Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет130/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   143
жүректің соғуы жиілене түседі. Енді жарты сағат қалды. Міне
жиырма бес минут қалды. Уақыт қалай ұзақ! Не істерімді білмей,
күнделігімді алып жазып отырмын. Енді бір жиырма бес минутта
ол көрінсе, келсе, жолықса, жымиып қараса, «Саламатсыз ба?»
деп,   қолымды   ақырын   ғана   қысса,   содан   әрі   не   болмақ?..   Қазір
басыма ешбір ой тоқырап тұрмайды... Бірден бірге көшіп отыр...
Не жазарымды білмеймін... Ол келер, ә? Бір бөгет болмаса, келер...
Әлде   келмей   қала   ма?   О   да   мүмкін...   Қазір   ол   не   істеп   жатыр
екен? Әлде сағатқа о да қарады? Әлде киініп жатыр? Әлде айнаға
қарап   тұр?   Әлде,   әлде...   Сағатқа   тағы   қарау   керек...   он   сегіз
минут  қапты...  Қой,  уақыт  өтіп  кетер.  Тысқа  шығу  керек  әлде
оның сағаты ілгері шығар...


Сағат түнгі 12.
Мана тысқа шығып, бұрышта күтіп тұрдым. Бала келе жатыр
екен. Баланың жүрісіне қарап, бал ашып тұрмын. Шыдай алмай,
оған   қарсы   барып   білдім.   «Үйінен   шықты»   деді.   Жөнелдім.   Ар
жағынан «Нардомға» о да келді, мен де келдім. Алдымыздан бір
орыс шығып, билет сұрады: ертең ойын болмақ қой. Біраз тұрдық.
Көшеде   үш-төрт   шәкірт   көрінді.   Ол   «Нардомның»   ішіне   кірді.
Сахна   жаққа   жасырынды,   састы...   Бірге   оқитын   жолдастары
ғой: өсектен қорқады. Біз басқа есіктен көшеге шығып кеттік.
Көбінесе   жай   сөз   сөйлестік.   X.   қаласының   өсегі,   әркімнің   біз
туралы сөзі, менің оқыған қыз туралы пікірім... Мұнда келгендегі
бір мақсұтым... тағы сондай жанама сөздер. Аяғында пердені ашу
керек дестік. Көбірек сөйлесу үшін бір жер керек болды. Ол бір
күні біздің пәтерге келмекші болды. Бірақ үйлеріңіздегі балалардан
сыр шашылып кетпесін деді. Екеуміз көп сөйлесетін кісідей болсақ
та, сөйлесе алмадық, үйлестіре алмадық. Керекті сөз аузымыздан
шықпады. Жүрек сырын көзбен ғана білістік. Мен қайтам-қайтам
деп келе жатып, қас қарайғанда үйіне жеткенше еріп барыппын».
«Март - 18.
Ойында болдық. Ол келді. Бұрынғы орнында отырды. Мен қарай
бердім білем: жеңгесі маған: кейінгі қатарға отырасыз ба?— деді.
Ол кейінгі қатарда еді. Орын ауыстырдық. Сондай құмартыппын,
ол   қараса   менде   тағат   қалмайды.   Сондай   құмартып   отырған
көңілді   антыракты   кезінде   үш-төрт   шәкірт   бұзды.   Олар   оны
жібермей,   қамалап   сөйлесіп   тұрып   алды.   Біреуі   баяғы   шығарып
сала беретін жігіт. Не сөйлескенін білмедім. Бірақ оған жағымды
сөз емес-ау деп жорыдым.
Ойын   басталған   кезде   ол   келіп   жеңгесіне   сыбырласты.   Жеңгесі
ренжіп отырды. X. қаласында тұру керек емес, кету керек деп,
маған   да   айтты.   Мен   де   бұл   қаланың   адамдары   бұзық   деп
жамандадым.
Жеңгесімен   екеуміз   орын   ауыстырдық.   Мен   оның   қасына
отырдым.


Қапай екеуміз оларды үйіне апарып салдық.
Баяғы шығарып сала беретін сары бала біресе алдымыздан, біресе
артымыздан шығып, қасқырша торыды да, бізді сақ күзетші деп
ұқты   білем,   бір   уақытта   шылымның   отын   алдымыздан
жарқылдатып,  шашып,   жанап  өте   шықты.   Мен:  —  мынау   кісі
өртей ме? дедім. Ол: — сонша аямай неғыпты? Кісі аяушыл болу
керек емес пе?— деді. Мен ол мейірімді екен деп ойладым.
Мана   сөйлесіп   тұрғанда,   Күләнді   біздің   пәтерге   барасың   деп,
сөгіпті   (онысы   өсек).   Және   олар   (шәкірттер)   наурыз   жасамақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет