік меңгерген  білікті ин-

спекторлар. Бұған қоса қаладағы №11 мектеп 

қабырғасында оқушылардан құралған,  он 

жыл қатарынан байқауларға қатысып, алдына 

жан салмай келе жатқан жол қозғалысының 

жас инспекторларының үйірмесі  2012 жыл-

дан бері батырдың атымен аталып келеді.  

-  Ғазиз  екеуміз  1994  жылы  Тараз 

қаласында  ішкі істер бөлімінде еңбек етіп 

жүрген  кезімізде  таныстық.  Өзі  жарқын 

жүзді, келбеті де келіскен жинақы жігіт. Ол 

кезде Ғазиз конвой болып жұмыс істейтін. 

Екеуміз үш жылдан аса жүрдік. Ғазиз бір істі 

бастамас бұрын алдына үлкен мақсат қоятын. 

Балаларын ерекше жақсы көрді. Ерекше ба-

уырмал еді. Өзінен кейінгі үш қарындасына 

әке орнына әке болды. Жалпы, Ғазиз аза-

мат  ретінде  көпшіл  болатын.  Ешкімді 

бөле-жармайтын.  Ғазиз  өз  жұмысының 

қаншалықты жауапты екендігін жан-тәнімен 

түсінетін. Ол үшін отбасы мен қызметі қатар 

болды  десем,  артық  айтпағаным  шығар. 

Демалыс  күндері  де  жұмысына  алаңдап 

тұратын. Достарына деген адалдығы оның 

қадірін  арттырмаса,  еш  кеміткен  жоқ. 

Ғазизға «Халық қаһарманы» атағы берілген 

кезде, үлкен ұлым Арманжан екеуміз Елба-

сы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында 

болдық. Жүрек толқыды, көңіл тебіренді. 

Нұрсұлтан Әбішұлы Арманжанымның басы-

нан сипап, «Үлкен азамат бол!» деп аталық ақ 

батасын берді. Елі ұлының ерлігін ұлықтап 

жатқанда  ұлдарым  жақсы  азамат  болып 

өсуі тиіс. Қазір Арманжаным қаладағы №5 

мектептің  10-сыныбында  оқиды.  Екінші 

ұлым Әділжанның тегі Әбдібеков еді. Жуыр-

да Байтасов деп ауыстырдық. №5 мектептің 

2-сыныбында оқитын Әділжаным ержеткен-

де әкесі секілді полиция қызметкері болуды 

армандап жүр, - дейді қаһарманның аяулы 

жары Гүлжамал Тәжиева. Батырдың үлкен 

ұлы Арманжанның да қазіргі мақсаты заңгер 

болу екен. Қалай дегенмен, қаһарманның 

артында қалған қос ауызды мылтықтай екі 

ұлының біреуі әке жолын жалғайтыны сөзсіз. 



Шайзат әЛІпБАЕВ,

 Жамбыл облысы ішкі істер департаментіне 

қарасты  әкімшілік практика бөлімінің 

инспекторы, полиция капитаны, ғазиздің 

сыныптасы әрі әріптесі:

- Ғазиз екеуміз Байзақ ауданы, Түймекент 

ауылының  Ақжар  орта  мектебінде  бірге 

оқып,  бала  кезден  бірге  өстік  және    сол 

мектепті  бірге  тәмамдадық.  Сосын  ол 

Жезқазғанға оқуға түсті. Мен басқа жақта 

оқыдым. Кейін әскерге кетті. Әскерден кейін 

жол полициясы қызметіне жұмысқа орна-

ласты. Жезқазғанда жұмыс жасады. Одан 

Жамбыл облысына ауысты. Жалпы Ғазиз   өзі 

мектеп қабырғасында жүріп-ақ полиция бо-

ламын деп армандайтын. Сыныпаралық ан-

кета толтыру кезінде өз арманын солай сом-

дайтын. Ғазиздің бойында ерекше қасиеттер 

көп. Кішкентайынан айтқан сөзінде тұратын, 

уақытылы жүретін, кешігу дегенді білмейтін  

азамат  еді.  Ұстаздардың  барлығы  жақсы 

көретін. Бір салада 2006 жылдан бері бірге 

істедік. Өзі үйдің үлкені. Мектепті аяқтаған 

кезде  Ғазиздің  әкесі  қайтыс  болды.  Ол 

қарындастарына  әрдайым  қамқор болды. 

