Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет24/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

— Түнде жалғыз өзің қорықпайсың ба?
— Қорықсам да қалайын... сіздер қайтып келмейсіздер ме? – деді
жұлып алғандай.
— Мәлім емес, — деп қара мұрт мұртын дірілдетті.
Сол   сөзді   бітірген   кезде,   тағы   үш   орыс   келді.   Олардың   басын
сілкуінен, қол сермесінен Ақбілек: «Бір жаққа апарайық, жабылып
масқаралайық,   атып   өлтірейік»   деп   тұр   ғой   деп   түсінді.   Қара
мұрт оларға ашуланып, көзін тікірейтіп, тістене ежірейіп сөйлеп,
еді,   беттері   қайтқандай,   алақандарын   жайын,   мойындарын
қылқың еткізді. «Сендердің талқыңа бермеймін» деп тұр екен деп,
Ақбілек қара мұртқа жалтаңдап қарай берді. Әрі-бері сөйлесті де,


олар   кетіп   қалды.   Қара   мұрт   отырды.   «Жүре   бер»   дегендей
тілмашқа бас изеді, төмен қарап, маңдай терісін үш саусағымен
уқалап біраз отырған соң, оң қолын сілкіп қалып, ұшып түрегелді
де өз кеудесін өзі түртіп-түртіп Ақбілекке, қолын ұсынып: «Жүр!»
деді. Ақбілек жып-жылдам түрегелді.
Қара мұрт Ақбілекті қолтығынан ұстап, қостан шықты да, оң
жақтағы бұлақтың бұтасына қарай алып жүрді. Ұйтқып соққан
ызылдақ   жел.   Ай   жоқ.   Қараңғылық   қоюланып   келеді.   Сабаған
жүндей   түйдектелген,   шыңылтыр   сұрқыл   бұлттар   тоғытқан
қойдай   шоғырмақталып,   тауға   қақпақ   болатындай,   тауды
тұншықтыратындай, аш тауықша селдір жұлдыз – тарыларын,
бір-бірлеп қылқып жатыр. Жұлдыздармен бірге үміт сәулелері де
бір-бірлеп батып бара жатқандай Ақбілектің сұм жүрегі әлденені
сезгендей болады; екі көзі жалт-жұлт етіп қара мұрттың бетіне
қарай   берді.   Қара   мұрттың   беті   сұрланған,   көзі   қанталап,
танаулары   желбіреп,   қозғалған   іспеттенеді.   Аяқ   басуы   қатаң:
Ақбілекке   ұнамайды,   жүрегі   қысылып,   өкпесі   аузына   тығылып
барады. Шеткі шоқ талдан асып, көп талмен араңқайға барғанда,
қара мұрт тоқтады. Ақбілектің бетіне тура қарап біраз тұрды.
Құшақтап, қысып, аузынан үш рет құшырланып сүйді.
«Осылай тұр!» дегендей екі иығынан басып қалды. Өзі бес-алты
адымдай анадай жерге тура қалды. Алтыатарын алып, Ақбілекке
кезене   бергенде,   Ақбілек   шаңқ   етіп   безілдеп   кезеулі   мылтыққа
қарсы тұра жүгірді. Қара мұрттың кезенген қолы сылқ етті.
—   Мені   неге   атасың?   Не   жазығым   бар   еді?   Ағатай-ай!   Не
қылдым?..— деп Ақбілек зарланып, жылап, өне бойы қалшылдап,
қара мұрттың мойнынан құшып, аймалап сүймесін бе?
Қара   мұрт  қолын  салмақпен  көтеріп,   керенеу   құшақтап,  арқаға
қақты, аяғандай болды. Бетіне қарап, біраз тұрды да, мылтығын
қабына салып, Ақбілекті қосқа қайта алып жүрді. Қосқа кірген соң
тілмашын шақырып алып айтқаны:
—   Мен   сені   сүйдім,   сен   үшін   жанымды   қидым.   Өзімнен   кейін
өзгенің   сүйгенін   қаламаймын,—   деді.   Ақбілектің   іші   мұздай   боп


кетті.   Ой   жасаған!   Орысқа   сенім   жоқ   екен-ау!   Әнеугіден   бері
ерлі-зайыпты кісідей жолдас боп жүріп, кетер күні өлтіріп кетем
дегені неткен өзімшілдік, неткен тасбауырлық, неткен қанішерлік.
Орыс шіркін өзім ғана өмір сүрсем екен дейді екен-ау! Өзгені жан
екен   десейші!   Аяу   деген   болсайшы...   деген   ойлар   дереу   сап   ете
түсті де, дереу айла тапқысы келді:
— Мені өлтірме! Қасықтай қанымды қи! Мен саған тағы керек
болмасымды қайдан білесің? Мен түсімде саған еріп қала барып
жүр   едім.   Сен   бұл   жолдан   аман-есен   қайтасың,   елге   аман


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет