Салыстырып тексеру сұлбасы дегеніміз - эталондардың, үлгілі өлшем құралдарының бағыныстылығын орнататын және бірлік мөлшерін үлгілі және жұмысшы өлшем құралдарына берілу тәртібін белгілейтін құжат.
Салыстырып тексеру сұлбалары мемлекеттік және локальді болып жіктеледі.
Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары елдегі барлық физикалық шамалардың өлшем құралдарына таралады, ал локальді салыстырып тексеру құралдары белгілі бір аймақта, салада, ведомствода немесе кәсіпорындарда қолданылатын физикалық шамалардың өлшем құралдарына арналады. Локальді салыстырып тексеру сұлбаларына барлық пайдаланылатын немесе қолданысқа шығарылатын жұмысшы өлшем құралдары енгізілуі қажет.
Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары ҚР Мемстандартымен бекітіледі, ал локальді сұлбалар ведомстволық метрологиялық қызметтермен немесе кәсіпорын басшылығымен бекітіледі.
Эталондардан басқа бірлік мөлшерінің берілуі үлгілі өлшем құралдары арқылы да жүргізіледі. Жалпы түрде мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасының мазмұнын қарастырайық. Салыстырып тексеру сұлбасы тесттік бөліктен және чертежден тұрады. Салыстырып тексеру сұлбалар құжатының түріне белгілі бір талаптар қойылады.
Өлшем құралдарын бастапқы салыстырып тексеру (калибрлеу) нәтижелерін тану.
Өлшем құралдарына салыстырып, тексеруді (калибрлеуді) жүзеге асыратын шетел фирмаларының метрологиялық қызметтері, зертханалары немесе өзге де бөлімшелері (бұдан әрі шетел фирмаларының метрологиялық қызметі) жүргізетін өлшем құралдарын бастапқы салыстырып, тексеру (калибрлеу) нәтижелерін тану «Шетел метрологиялық ұйымдары жүзеге асыратын өлшем құралдарын бастапқы салыстырып, тексеру (калибрлеу) нәтижелерін тану тәртібі» 2.40-2002 ҚР СТ мемлекеттік стандарттқа сәйкес жүзеге асырылады.
ТМД-ға қатысушы елдердегі бастапқы салыстырып, тексеру (калибрлеу) нәтижелерін тану 06-2001 көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.
Сынақ нәтижелері танылған және сынақ түрін бекітілген түрге сәйкестігіне бекітілген жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган өндірістен өлшем құралдарын шығару кезінде бастапқы тексеру нәтижелерін тану туралы шешім қабылдайды.