Зәрдiң түзiлу механизмi. Зәрдiң түзiлу механизмiне түсінiктеме беретiн теорияны (сүзiлу-қайта сiңу және секрециялық) ХIХ ғасырда К.Людвиг, Боумен, К.Гейденгайн ұсынған. Ал ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында А.Кешни, А.Ричарде, Н.Вирц, А.Г.Гинещинский және т.б. ғалымдар толықтырылды. Осы тоерияларға сәйкес зәрдiң түзiлуi екi кезеңде өтедi.
Бiрiншi кезеңiнде Шумлянский-Боумен капсуласында қанның сұйық бөлiгi сүзiлiп өтуiнен басталады. Осының нәтижесiнде капсула қуысында коллоид заттардан тазартылған, құрамы жағынан қан плазмасына ұқсас сұйық –алғашқы зәр пайда болады. Тек құрамында қан клеткалары және үлкен молекулалы белоктар болмайды, аз даған альбуминдер, қант, аммин қышқылдары, тұздар болады, олардың концентрациясы қан плазмасындағыдай. Сүзiлу процесi мальпигий шумағындағы қысымның жоғары болуына (70-90мм). Байланысты жүредi. Себебi қанды алып кетушi артериясының диаметрi кiшi болады,сондықтан қысым жоғарлайды.
Тәулiгiне өте көп мөлшерде алғашқы зәр түзіледі,мысалы адамда 150-180л,сиырда 540-1800л. Бүйрек арқылы тәулiгiне 1400-1800л қан өтедi, ал соңғы зәдiң мөлшерi 1,5-20л. Екiншi кезеңде қайта сору процесi басталарда судың көп мөлшерi, аминқышқылдары, глюкоза т.б керi сiңiп, қанға өтедi.
Несеп жүретiн түтiкшелерiн құрайтын эпителий клеткаларының бетiнде iшектегi сияқты микробүрлер (әрбiр клеткада 6500 микротүтiк орналасады) болады. Жалпы iшкi беттiк ауданын 40 есе өсiредiде, оның жалпы ауданы малда 40-50м2ге жетедi. Зерттеулер бойынша 100л алғашқы зәрдiң 98,5л керi сорылатыны анықталған.
Заттардың қайта сорылуы активтi механизм әрекетiмен, осмос және диффузия заңдылықтарына сәйкес сорылады. Активтi тасымалдау нефрон түтiкшелерiнiң проксимальдық бөлiгiнде, ал дистальдық бөлiгiнде заттар жай диффузия түрiнде тасымалданады.
Алғашқы зәр құрамындағы заттар екi топқа бөлiнедi: шығару табалдырығы жоғары және шығару табалдырығы төмен.
Алғашқысына – қант, хлоридтер, фосфаттар, калий, кальций, натрий, несеп қышқылы жатады. Бұл заттар соңғы зәрде тек қана олардың қандағы концентрациясы шамадан тыс жоғарлағанда ғана байқалады.
Шығару табалдырығы төмен заттарға-қанға қайта сорылмайтын заттарды айтады. Бұларға сүльфаттар, креатинин, мочевина жатады.
Бүйреккте синтетикалық процестер де жүредi. Мысалы гинур қышқылы қанда жоқ, ол бүйрек ұлпасында түзiлiп, зәр құрамына кiредi. Зәр құрамындағы аммиактың, креатининнiң көп мөлшерi бүйректiң өзiнде түзіледі.
Бүйректе көптеген биологиялық белсендi заттар түзіледі. Ренин гормоны, оның секрециясы бүйрекк артериясындағы қан қысымы төмендесе, қандағы натрий иондарының мөлшерi азайса, күшейедi. Ренин қан тамырлары арнасын тарылтып, қан қысымын жоғарлатады. Сонымен қатар эритрогенин, медуллин, уроккиназа т.б заттар түзі-леді.
Бүйрек арқылы организмге енген дәрi-дәрмектер шығады.
Зәрдiң құрамында 96% су және 4% құрғақ зат болады. Зәрдiң құрамы қабылдаған азықтың құрамына, мөлшерiне,iшiлген су мөлшерiне, физиологиялық күйiне және ауа райы мен жыл мезгiлiне байланысты өзгерiп отырады.
Зәрдiң түрi сарғыш, урохром және уробилин сияқты бояғыш заттарға байланысты. Тығыздығы 1,012-1,025 негiзiнен мочевина, несеп қышқылы, сульфаттар болады.