Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет90/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   119
3. Ауыз қуысындағы ас қорыту
Ауызға келiп тұскен тамақ 15-30 секундтай кiдiредi. Мұнда азық механикалық және химиялық өңдеуден өтедi.
Механикалық өңдеу- шайналып, ұсақталады, сiлекеймен шыла-нып, жұмсарады.
Ұсақталу тiстердiң, бұлшық еттердiң қатысуымен жүредi.
Ауыз қуысында үш жұп сiлекей бездерiнiң- шықшыт, тiл асты және жақасты- өзегi ашылады. Сонымен қатар, ауыздың шырышты қабығында битивай орналасқан ұсақ бездердi ажыратады. Тәулiгiне адам 1,0-2,0литр, ал iрi қара-90-190л, қой –6-10л сiлекей бөледi. Тамақ қабылдаған соң сiлекейдiң бөлiнуi үдейдi.
Сiлекей түссiз, қоймалжың, сұйық зат. Құрамында 99-99,4% су және 0,6-1% құрғақ зат болады.
Құрғақ зат құрамына- белоктар, муцин, ферменттер- амилаза, мальтаза, лизоцим кiредi. Сонымен қатар натрий, калий, хлор, фосфор болады.
Зат алмасу өнiмдерi- көмiр қышқылы, мочевина, аммиак та кiредi.
Сiлекейдiң рН сiлтiлi, тығыздығы 1,002-1,012 тең болады.
Ауызға тұскен азықты сiлекей ылғалдап, оны шайнауды оңайлатады, азықтың дәмдiк сапасын анықтауға қатысады. Сiлекей құрамындағы муцин ұсақталған азықты жабыстырып, жұту процесiн жеңiлдетедi.
Амилаза, мальтаза ферменттерi крахмалды глюкозаға ыдыратады. Сонымен қатар (иттерде) дене температурасын реттеуге, лизоцим - бактероицидтiк қызмет атқарады.
Сiлекей бездерiнiң жұмысы симпатикалық және парасимпатикалық нервтер арқылы реттеледi. Ауыз қуысындағы рецепторлар тiтiркенiп кезеген нерв, үш түбірлi нервтiң тiл тармағы, тiл-жұтқыншақ нервi арқылы сопақша мида орналасқан сiлекей бөлу орталығына берiледi. Сопақша мидан қозу толқыны таламустың, гипоталамустың және ұлке ми жарты шарларының тиiстi құрылымдарына берiледi.
Симпатикалық нерв талшықтары қозғанда аз мөлшерде, органикалық және бейорганикалық заттарға бай сiлекей бөлiнедi.
Парасимпатикалық нерв қозғанда сiлекей көп мөлшерде бөлiнедi, құрамында органикалық және бейорганикалық заттар аз болады.
Сiлекей бөлiнуде шартсыз және шартты рефлекстер кезеңiн ажыратады. Азықтың иiсi мен түріне, ыдыс сылдыры- шартты рефлекс тұрi, ал азық қабылдаған соң шартсыз рефлекс басталады.
Жануарларда сiлекей бөлу процесiнде айтарлықтай өзгерiстер байқалады. Мысалы, жылқыда сiлекей тек азық қабылдағанда ғана бөлiнсе, күйiс қайыратын малдарға сiлекей үнемi бөлiнiп тұрады.
Ауыз қуысындағы ас қорыту жұту процесiмен аяқталады. Жұту- күрделi рефлекторлы акт. Жұтқыншақ өңеш арқылы тамақ қарынға түседi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет