Таңертеңгі жаттығудың маңызы мен міндеттері


Ортаңғы топтағы таңертеңгі жаттығу



бет3/18
Дата02.11.2022
өлшемі116,62 Kb.
#47006
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Таңертеңгі жаттығудың маңызы мен міндеттері

Ортаңғы топтағы таңертеңгі жаттығу
Ортаңғы топтан бастап таңертеңгілік жаттығу арнайы дене шынықтыру залында жасалуы керек. Бұл жас ерекшелік тобында балалар жаттығуға өз бетімен дайындалады және оған қатысуда анағұрлым белсенділік көрсетеді. Жаттығудың ұзақтығы 5-6 минут. Таңертеңгі жаттығу комплексі жалпы шынықтыру сипатындағы 4-5 жаттығудан құралады және 4-5 рет қайталанады. Олардың мазмұнына жүру, жүгіру, бір орында тұрып секіру,жүгіру, иық пен қолдың, мойынның, аяқтың, іш пен арқаның бұлшық еттеріне арналған жаттығулар міндетті түрде кірістіріледі. Жаттығуларды орындау үшін жылдың басында балалар шеңберге тұрады, жылдың екінші жартысында звено болып сапқа тұрады. Ортаңғы топта жаттығу барысында бастапқы қалыптың барлық түрі сақталады. Жаттығу жасау үшін әр түрлі құралдар пайдаланылады: доптар, қысқа таяқшалар,кубиктер.
Ересектер және мектепалды даярлық топтарындағы таңертеңгі жаттығу
Бұл жас ерекшелік топтарында балалар таңертеңгі жаттығуға өз бетінше дайындалуы керек. Жүру, жүгіру жаттығулары әр түрлі болуға тиіс. Жүру қарқынды, бағытты өзгертуде, аяқтың ұшымен, өкшесімен, табанның сыртқы қырымен, тізені жоғары көтеріп жүру, кедергілерден аттауда және де басқа зейін қою жаттығулары кең қолданылады. Жаттығудың ұзақтығы 8-10 минут. Таңертеңгі жаттығу комплексі жалпы шынықтыру сипатындағы 5-6 жаттығудан құралады және 7-8 рет қайталанады. Балалар жаттығуға сап түзеген кезде залдың ортасымен үш-үштен үш сап құрап немесе төрт-төрттен төрт сап құрай бөлінеді.
Басшылық ету әдістері
Ересек балалар тобындағы таңертеңгілік жаттығудың негізгі ерекшеліктерінің бірі-балалрдың оларды орындауға жауапкершілікпен қарауы. Тәрбиеші балаларғ таңертеңгі жаттығудың міндетін түсіндіреді, оның денені жетілдірудегі, күшке ие болудағы оңтайлылық, денені жалпы қалыптастырудағы, жүрістің сәнді болудаңы ролін ашып көрсетеді. Жаттығу барысында дем алу мен дем шығару үйлесімділігін сақтау да жаттығуды дұрыс жасаудың негізгі шарттарының бірі екенін балаларға үйрету міндетті болып саналады. Бұл жас ерекшелік топтарында балалар таңертеңгі жаттығуды тез есте сақтап, өздері басшылық жасай алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет