Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет82/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

орны   одан   да   бетер   үңірейіп,   үйі   мүлде   қуарып,   адыра   қалған
моладай   көрінді.   Анау   екі  жас   бала   бұралқы  күшіктей   сенделіп,
кірлеп,   биттеп-құрттап,   жүдеу   басқа   айналып   бара   жатқанын
көргенде   Ақбілекті   тіпті   керексіді.   О   болса,   апасының   opнына
балалардың үсті-басын қарастырар еді, үйді үңірейтпес, қуартпас
еді: қашан бір қатын алып үйлігін түзеткенше, шаруаға да бас-көз
болар еді. Туған-туысқанға не сенім бар? Бөрінің көздегені — өз
пайдасы.


Бірақ Ақбілек «Барсакелмеске» кетті. Жай кеткен жоқ, сүйекке
таңба   салып,   масқара   боп   кетті...   «Пәленшенің   қызы   сондай
бопты...» деген атақ мәңгі жайылар ма? Әкесін бүйтіп қор қып
кеткенше, алланың ақ өлімінен кетсе, не арманы бар еді. Ақбілегін
жақсы   көргені,   аяғаны,   қызғанғаны,   өкінгені,   жиренгені,
қорланғаны бәрі араласып, ақсақалдың жүрегіне зіл қара тастай
бір   бітеу   жара   пайда   болған   еді?   Әнеугі   «Ақтар   ұсталыпты»
деген   хабарды   естігенде,   ақсақал   қорлықты   да,   намысты   да
ұмытып, аталық мейірімі жеңіп: «Ақбілек қайда екен?» деген сөз
аузынан   қалай   шығып   кеткенін   өзі   де   байқамай   қап   еді.   Сол
қызудың үстінде кісі аттандырып, сұрау салғызып еді.
Енді, Ақбілек табылып, үйіне келген соң, оның сорлы болған түрін
көрген соң, оның масқаралығын ойлаған соң, ақсақалдың намысы
қайта қозғалды. Бұрынғы нәрестедей бала, ақ қағаздай таза көріп
жүретін Ақбілегі  енді  күйе жаққан  қағаз,   бала  емес қатын  боп
қалды. Ақсақал баласын құдай қосқан күйеуінен де қызғанатын іші
тар   кісі   еді,   баласы   кірсіз,   таза   болғанын   қалаушы   еді.   Енді
Ақбілек   баласы   емес,   бөтен   әйел   іспетті.   Кімнен   қалған   әйел
десейші! Қазақ, қазақ болса бір сәрі ғой. Ол о ма? Келген-кеткен
кісінің көзі Ақбілекте болатынын алдымен әкесі сезеді. Бәрі де:
«Мамырбайдың   орыс   талқылаған   қызын   қара!»   деп,   ақсақалды
көзге шұқыған тәрізденді. Енді Ақбілегі әкесіне масыл болды. Бала
ұстаған емес, жұртқа тамашалауға маймыл ұстап отырған кісі
тәрізденді.   Ақбілектің   қырсығынан   ақсақал   масқара   боп
абыройынан, адамдығынан айырылғандай болды. Міне ақсақалдың
баласына   түзу   қарай   алмай,   қашқақтап   жүргені   сол   еді.
Қызғаныш, жиреніш, өкініш, аяныш, ыза, қорлық — бәрі ұласып,
оның   тірі   қалып,   көзге   күйік   болғанына   бармағын   шайнап,
зығырланар еді. Бірақ өз қолын өзі кессін бе? Өз ішіне өзі пышақ
ұрып, жарылып өлсін бе? У жеген қасқырдай іші алау-жалау боп
өртеніп, шықпаған сүлдесін сүйретіп жүр еді.
Кейде ақсақал оңаша отырып, терең ойға батар еді: «О бақырда
не   жазық   бар?»   деп   баласын   бір   ауық   аяр   еді.   «Оны   да   құса


қылмайын,   түс   жылытайын»   деп   бір   ойысып   келсе   де,   оның
басынан өткен күндері есіне түскенде, Ақбілек кеудесінен итеріп
тұрғандай   бірдеңе   оның   маңына   жолатпаушы   еді.   Бір   ауық
«тезірек   құтылсам   қайтер   еді...»   деп   ойлар   еді.   Бірақ   қалай
құтылар? Бекболат жуырда ала қояр ма?.. Және үйі болса иесіз
тұр. Әуелі өзі бір шүйке бас тауып алып, оның қамын содан кейін
ойлаған дұрыс қой. Соңғы кезде ақсақалдың ойлап-ойлап, тапқан
түйіні осы еді.
Бірақ, ақсақалға енді қатын ала қою да оңай жұмыс емес: жасы
жер   ортасынан   асып,   міне   елудің   бесеуіне   шықты.   Енді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет