Аудармасы: «Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз, Оның серігі жоқ. Бүкіл билік Онікі және барлық мақтау-мадақ Оған лайық. Ол тірілтеді, әрі өлтіреді. Сондай-ақ, Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді»
Субхан Аллаһ – 33 рет (Алла пәк)
Аудармасы: «Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз әрі Оның серігі жоқ. (Бүкіл) билік Онікі, әрі (барлық) мақтау-мадақ Оған лайық. Әрі Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді»
(Бұл сөздерді күнде таңертең жүз рет қайталау керек)
Бұл дұғаны күні бойы жүз рет айтқан адам он құлды босатқанмен тең болады және оған жүз iзгiлiктi істер жазылып, ал жазылған жүз жаман істері өшіріледі. Бұл сөздер оған күні бойы кешке дейін шайтаннан қалқан болады, әрі оларды жүз реттен көбірек қайталаған адамды санамағанда, ешкім осыдан лайықтырақ іс істей алмайды»
«Аятул Курсиді» оқу («Бақара» сүресінің 255-аяты)
«Аллаһу лә иләһә иллә һууәл хәййул қаййуум. Лә тә'хуз̃уһу синәтуу уәлә нәум. Ләһу мә фиис сәмәуәти уәмә фиил әрд.Мән з̃әл ләз̃ии йәшфәъу ъиндәһу иллә бииз̃ниһ. Йәъләму мә бәйнә әйдииһим уәмә халфәһум. Уәлә йухиитуунә бишәйим мин ъилмиһи иллә бимә шә. Уәсиъа курсиййуһус сәмәуәти уәләрда. Уәлә йәуудуһу хифзуһумә. Уәһууәл ъалиййул ъазиим»
Аудармасы: «Алла Тағала, Одан басқа еш тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы, Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселер Оған тән. Оның құзырында Өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді? Олардың алдарындағыны да, арттарындағыны да біледі. Олар, Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді. Оның күрсісі (білімі) көктер мен жерді сыйдырады. Оған, ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Және Ол өте биік, аса зор»
Әр намаздан соң және таңертең, кешке бір реттен айтылады)
«Кім оны таңертең оқыса – сол кешке дейін жындардан қорғалған болады, ал кім оны кешке оқыса – сол азанға дейін жындардан қорғалған болады»