Байланысты: Таќырып 2 Табиѓи орта жаѓдайыныњ экологиялыќ мониторингі-emirsaba.org
3 Теориялық бөлім 3.1 Атмосфера және климат Жер беті күн сәулеленуімен бірге біздің планетамыздағы өмірге жарамды климатты ұстап тұрады. Күн жер бетін жылытады. Жер беті өз алдына ауаны жылытады. Жылыған ауа тығыздығы төмендеп, олжоғары қарай көтеріледі. Ал тығыздығы жоғарырақ және суығырақ ауа төмен қарй түседі. Бұл құбылыс ауаның үздіксіз айналымына жағдай жасйады.
Айдың бетінде түс кезінде күн көзі тастарды жылытатыны соншалық, тасқа жұмыртқа қуыруға болады; ал түндердің суық болғаны соншалық, көміртегі диоксиді құрғақ мұзға айналады. Климаттың мұндай қатал болуы атмосфераның жоқтығына байланысты.
Конденсацияланатын және буланатынатмосфераға еніп, одан қайта шығатын су айналымы болып табылатын гидрологиялық циклғакүн энергиясының 23% жұмсалады.
Континенттерді, мұхиттарды, атмосфераны жылыта отырып күн энергиясының 47% сіңіріледі. Бастапқы емес, одан кішк спектрдің инфра қызыл облысы жиілігінде жер беті сіңірілген энергияның көп бөлігін қайта сәулелендіреді. Бұл қайтымды сәулелену Жердегі энергия балансын ұстауда маңызды роль атқарады. Оның төмен энергиялы фотондарыатмосферадан жеңіл сіңіріліп оны жылытады.
Көміртегі диоксиді мен су ифрақызыл сіулеленуді жақсы сіңіреді. Осы молекулалармен сіңірілетін энергия қайта сәулеленеді. Атмосфера – Жерде жылуды сақтауға көмектесетін энергия үшін тор болып табылады.
Көміртегі диоксиді және басқа да заттармен энергия сіңірілуі мен сәулеленуі парниктік эффектісінің пайда болуына әкеледі, себебі ол сәулелі күн іжылыжайдағы жылу сақтау әдісіне ұқсас.
Егер су және көмірқышқыл газының атмосферадағы концентрациясы өзгермесе және осындай әсері болатын басқа газдардың қосылыстары жоқ болса, парниктік эффект жуықтап алғанда бірдей болады. Бірақ адам іс-әрекетіне де назар аудару керек. Суды алсақ, елеулі мәселелер тумайды.атмосфера құрамында 12 млрд. тоннадай су булары кездеседі. Мөлшері көп болғаны соншалық, оны өзгертуге біздің шамамыз келмейді. Ал көміртегі диоксиді өте аз мөлшерде болады. Адамның іс-әрекеті көмірқышқыл газының ауадағы құрамын көбейтті, кейінгі 15 жылда атмосферадағы СО2 мөлшері 15 % өсті және орташа әлемдік температура 0,5 градусқа өсті.
Көмірқышқыл газының табиғи көздері бұл:
- тыныс алу процесстері:
- жанартаудың атқылауы;
- органикалық заттардың ыдырауы;
- өздігінен пайда болатын өрттер;
- органикалық заттардың тотығу реакциялары,
С6Н12О6 + 6О2 =6СО2 + 6Н2О
Қазіргі кезде атмосферадағы көмірқышқыл газы концнетрациясының көбеюіне үлкен әсерін тигізетін антропогендік көздер:
- орман алқаптарының азаюы;
- сүректі жағу.
Жыл сайын табиғи жанармай қазбаларын (көмір, мұнай, табиғи газ) қолдану көлемі 15 млрд тоннаны құрайды. Табиғи газ 90 пайыз метанннан тұрады:
СН4 + 2О2 = СО2 + 2Н2О
Көмірдің жануы кезінде келесі реакция жүзеге асады:
С + О2 = СО2
Егер әлемдік әлемдік климат 2-5 градусқа жылыса, келесідей зардаптардың пайда болуы мүмкін:
1) Дала және орманды дала зоналарында қысқы жауын-шашын мөлшерінің азаюы, субтропиктерде оның мөлшерінің көбеюі, яғни географиялық зоналардың солтүстік бағытқа ығысуы көрініс алады;
2) Батыс Антарктиданың жамылғы мұздықтары ериді, Солтүстік Мұзды мұхитының мұздары жазда жойылып қыста қайта қалпына келіп отырады. Салдарынан, мұхит деңгейі 5-7 м көтеріледі, Африка континентінің конфигурациясы өзгереді (Ливия, Египет, Кения, Мозамбик, Нигерия, Піл сүйегінің жағалауы және т. б.);
3) кейбір елдер мәдени жерлерінен айырылады, басқа елдерде ең жақсы ауылшаруашалақ аудандар орналасуын өзгертеді;
4) көптеген жануарлар мен өсімдіктердің таралу шекарасы өзгереді;
5) су тұтыну деңгейі өседі, оңтүстікке тән аурулар солтүстікте таралады.