(+м, +ң) сы кел; -са игі еді; ғай еді; -са екен тіркестерінің жалғануы арқылы жасалады.
Өтініш, тілек мәнді сөйлемдер Етістіктерге ғана жалғанатын -уыңызды//-уіңізді өтінемін немесе
-уыңызды//-уіңізді сұраймын тіркесі (Я прошу Вас ...) өтініш жазу барысында
жиі қолданылады. Мысалы: Менi энергетик қызметiне қабылдауыңызды өтінемін.
Табыс септігі.
Етістіктің шақтары
Шақ – етістіктің негізгі категорияларының бірі. Шақ қимылдың жасалып жатқанын, келешекте жасалатынын, жасалып болғанын білдіреді. Іс-әрекеттің мезгілге, уақытқа байланысын көрсететін етістікке тән категория шақ деп аталады. Шақтың үш түрі бар: 1) осы шақ, 2) өткен шақ, 3) келер шақ.
Осы шақ істің сөйлеп тұрған уақытта болып жатқанын көрсетеді. Мағынасына қарай осы шақ екі түрге бөлінеді: нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ. Нақ осы шақ іс-әрекеттің сөйлеуші сөзімен бір мезгілде орындалып жатқанын көрсетеді. Нақ осы шақ көбінесе отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктері арқылы жасалады. Мысалы, оқып отыр, күліп тұр, ойнап жүр, ұйықтап жатыр. Ауыспалы осы шақ істің, қимылдың дағдылы түрде болып тұруын көрсетеді. Ауыспалы осы шақ түбірге көсемшенің -а, -е, -й жұрнақтары мен жіктік жалғауының жалғануынан жасалады. Мысалы, жаңбыр жау-а-ды, күн күркіре-й-ді, мен айт-а-мын, сен кел-е-сің, мен келіспе-й-мін, орында-й-мын, тапсыр-а-мын, т.б. Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған мезгілден кейін орындалатынын білдіреді. Келер шақтың үш түрі бар: 1) болжалды келер шақ, 2) мақсатты келер шақ, 3) ауыспалы келер шақ. Болжалды келер шақ іс-қимылдың орындалуын болжам түрінде көрсетеді. Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне есімшенің -ар, -ер, -р және болымсыз етістікке -с жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, қуан-ар-сың, жет-ер-сің, тоқы-р-сың, айтпа-с, сындырма-с, келтірме-с, өкпелетпе-с, т.б. Мақсатты келер шақта іс-қимылдың орындалуы мақсатты түрде айтылады. Мақсатты келер шақ -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы, тапсыр-мақ, үйрен-бек, келіс-пек, ақылдас-пақ, сұран-бақ, келтір-мек, т.б. Ауыспалы келер шақ іс-әрекеттің орындалуын бірде осы шақтық, бірде келер шақтық мағынада көрсетеді. Ауыспалы келер шақ сол сөйлемдегі мезгіл мәнді сөздер арқылы айқындалады. Мысалы,
Өткен шақ істің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын орындалғанын көрсетеді. Өткен шақ мағынасына және тұлғалық белгілеріне қарай үшке бөлінеді: 1) жедел өткен шақ, 2) бұрынғы өткен шақ және 3) ауыспалы өткен шақ. Жедел өткен шақ іс-қимылдың таяу уақытта орындалғанын білдіреді. Етістіктің түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, жаз-ды, көр-ді, жаттық-ты, тербет-ті. Бұрынғы өткен шақ іс-қимылдың сөйлеп тұрған уақыттын бұрын орындалғанын тұжырымды түрде көрсетеді. Бұрынғы өткен шақ -ған,-ген, -қан, -кен жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы, оқы-ған, жеткіз-ген, жаттық-қан, тербет-кен, т.б. Бұрынғы өткен шақтың болымсыз түрі үш түрлі жолмен жасалады: 1. Болымсыздық мәнді -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы: жеткіз-бе-ген, орында-ма-ған, үйрет-пе-ген, т.б. 2. Өткен шақтық етістіктен соң жоқ, емес көмекші сөзінің тіркесуі арқылы: тапсырған жоқ, көрген емес, т.б. Ауыспалы өткен шақ іс-қимылдың бірде осы шақта, бірде өткен шақта орындалуын көрсетеді. Ауыспалы өткен шақ -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалады: хабарлас-атын, түсіндір-етін, қоста-йтын, т.б.
Бұрынғы өткен шақта ақпаратты түсіндіру, айту.
Бұйрық рай формасының қолданылуы.
Бұйрық рай қимылдың, іс-әрекеттің тыңдаушыға (П-жақ) я бөгде біреуге (3-жақ) немесе өзіне (І-жақ) қаратылып, бұйыра, талап, тілек етіле айту мағынасын білдіреді. Мысалы: Ғылым таппай мақтанба (А). Етістіктін бұйрық рай тұлғасы бұйрықтық мағынамен бірге талап, тілек ету, ниет мағыналарын да білдіреді.
Жасалу жолы: етистикке жакка карай косылатын жалгаулармен жасалады. Мысалы: 2ши жакта ық, -іқ, -ң, -ңыз, -ңіз, -ықыз, -іңіз.
Шартты рай формасы