Қиындыққа мойымайтын. Қайғылы оқиға 

орын  алған  күні    мен  Байзақ  ауданында 

қызметте жүрген едім. Суық хабарды естісем 

де сенбедім. Ғазизге қоңырау шалдым. Бірақ 

ол ұялы телефонын көтермеді. Ғазиз кітапты 

көп  оқитын.  Көрген  киноларын,  оқыған 

шығармаларын қызықты етіп айтып беретін. 

Көбіне маған «демалыс күні осындай кино 

көр, осындай кітап оқы» деп кеңес беретін. 

Ақыры бір күні ол айтқан дүниелерді көріп 

едім, көңілімнен шықпады. Ғазиз айтқандай 

қызық болмады. Содан кейін мен Ғазизге: 

«Барлығын сенен-ақ естіп жүре берейінші, 

бәрібір сен айтқандай қызық болмайды»-деп 

күлдім. Достарға, қызметіне адал болды. 

Қазіргі  таңда  жастардың  барлығы  оның 

ерлігін үлгі тұтады. Мен республикамыздың  

екі  өңірінде  болып  келдім.  Қазақстан 

полицияларының Ғазизға деген құрметі зор. 

Жұмысқа өте жауапкершілікпен қарайтын. 

Жұмыс таңғы жетіде басталса, ол күн сай-

ын жарты сағат бұрын келетін. Салауатты 

өмір салтын ұстанатын. Қайтыс болғаннан 

кейін мен оның жазу дәптерін тауып алдым. 

Отырған орындығынан алып оқып көргім 

келді. Дәптердің басына Әнұранды жазып, 

ал  дәптердің  артына  баһадүр  Бауыржан 

Момышұлының үлкен суретін жапсырып 

қойыпты.


(2011 жыл. Ғ.Байтасовқа «Халық қаһарманы» атағын берген кез.)    

БАТЫРДЫң КөКТЕМІ!

Ақын емеспін, қарасөзге де шорқақпын,

Ұлым кеткелі, сылдырдан шошыр қорқақпын.

Тас түскен жеріне ауыр ғой қалқам қашанда,

Қайғыңа сенің, халқың да, мен де ортақпын.

«Аталатсаң аталат, боталатпа адамды»,

Пендешілік дейміз ғой, қате басқан қадамды.

Әділет болса тағдырда  кезекке неге қоймайды,

Үлкенін алып алдымен, зарлатпай ата-анаңды.

Қаһарман жүрек қашанда қатерін елдің жеңеді,

Жеңісі барлық ұрпақтың мәңгі демеуі.

Елім деп өлген ерлерім үшін ойланбай,

Жүректен жұлып жанымды бергім келеді.

Неткен өмір қаталсың, жасын тағдыр тез өтті,

Зарлатасың адамды  өртке орап өзекті.

Мұқағали айтқандай жүре берсек қой, шіркін,

Бірде адам, бірде қайың боп, алмастырып кезекті.

Е, бауырым! Сіз де, біз де мұңдаспыз,

Өлі сүлде келеміз, өлді деуге тым жассыз.

Даңқың көкке асқақтап, қайғың ғана ортайсын,

Басу айтам өзім де, халқым үшін қымбатсыз!

Тұрдалы ШЕРАЛИН, 

Ішкі істер органының ардагері,

отставкадағы полиция полковнигі.

2014 ж. 3 сәуір.


8

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №1з (1301), 30 наурыз   2016 Жыл  //



 

„

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жамбыл облыстық «Һибатулла 



тарази» мешітінің ұйымдастыруымен медресенің мәжіліс залында «ислам және 

зайырлы қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

діндЕ ЖастарҒа 

сауаттылыҚ ҚаЖЕт

діН


Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Аталмыш  жиын  психологияны  игеру,                        

жастарды патриотизмге тәрбиелеу, дін мен за-

йырлы  қоғамның  үйлесімділігін  арттыру,  діни 

экстремизм мен терроризмнің алдын алу, діни 

радикалды  идеология  және  олардан  келетін 

қауіп-қатермен  қоғам  болып  күресудің  әдіс-

тәсілдерін  меңгеру,  жалпы  адамзаттық  ру-

хани  құндылықтарды  насихаттау  мақсатын 

ұстанды.  Басқосуға  Қазақстан  мұсылмандары 

діни басқармасы Жастар бөлімінің меңгерушісі 

Алтынбек Ұтысханұлы, облыс әкімдігі жастар 

саясаты  мәселелері  басқармасының  басшысы 

Еркебұлан  Құралбаев,  ҚМДБ-ның  Жамбыл 

облысындағы  өкілі  Данияр  Жұмабаев  және                                                                                                                

жастар  қоғамдық  бірлестігінің  төрағалары 

қатысты.  Онда  Данияр  Жұмабаев  өңірде 

атқарылып жатқан  жұмыстарға  тоқталып  өтті. 

Мұнан соң сөз тізгіні ҚМДБ Жастар бөлімінің 

меңгерушісі  Алтынбек  Ұтысханұлына  тиіп, 

ол  мүфтияттың  жанынан  Жастар  бөлімінің 

ашылғандығын  тілге  тиек  етіп,  оның  жұмыс 

барысымен  таныстырды.  Сондай-ақ  ол  атал-

мыш  бөлімнің  өңірлерде  өкілдіктері  ашылып, 

жұмыстарын  жандандырып  жатқандықтарын 

мәлім етті. 

- Жалпы, жұмысқа енді ғана кіріскен Жастар 

бөлімінің мақсаты атқарушы органдармен және 

жастар қоғамдық бірлестіктерімен тығыз қарым-

қатынаста жұмыс жасау болып табылады. Қазіргі 

таңда  біз  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі 

жанындағы  Жастар  департаментімен  де  қоян-

қолтық жұмыстар атқарып жатырмыз. Сондай-ақ 

қызу талқыланып жатқан қоғамдық мәселелерден 

тыс қалмай, спорттық шараларға атсалысудамыз. 

ойлар бір арнаға тоғысты. 

 

Мұнымен  қоса,  шетелдегі  діни  білім  алушы                       



жастармен  тікелей  кездесіп,  пікірлесіп  оты-

рамыз.  Мәселен,  былтыр  Мысыр  мен  Түркия 

елінде дәстүрлі дін жолында білім алып жатқан 

жастармен кездесіп қайттық. Ал осы жылы Ма-

лайзия мемлекетіне бардық. Онда 3 мыңнан аса 

отандасымыз білім алуда. Оның көбісі діни білім 

алушылар,  радикалды  бағытта  оқитындары  да 

бар  екен.  Біз  ол  кездесулерде  жастарға  ҚМДБ 

Бас мүфтиінің тікелей тапсырмасымен түсіндірме 

жұмыстарын  жүргізіп,  пікірлестік.  Алдағы 

уақытта мүфтияттың жанынан өзіміздің елде діни 

білім беретін орталық ашу жоспарлануда. Оған 

Қытай  және  Түркиядағы  қазақ  жастары  оқуға 

шақырылатын болады,-деген ол, әлеуметтік желіні 

дұрыс пайдалану керектігінде тілге тиек етіп, күні 

кеше  қаламызда  өткен  «Блогқұрылтай  -  2016» 

жиынының жастарға берері мол екендігін жеткізді. 

Басқосу барысында сөз сөйлеген облыс әкімдігі   

жастар саясаты мәселелері басқармасының бас-

шысы Еркебұлан Құралбаев тарихты қаузай келе, 

дінсіз адам болмаған, дінсіз қоғам болғандығын 

өзінің сөзіне арқау етіп, бұл жолда жастардың 

алатын орны айрықша екендігін айтты. 

-  Қазіргі  таңда  облысымызда  280  мыңға 

жуық жастар бар. Яғни жастар толқыны облыс 

халқының 25 пайызын құрайды. Олар 49 арнайы 

орта  оқу  орындары  мен  3  жоғары  оқу  орын-

дарында  білім  алады.  Сол  студент  жастармен 

тығыз жұмыс жасау - кезек күттірмейтін іс. Біз 

орталық мешіт қызметкерлерімен жұмыстар жасап                                      

жатырмыз. Мәселелер бар. Мәселен, жастардың 

белсенділігі  басым  әлеуметтік  желілерде  дін 

мәселесіне байланысты сұрақ қоятын жастардың 

жас айырмашылығы 14-18 жас аралығын құрайды. 

Яғни  бұл  жас  аралығындағы  жастар  -  мектеп 

жасындағы оқушылар. Мектептерде дінтану пәні 

оқытылады. Бірақ ол пәннің әдістемесін философ-

тар мен тарихшылар жазған. Бұл - толғандыратын 

мәселе.  Сондай-ақ  таратпа  материалдардың 

жетіспеушілігі  де  бар.  Мысалы,  біз  дінге  бай-

ланысты  таратпа  материалдарды  мемлекеттік 

әлеуметтік  тапсырыс  шеңберінде  шығарамыз. 

Оған жастар қоғамдық бірлестіктері атсалысады. 

Сол таратпадағы материалдарды жастар қоғамдық 

бірлестіктері  жасайды.  Бірақ  ол  әдістемелік 

сараптамадан  өтпейді.  Сондықтан  жастар 

қоғамдық бірлестік өкілдеріне  әдістемелік көмек 

жағы  жетіспей  қалып  жатады,-деді  Еркебұлан 

Есенғалиұлы. Сондай-ақ ол  бүгінде елімізде ажы-

расу 30 пайызға жеткендігіне тоқталып, отбасылық 

құндылықтарды жастарға насихаттауда әдістемелік 

құралдардың жоқтығын жеткізді. Өңір жастары 

басшысының көтерген мәселесіне үн қатқан Ал-

тынбек Ұтысханұлы «HIKMET.TV» студиясының 

іске  қосылғандығынан  хабардар  етіп,  осы                                                                                                 

студиядан көмек ала алатындықтарын да мәлім етті. 

Жиында  сөз  алған  аймақ  жастары  жал-

пы  қоғамды  ойландырып  жүрген  мәселелерді 

көтеріп,  өз  ұсыныстарын  жеткізді.  Мәселен, 

діни басқарманың тарапынан сұрақ-жауап үшін 

оңтайлы  «WhatsApp»  желісі  құрылса  деген 

ойын қосты. Сондай-ақ дін мәселесіне қатысты 

жұмысшы жастарды қамтитын бағыттардың ақсап 

тұрғандығын айтып, осы бағытта жұмыс жасау 

керектігін де ұсынды. Мұнымен қоса, мешіттер 

жанындағы  сауат  ашу  курстары  мемлекеттік 

деңгейге  көтеріліп,  жат  ағымға  түсіп  кеткен 

жандардың  өкінішін  эфирден  көрсетсе  деген 

ұсыныстарын да жеткізді.

 

„

дінді ұстанатын мұсылман – момын адам. Мұсылман ең алдымен рухани таза адам, ол ешкімге 



жаманшылық ойламайды, біреудің ала жібін аттамайды, мұқтажға жәрдем береді, жаны жақсылыққа 

жақын, парыздарын да бұлжытпай орындайды. сондықтан да хадис шәрифте: «Мұсылман тілімен де, 

қолымен де қауіпсіз адам» деп келеді. Міне, дәстүрлі ислам сомдаған мұсылманның бейнесі осы.

Бүгінде қой терісін жамылған қасқыр сияқты 

көптеген террористік ұйымдар да Ислам атын жамылып, 

әлем жұртшылығын әбден әуре-сарсаңға салды. ДАИШ-

осындай террористік ұйымдардың бірі.

Суһайб әр-Румидің риуаяты бойынша имам Мүслим 

жеткізген хадисте пайғамбар (с.ғ.с.): «Мүміннің ісі 

ғажап! Расында, оның барлық ісі жақсылық. Бұл нәрсе 

тек мүмінге тән, басқа ешкімге нәсіп болмаған», – деп 

айтқан. Ал, енді ДАИШ содырларының істеп отырғаны 

мүлдем басқа. Зорлық пен зомбылық, қантөгіс. Жер 

бетінде мейірім мен бейбітшілік символына айналған 

ана мен баланы аяусыз өлтіруде. 

Бүгінде содырлардың Ирак пен Сирия жеріндегі 

бейкүнә балаларды ұрлап, қару пайдалануды үйрететін 

арнайы лагерьлерге жіберіп, тоғыз жасқа толған соң 

оларды соғыс шептеріне жіберетіні белгілі. Бұған қоса, 

бұл ұйым оларды жарақат алған әскерлері үшін жан-

жақты донор ретінде де пайдаланады. Мәселен, ДАИШ 

2015 жылдың қаңтар айында Ирактың Мосул қаласында 

теледидардан футбол көргендері үшін 13 баланы өлтірді. 

Алаңға халықты жинап, футбол көрудің харам екенін 

айтып, кейін бейшара жасөспірімдерді ешқандай аяусыз 

пулеметпен қырып салған. Ал ата-аналар балаларының 

өлі денелерін алып та кете алмаған. Өйткені содырлар 

«сендер дұрыс тәрбие бермегенсіңдер» деп оларға да 

кінә тағып, айыптаулары мүмкін еді. АҚШ-тың Джор-

джия университеті жүргізген зерттеу қорытындысына 

сүйенетін болсақ, онда мамандар бірнеше жыл қатарынан 

террористік ұйымның үгіт-насихаты мен өзге де матери-

алдарына, сонымен қатар, лаңкестікке тартылған жас 

балалардың белсенділігіне сараптау-талдау жұмыстарын 

жүргізген. Зерттеу қорытындысында сарапшылар 

қарулы қақтығыстарда 8-18 жас аралығындағы 89 бала 

қаза болғанын мәлім етті. Жасөспірімдердің көпшілігі- 

негізінен Ирак пен Сирия елдерінен. Олардың басым 

бөлігі бомба орнатылған көлікпен жанкештілікке барған. 

