Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет33/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

Дуана   сол   қолымен   Ақбілекті   жетелеп,   оң   қолындағы   асасын
жыбырлата   тіреп   қара   ағаштай   қатқан   аяқтары   қаздаңдап
қатты   аяңға   басты.   Анда-санда:   «А,   балақайым,   а   балақайым!
Кезі мөлдіреп, табаны үлдіреп, қарны ашып, қаны қашып қалған
екен ғой...» деп, жыбырлатып, тақпақтап қояды. Ақбілек не дерін
білмей,   біресе   дуананың   шошаңдаған   бес   тал   сақалына,   біресе
күнге   күйген   қошқыл   омырауына   қарап   қояды.   Түрпідей   сүйек
саусақтары Ақбілектің білезігінен, мықтап ұстап алыпты. Үйіне
қазір алып бара қоятындай-ақ ентеңдей басып келеді. Ақбілек өзі
шаршап,   қолтаулап   әрең   жүріп   келе   жатқан   сорлы   жетелеген
жағына   бос   жағы   ере   алмай   шешесі   сүйреген   жас   балаша
қырындай береді. Бір мезгілде Ақбілек сүрініп кетті.
Дуана-еке, кішкене жайырақ жүрсеңіз...— деді.
– Ә, шаршадың ба, балақайым? – деп қолын қоя беріп, жайырақ
аяңдады. Әйтсе де сау аяңға дағдыланған дуана әупілдеген кеше
бұқаша   кеудесі  куілдеп,   әудем  жерге   бармай-ақ,  Ақбілекті  тағы
артына тастап кетті. Дуананы сөзбен тежегелі Ақбілек: – Дуана-
еке, ауыл алыс па? – деп сұрады. Дуана: – А, деп тоқтай қап: —
Жетеміз, жетеміз,— деді.
Дуана   тағы   озып   кетті.   Ақбілек   шаршауға   айналды.   Бірақ
шаршадым деуге ұялды. Тағы да сөзден бөгейін деп:
–   Дуана!   –   деп   бір   дауыстады.   Бұл   жолы   Ақбілек   маңайда
орыстардың   бар-жоғын   сұрады.   Дуана:   –   Ә,   орыс   па.   Нән
жауғырлар,   бар   ғой,   бар   ғой,—  деп   жыбырлатып   жөнді  жауап
айтпады. Жауабына жарымай, Ақбілек өз ауылының қай тұста
екенін   сұрады.   Дуана:   —   Анау   көрінген   тұмсықтың   астында
болады, деп, көгерген тауды нұсқады. Ақбілек ауылына бүгін жете
алмасына көзі жетті. Жақын арадағы елге қонуға әрең деп жетсе
сол.   Дуана   желпілдеткенмен,   Ақбілекке   бәрі   де   алыс   сияқты,
өйткені   аяғы   жүруге   жарамай,   мүлде   салдырап   қалып   еді.
Бірталай   жер   жүрді.   Сонда   да   жете   ал   ар   емес.   Алыста,   көз
ұшында,   адырдың   бөктерінде   әлде   қарауытқан   мал,   әлде
қарауытқан   томар   секілді   бірдеңелер   көрінеді.   Күн   еңкейіп,


намаздігер болды. Ақбілектің қарны ашты, қажыды. Аяғын кебіс
соғып, қажап тастады. Әлден уақытта жүруге мұршасы келмей,
дымы   құрып   отыра   кетті.   Дуана   жарты   шақырымдай   озып
кеткен еді; дауыстаған соң, жылдам аяңдап жетіп келді. Ақбілек
жүруге жарамайтынын білдірді.
—   Ә,   балақайым,   көзің   мөлдіреп,   табаның   үлдіреп,   ...шаршап
қалдың ба? А, балақайымды арқалап алайын. Кел, міне ғой!— деп,
алдына келіп арқасын тосты.
Ақбілек мінерін де, мінбесін де білмей, именіп, аз отырды. Үлкен
еркектің мойнына дардай басымен мінуді ұят көрді. Қара мұртқа
қатын   болғаны,   оның   құшақтағаны,   сүйгені...   балаша   көтеріп
жүргені дереу есіне түсті. Дінсіз орыс еркелеткен арам денесін,
қасиетті дуананың арқасына артуды обал көрді. Бірақ дуана:
«Міне ғой, міне ғой» деп күтіп отыр. Ел алыс, жүруге әлі жоқ.
Амалсыздан орнынан тұрып, бір тамсанып, күрсінді де, екі қолын
ептеп   дуананың   мойнына   апарды.   Денесін   тигізуге   өзінен-өзі
жиіркенді. Мойнына  қолы баруы мұң екен, шәлкес аттай адуын
дуана:   «Яу,   пірім!»   деп   көтеріп   түрегелді.   Ақбілектің   салбырап
тұрған   екі   аяғын   екі   қолымен   икемдеп,   қысып   алып,   асасын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет