Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет102/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

байдың сөзі қып айтпайды. «Елдің қамы үшін...» пәлен-түген деп,
жақауратып, майдалап келтіреді. О түгілі елдің уақ-түйек сөзіне


де   байдың   өзі   кіріспейді;   ол   тек:   ананы   үйтіңдер,   мынаны
бүйтіңдер,—   деп,   қысқаша   бұйрық   қылады.   Сырдан   сыңар   аяқ
өткен,   құла   ауыз   билері,   нөкерлері   тілдің   майын   ағызып,   қанын
тамызып,   әңгіменің   иін   әбден   қандырып,   пісіріп,   түсіріп   әкеліп,
«тоқ   етерін»   байға   естіртеді.   Бай   не   мақұлдайды,   не   өз
картасына келтіреді.
Шайдан   кейін   байдың   нөкер-билері:   бірі   Мамырбаймен,   бір
Имамбаймен, бір Мүсірелімен оңаша шығып сөзге кірісті. Екі-үш
сағаттан кейінгі әңгіменің тоқ етері мынау боп шықты:
Бірінші   —   Мүсірәлінің   құдасын   көндіріп,   келінін   бергізуге   бай
міндетті, соның үшін Мүсірәлі байға бір жақсы ат сый қылады.
Екіншісі   —   Мамырбай   ақсақал   құдай   дескен   құдасынан
айырылады;   үйткені   ол   байдың   дұшпаны:   малын   да,   жесірін   де
кетіру керек. Ақбілекке бай орын тауып береді.
Үшінші — Имамбай би қол астындағы Өрік деген жесір қатынды
екі баласынан айырып, іргеден шығарып, алты қараға Мамырбайға
сатады. Қалың малдың бір қарасы — байдың сыбағасы болады.
Төртінші   —   Өрік   қатынның   малы   бөліске   түседі.   Малдың
жарымы мен екі баланы бір жамағайынының қолына беріп, қалған
жарымын жақсылар үлесіп алады.
Бесінші — Мамырбай ақсақалдың бір мүддесі Мұқашты мұқалту
болса,   оны   жайғастыруды   бай   мойнына   алады.   (Қалай
жайғастырғанын кейін естірсіз).
Сөйтіп,   кешеден   бергі   байдың   сый-құрметі   далаға   кеткен   жоқ,
есесі толды. Байға «Құдай берген кісі ғой!». «Құдай бергенге құлай
береді» деген осы да.
Етке тойғанда, «Құда мың жылдық» деп, қазақ босқа шатады.
Мың жылдық болса, Мамекең құдасынан неге айырылды?
Күштілер   өз   тамағына   бірдеңе   түсірерде:   Жетім   жесірдің   көз
жасы... әділдік, туралық, обал бар... құдай бар... деп күлгірленеді.
Олай болса, Өрік неге жаза тартады?. Екі баласы неге зарлайды?
Қойтеке неге жасын жерге шертеді? Сүттей ұйып отырған, шын
сүйіскен асық жарлар Ақбілек пен Бекболат неге айырылады?


Қайда шындық? Қайда әділдік? Қайда адамгершілік? Қайда құдай?
Қайда қиямет?
Ойланыңдар, бейуаздар! Қасқыр өзі де ойланбайды.
* * *
Әбен   ауылына   барғандағы   Мамырбай   ақсақалдың   ат   қосшысы
Итаяқтың Ұлтарағы еді. Итаяқ әкесі — Бақыраш. Бақыраштың
әкесін адам білмейді. Сондықтан Ұлтарақтарды жұрт «Түбі жоқ,
шұнақ   құл»   деуші   еді.   Ұлтарақ   қол-аяғы   бақандай,   қара   жон,
солапат көсе жігіт еді. Ат баққан, шөп шапқан, самаурын құйған,
ет  асағаннан   басқа  жақсылардың  сөзіне   араласпаған  жігіт   еді.
Жасы қырыққа келсе де, әлі қатын алған жоқ еді. Үйткені өзінен
үлкен екі ағасы: Байпақ пен Шұлғау да қырық бес, елуге келгенде
төртеу ара бір қатынды әрең алған ғой. Ұлтарақ сол жеңгесімен
тамыр   деп,   ауыл   үйдің   қатындары   өсек   қылар   еді...   Үйткені
Байпақ   ағасы   шірік   неме   болған   соң,   Ұлтарақ   «жақсылардың»
қасына   еріп,   ет   жегенге   буланып,   жеңгесін   қатынынан   жаман
ұрушы еді.
Ақсақал Әбен ауылынан келген соң Ұрқиялар:
— Үлкен кісі не бітіріп қайтты? Не сөз болды?— дегенде, Ұлтарақ
тайдың   семіз   болғанын,   май   сол   қалпымен   қайтқанын,   қандай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет