V. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Эфир майлары-жалпы түсінік, жіктелуі. (50% орыс. тіл.)
2.Құрамында эфир майлары бар ДӨШ Макро-, микроскопиялық талдаулары (қазақ тілінде 20%.)
3.Дәрілік өсімдіктер мен құрамында эфир майлары бар шикізаттың фармакологиялық әсері (ағылш. тіл. 30%)
4.Құрамында эфир майлары бар ДӨШ сапалық анықтау, сандық анықтау (50% орыс. тіл.).
5. Құрамында эфир майлары бар ДӨШ медициналық қолдану
VI. Оқыту әдістері.
Репродуктивті: теориялық материалмен танысу, реферат.
Көрнекі: нормативтік құжаттамамен жұмыс.
Интерактивті: шағын топтарда жұмыс істеу, сұрақтармен шабуыл жасау, іскерлік ойын.
Тақырып бойынша тапсырмалар:
1 ТАПСЫРМА. "Эфир майлары" анықтамасына түсініктеме беріңіз, жіктелуі?
2 ТАПСЫРМА. Құрамында эфир майлары бар ДӨШ және олардың фармакологиялық әсері қандай? Құрамында эфир майлары бар ДӨШ медициналық қолданылуы және дәрілік формалары?
3 ТАПСЫРМА. Эфир майларының физика-химиялық қасиеттері.
4 ТАПСЫРМА. Құрамында эфир майлары бар ДӨШ талдау әдістері (сапалық және сандық анықтау).
5 ТАПСЫРМА. ҚР МФ-мен жеке мақалалармен жұмыс.
Қорытынды бақылау.
Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаңыз
1. Өсімдік шикізатындағы эфир майын сандық анықтау әдісін көрсетіңіз:
A. гравиметриялық әдіс
В. су буымен айдау
C. титриметриялық әдіс
D. газ-сұйық хроматография
2. Қайың бүршіктерінен эфир майын қандай әдіспен алынады:
A. анфлераж
B. су буымен айдау
C. петрол эфирімен экстракциялау
D. этил ацетатымен экстракциялау
E. пресстеу
3. Цитрустардан эфир майы қандай әдіспен алынады:
A. петрол эфирімен экстракциялау
B. aнфлераж
C. пресстеу арқылы
D. су буымен айдау
E. хлороформмен экстракциялау арқылы
4. Эфир майлары жақсы ериді
A. хлороформ
B. су
C. этил спирті
D. сілтілік ерітінділер
E. күшті қышқылдар
5. Көптеген эфир майларының тығыздығы
A. 1,0-ден аз
B. 1,0-ге тең
C. 1,0-ден астам
6. Эфир майларының сапалығын бағалайтын көрсеткіштерді көрсетіңіз.
A. органолептикалық қасиеттері
B. сыну көрсеткіші
C. тығыздық
D. қышқыл саны
7. Қандай эфир майы тітіркендіргіш әсері бар альдегидтерді және басқа төмен қайнатқыштарды кетіру үшін міндетті түрде түзетіледі
A. тасшөп майы
B. раушан майы
C. эвкалипт майы
D. шалфей майы
8. Эфир майларының сапалығын анықтаған кезде қандай сандық көрсеткіштер анықталмайтынын көрсетіңіз:
A. қайнау температурасы
B. қышқыл саны
C. эфир саны
D. сыну көрсеткіші
9. Эфир майының болуы қандай гистохимиялық реакциямен анықталады
A. метилен көкімен
B. Суданмен 3
C. темір-аммоний алюминийімен
10. Эфир майын алу әдісі қандай заңға негізделген –су буымен айдау:
A. Дальтон Заңы
B. Бугер-Ламберт-Бер Заңы
C. Ньютон заңы
11. Анфлераж-эфир майын алу әдісі неге негізделген
A. престеу
B. органикалық еріткішпен экстракциялау
C. өсімдік майларын алу
D. жануарлардың майларын сіңіру
12. Эфир майларындағы майлы майдың қоспалары қандай реакциямен анықталады
A. каустикалық калий ерітіндісімен
B. HCl ерітіндісімен
C. этил спиртімен
D. хлороформмен
Достарыңызбен бөлісу: |