Қазір ДАИШ қатарындағы балалардың 60 %-ы - 12-16 

жастағылар. «ДАИШ» террористік ұйымындағы ба-

лалар мен жасөспірімдер саны 2014 жылғы дерекпен 

салыстырғанда үш есеге көбейген екен. Шынайы Ислам-

да ойын баласын өлтіру немесе соғыс мақсатында пай-

далану, азаптау былай тұрсын, оны алдауға да болмайды. 

Бұған Ислам қатты қарайды. Баланың өзі де, жаны да 

қымбат. Ертедегі дін ғалымдары мен тақуалары баладан 

бата сұрайтын болған. Оның дұғасын Алла тез қабыл 

алады деп өзі үшін дұға жасауын өтініш қылған. Өйткені 

бала – бейкүнә. Бұған қоса, Алла Тағала балаларды осы 

дүниенің гүлі мен сәні етіп жаратқан:

«Мал мен балалар - дүние тіршілігінің сәні…» 

(Кәһф: 46). Иә, асыл дініміз баламен бірге әйел баласын 

өмір бойы құрметтеп өтуге бұйырады. Ол бізге ана, 

әпке, жеңге, қарындас не қызымыз болсын, оны өмір 

соңына дейін құрметтеу – мұсылмандық міндетіміз. 

Құранда арнайы «Ниса», яғни «Әйелдер» деп аталатын 

сүре бар. Осының өзі мұсылман қоғамындағы әйелдің 

орны мен маңызын білдіреді. Пайғамбар да (с.ғ.с.) 

өзінің мәшһүр хадисінде: «Жәннат ананың аяғының 

астында», – деп айтқан. Алайда мұндай аят пен  ха-

дистер ДАИШ содырларына мүлдем қатысы жоқ деп 

ойлайсың. Олар мұндай тыйымдарды ұстанбайды, 

елемейді де. Өйткені ДАИШ үшін әйелдерді өлтіру, 

ұрлау, күңдікке сату, көңіл көтеру, зорлықпен содырларға 

үйлендіру және т.б. қылмыс түрлері - үйреншікті нәрсе. 

Мәселен, 2014 жылы ДАИШ мүшелері күрд халқының 

қыздары мен әйелдерін тұтқынға алып, Таяу Шығыста 

әйелдерді жыныстық күңдікке сатумен айналысатын 

саудагерлерге сатып жібергені мәлім. Ал тұтқынға 

түскен басқа әйелдер ДАИШ мүшелеріне тоқалдыққа 

немесе жыныстық күң қызметшісі ретінде қызмет 

көрсетуге мәжбүр. Олардың мұндай қорлығы мен 

зорлығына шыдай алмай өмірмен қош айтысып жатқан 

қыз-келіншектер де бар. Олардың нақты саны белгісіз. 

Анығы сол, ДАИШ басшыларының бірі Әбу Анас 

әл-Либи 150-ге жуық қыз-келіншекті өлтіруге бұйрық 

берген. Олардың арасында аяғы ауырлары мен балиғат 

жасына жетпегендері де болған. Олардың бар кінәсі - 

содырлармен жыныстық қатынасқа түсуден бас тартқан. 

Мұны Ирактың Адам құқығын қорғау министрлігі 

хабарлаған. Бейбіт өмірді былай қойғанда, тіпті, ұрыс 

заманында да Ислам соғысқа қатысы жоқ бала-шағаны, 

кемпір мен шалды, әйелдер мен өзге дін қызметкерлерін 

қинауға, атуға тыйым салған. Біз мұны пайғамбар 

дәуіріндегі жорықтардан да көреміз. Мұсылмандар 

Мекке шаһарына кіргенде пайғамбар осылай әмір еткен. 

Ол кезде Меккені билеп тұрған мүшріктер болатын. 

Сонда мұсылмандар: «өз ауласына кіргендерге, үйінде 

отырғандарға, есігін жауып алғандарға, Қағбаның 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет