Тағылымдарын кие тұтып, ырым-тыйымдарға



Pdf көрінісі
Дата24.03.2017
өлшемі3,21 Mb.
#10247

      Қазақ 

халқы 


қадым 

замандардан 

бері 

табиғат 


тағылымдарын кие  тұтып,  

ырым-тыйымдарға 

сенумен 

келеді.  

       

Наурыз  күні  таң  бозарып 



ата  бастаған  кезде,  ауыл-

аймақтағы  үлкен-кіші  түгел 

биіктеу  жерге  жиналып,  күнге 

қарап: 


«

Армысың, Қайырлы  

Күн - Ана! 

       


Армысың, кеудесі түкті  

Жер - Ана! 

  

Жаңа жыл жарылқа, 



жарылқа!» 

   – 


деп, күнге тәу етіп, 

бата  

жасайды. 

«

Көк  қаулап  өссін,  ақ  мол 



болсын»  деп  ырымдап, 

«

Құ 

-    

    

таю»   

рәсімі  бойынша   

жаңа  бүрлеген  шыбыққа  ақ  

бүркеді. 

 



Пәле-жала, 



ауру-сырқау, 

реніш-қайғы  өткен  жылда 

қалсын, отпен жанып кетсін 

деп 


«

Аластау»

 

рәсімін 



жасайды. 

№4  Наурыз, 2012 жыл 



Құрметті №39 гимназия ұжымы 

  

Сіздерді көктемнің  керемет күнімен 

дөп келген 

8 наурыз 

Аналар 

мейрамымен, 

Ұлыстың Ұлы күні  

22 наурыз  

мейрамымен 

құттықтаймыз! 

  

«Жүрген жанның артында ізі қалар, 

Жүйрік өлсе, артында сөзі қалар» 

М.ЖҰМАБАЕВ

 

    



Тарихи  тамыры  тереңге  бойлаған  әз-Наурыз  дана 

халқымызда  қай  кезде  де  еңсесі  биік  елдіктің,  іргесі 

сөгілмес  бірліктің,  ырыс  пен  ынтымақтың  мерекесі 

болып  келген.  Ұлтымыздың  мерейін  өсіріп,  бар 

болмысымызды  айшықтайтын  қасиетті  –  Наурыз 

мерекесі  елімізге,  әрбір  отбасына  бірлік  пен  қуаныш, 

құт-береке,  бақыт  пен  молшылық  әкелсін!  Ұлыс  оң,  ақ 

мол болсын! 



арналған

   


 «АНА ЕСІМІН БІЗДЕР 

БИІК ҰСТАЙМЫЗ»  

атты 

мерекелік кеш өтті.  

     Кеш гимназия директоры  

Жанкелді Сағынтайұлының 

құттықтауымен ашылып, 

ұстаздарды марапаттаумен 

жалғасты.  

   Ардақты аналарға арнап ән 

салынып, би биленіп көпшілікке  

мерекелік көңіл-күй сыйлады. 

  

      



      

Гимназиямыздың мәжіліс  залында  6 наурыз күні 

ағылшын тілі мұғалімі Айгүл Қошқараевнаның ұйым- 

                                               дастыруымен Аналар күніне                  

 

БҮГІНГІ САНДА:  

           

Ұлттың ұлылығы-рухты ұрпағында 

                         «Шолпанның» күнделігінен...                

                                     «Мен өз елімді сүйемін...» 

                                                «Жігіт сұлтаны – 2012»                             

                                                          Қожанасырдың қоржынынан... 

 

 

     

  «Біз әуелі елді түзетуді – бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек» дейді 

Ахмет  Байтұрсынұлы ұстазымыз. Расында да сол бала тәрбиесімен айналысатын 

мектептерде қазірде Ахмет, Әлихандар,  Мағжан,  Сұлтанмахмұттар аңсаған рухты 

ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етуде.  

        Осы тұрғыдағы гимназиямыздың ұстаздарының  еңбегі өлшеусіз. Бір жылда 

сабақ  барысындағы  тәрбиесінен  бөлек,  ондаған  семинарлар  өткізіп,  сол 

семинарларда қонағына барын көрсетіп, оқушылардың бар қырынан танытуда.  

Дүние  “Сөзден”  басталатыны  мәлім.  Семинар  кезінде  оқушылар  көбіне  алаш 

азаматтарының  келелі  сөздерін  жатқа  оқытып,  сол  өлеңдерді  сахналандырып, 

кей оқушылар өз жүрегінен жарып шыққан жауһар жырларын оқиды.  

 

Гимназиямызда бір айдың өзінде бірнеше семинарлар өтіп тұрады



 

 

 



        25 ақпан күні гимназиямыздың алғашқы әскерге дайындық пәнінің 

 оқытушы Ж.Қ.Зекенов пен мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен келешек 

ұрпақты Отансүйгіштікке, қазақстандық патриотизмге  тәрбиелеу мақса- 

тында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы және мек- 

тебіміздің ашылуына 20 жыл толу  мерейтойына ұйымдастырылған 

 қалалық «Ұлан»  әскери – спорттық ойыны  өткізілді. 

 

 



  

                 Атап айтсақ ақпан айының өзінде, 13 ақпан күні гимназияда  

              математика  пәнінен  «Ұлттық  бірыңғай  тесттегі  геометрия  есептері» 

тақырыбында  қалалық  семинар  өтті.  Оған  қаланың  қазақ  мектептерінің 

математика  пәні  мұғалімдері  мен  ҚББ  әдіскері  А.У.Есенбекова  қатысты.  Гимназия 

директоры Ж.С. Базыл семинарды ашты. А.У. Есенбекова биылғы  оқу  жылындағы  ҰБТ 

тапсыру  ережелеріне  енгізілген  өзгеріске  тоқталып  өтті.  Сонымен  қатар, 

политехникалық  пәндер  кафедрасының  жетекшісі  Ш.Ө.  Нұржанова  гимназияның  3 

жылғы  ҰБТ  –  тағы  математика  пәні  көрсеткіштеріне  талдау  жасады.  Жоғарғы 

санатты  математика  пәнінің  мұғалімі  Ж.Б.Абекбаева  тест  жинақтарындағы 

планиметрия  тақырыбындағы  есептерді  шешу  жолдарын  талдады.  Ш.У.Нұржанова 

және А.Қ. Ашамай стереометрия тақырыбындағы қиын есептердің шешілу жолдарын 

көрсетті. Мектеп психологы М.К.Қошанова семинарға қатысушылармен бірге тренинг  

жұмыстарын  өткізді.  Жоғарғы  санатты  математика  пәнінің  ұстаздары                         

Г.Х.  Садыкова  және  Ж.О.  Ашимова  тест  жинақтарынан  бірнеше  есептер  шығарып, 

топтық  жұмыс  жасады.  Семинарды  ҰБТ-те  сәттілік  тілей  отырып,  А.У.Есенбекова 

қорытындылады.  

18 ақпанда қалалық информатика пәнінің семинары өтті. 

16  ақпан  күні  психология  пәнінен  "Мектептегі  кикілжіңді  конструктивті  шешу 

жолдары«  атты  тақырыптағы  қалалық  семинар,  ал  22  ақпан  күні  ақпаратты 

технологияны  және  ақпаратты  таратудың  жаңа  нысандарына  бағытталған 

мамандандырылған  білім  беру  мақсатында  Е.А.  Бөкетов  атындағы  ҚарМУ-дың  шет 

тілдер факультетімен  бірге ағылшын тілі пәнінен Монтаева А.К.,  Адамова Б.К  

on-line

 

сабақ  өткізді.  Оған  ағылшын  тілі  пән  мұғалімдері  мен  8-10  сынып  оқушылары, 

студенттер қатысты. 

 

   



 

  


  

      

21  ақпан  гимназиямызда  мектеп  директорларына  

арналған ашық есік  күні  болып  өтті.  Ашық  есік  күні  

қала  мектептерімен  тәжірибе  алмасу  мақсатында 

ұйымдастырылды.  Гимназия  мақсаты:  Тұлғаны 

интелектуалды  дамыту  және  жас  ерекшеліктеріне 

сәйкес  тілдік  құзыреттіліктерін  қалыптастыру,  білім, 

білік дағдыларын игеруге жағдай жасау.   

        Ашық  есік  күніне  келген  қонақтар  Рымбаева.Н.И-

ның  дайындаған  «Қазақтың  ұлттық  нақыштары» 

көрмесін  тамашалады,  мектеп   мұражайында  және  

ақпараттандыру  орталығы  мен  мектептің   оқу  

бөлмелерінде  болды.  



      Ашық  есік    күнінің  алғашқы    сөзін  ҚББ  –нің    бастығының  

орынбасары  Кенешова  Р.А.  алып,  бүгінгі  күн  мақсатымен 

таныстырып  өтті.  Гимназия    директоры  Базыл  Ж.С. 

«Гимназияның    оқу  -тәрбие    үрдісін  ұйымдастырудың    ғылыми  –

практикалық  негіздері» тақырыбында баяндама  жасады. 

            Бейіндік  мектеп  құру  жолындағы әлеуметтік   серіктестік жайында Е.А. Бөкетов  

атындағы  ҚарМУ  –дың  тарих  ғылымдарының  кандидаты  ,  доцент  Бейсенбекова  Н.А., 

ҚарМТУ-дің  инновациялық  және  оқу-  әдістемелік  жұмысы  жөніндегі  проректоры   

Исағұлов  А.З.  сөз  алып,  пікірлерін  ортаға  салды,  алдағы  уақытта  гимназиямен  тығыз  

байланыс   жасап, педагогикалық  ынтымақтастықты кеңінен дамытуды тілге  тиек етті. 

Директордың  оқу ісі  жөніндегі  орынбасары  Изтулеуова С.Д  «Жаңаша  оқыту  арқылы  

білім  сапасын  жоғарылату»,  ақпараттандыру  жөніндегі  орынбасар  З.Т.  Жапелова               

«E-learning электронды  оқыту  жүйесін енгізу арқылы педагог  құзыреттілігін дамыту»,  

тәрбие ісі  жөніндегі  орынбасар Оспанова Қ.Д «Жеке  тұлғаның  жан – жақты  жетілуі – 

тәрбие негізі » тақырыптарында мазмұнды  баяндамалар  жасады. 

              Тоғызқұмалақ  ойынынан  республикалық  жарыстың  жүлдегері,  ҚР  спорт 

шеберлігіне  үміткер  Еленбаев Болатхан және «Зерде» оқушылардың зерттеу  жұмыстары 

мен  шығармашылық  жобаларының  VII  республикалық  сайысының  ІІ  орын  иегері 

Жанғазиев Елнар өз жобаларын қорғады. 


  

      Ашық  есік  күнінің  соңында оқушылар  шығармашылығынан қазақ тілі мен 



әдебиет пәні мұғалімдері Өмірбаева Дана Мұратқызы  мен Альжанова Мөлдір 

Жақсыбайқызының  ұйымдастырған  «Ұлттың  ұлылығы – рухты  ұрпағында» 

тақырыбындағы  бағдарлама  ұсынылды.  

      Онда  «Шолпан»  үлгілі  би ансамблінің  орындауында  «Іңкәр 

сезім»,  «Сұлу  сарын» билері,  облыстық  Мұқағали  байқауының  

жүлдегері  Қазбек  Мейірғазы, Мағжан  оқуларының  жүлдегері 

Есниязов  Нұржан,  Қасым  оқуларының  жүлдегері  Бейсенбин  

Ернаттың орындауларында  М. Шахановтың «Қайғымен  бетпе  

-бет»  және  М.Мақатаевтың  «Жоқ,  дәрігер»  өлеңіне  шағын 

көріністер  көрсетілді.  Гимназиямыздың  домбырашылары 

Мұстафин  Дәулет,  Сарсенов  Пангерей,  Қасым  Мәдидің  

орындауындағы  күйлер  тыңдалып, 

ақынжанды  

оқушыларымыз Мағжан  оқуының жүлдегері Ғалым  Арғын мен 

Есниязов  Нұржанның,  Абай  –  Шәкәрім  оқуының  жүлдегері 

Өкенова Гүлнұрдың өз  шығармашылықтарына  кезек берілді.  

       Республикалық 

«Әнші  балапан» 

байқауының  лауреаты  Кеңесбек  Ботакөздің  

орындауында  «Қазақ  елі»  әні орындалды. 

          Ашық  есік  күнінің  соңын  ҚББ  –нің  

бастығының  орынбасары  Кенешова  Раиса 

Амиртаевна  мен  қалалық  әдістемелік 

кабинеттің  меңгерушісі  Головина  Н.В.  және 

келген  мектеп  директорлары  

қорытындылап, 

жақсы 

ықыластарын  

білдірді. 

 «ШОЛПАНның» күнделігінен...   

  

    



Наурыз мерекесіне орай, «Шолпан би» 

ансамблі өзінің мүшелерімен еліміздің 

астанасы Астана қаласының Наурыз 

мерекесінде өнер көрсетіп келді.  Осыған орай 

біз ансамблдің мүшесі Рахимова Томириспен 

сұхбаттасып, мерекеден алған әсерімен  

бөлісуді  жөн көрдік. 



      Томирис,  Наурыз  мерекесіне  орай 



Астана қаласы өзгерген бе екен? 

 Сондай  сұлу,  күн  сайын  құлпырып  бара 



жатқандай,  әсіресе,  «Қазақ  елі»  алаңы 

сондай көрікті. 

 



Мереке қалай өтті? 





 

Қала  тұрғындары  бізді  сондай  қонақжайлылықпен  қарсы  алды.  Бізден  басқа  бұл 

мерекеге  еліміздің  түкпір-түкпірінен  қонақтар,  өнер  майталмандары  келген  екен.  Біз 

17-22 наурыз аралығында «Азат» қонақүйінде болдық.  «Қазақ елі» алаңы үлкен ақ киіз 

үйлерге  толы  болды.  Алтыбақан  құрылып,  елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  келгеннен 

кейін  үлкен  тайқазан  ашылып,  барша  қонақтарға  әжелер  наурызкөженің  дәмін 

таттырды. 



Қандай өнер жұлдыздарын көрдің? 

Бұл  концертте  қазақтың  әйгілі  әншілері  өнер  көрсетті.  Олар:  Роза  Рымбаева,  Тамара 



Асар, Қарақат Әбілдина және Атхамбек Юлдашев та болды. «Дос-Мұқасан», «Жігіттер», 

«Муз-АРТ» топтары да келді.  



Өздерің қандай би биледіңдер? 

Біз  Атхамбек  Юлдашевтың  әніне  өзбек  биін  биледік,  «Дос-Мұқасан»  тобының  әніне 



қазақ биін , ал Роза Рымбаеваның  «Қазақ елі»» әніне финал жасадық. 



Наурыздағы тілегің? 

Барша қазақ жұртына береке, байлық, бақ тілеймін! 





Рахмет.                                                                                                     

Сұхбаттасқан Аяжан ЕЛУБАЕВА 

 

ЕЛ ҰЛСЫЗ БОЛМАС, 



 ЖЕР ГҮЛСІЗ БОЛМАС... 

 

                 Қазақ топырағында дүниеге келген әрбір азамат  

            өз елін  сүюге міндетті. Әр елдің отанын қорғайтын 

 потриот азаматтары болуы тиіс. 

 

      Мен өз елімді мақтан етемін. Ерте заманда біздің ата-



бабаларымыз қайсарлықпен ел үшін күрескен. Келешек 

ұрпақ  үшін  оқ пен  оттың  ортасында  жүріп  күн  кешкен.  

Менің  өз  өмірім  өзіме  сондай  қымбат.  Бірақ  егерде  ел 

басына күн туып қалған шақ болса, сол қымбат өмірімді 

аянып қалмауға тиісті екенімді де білемін. 

Аида ҚАБДЫМАНАПОВА,  

7 «Ә» сынып оқушысы 

   «Отаным»  деген  сөзді  айтқанда 

ерекше  бір  мақтанышпен,  асқақ 

сезіммен  айтамыз.  Оттан  да 

ыстық 

отанның 


алдындағы 

парызымыздың  үлкен  екенін 

енді-енді  ұғып  келе  жатырмыз. 

Мен  өз  отанымды,  өз  туған 

жерімді  туған  анамдай  жақсы 

көремін.  Келешекте  өз  елімнің 

дамуына 

теңізге 


тамған 

тамшыдай  болса  да  үлесімді 

қоссам деп өмір сүремін. 

Мариям АХМЕТОВА,  

8 «А» сынып оқушысы 

       Мен  егеменді,  тәуелсіз,  бақытты  елдің 

қызымын  деп  ойлаймын  өзімді.  Кіндік  кескен 

осы  мекенімді  сүйемін.  Қасиетті  жердің 

топырағын,  әр  өлкесін,  әр  тасын,  әр  шөбіне 

дейін  ерекше  жақсы  көремін.  Өзегімде  еліме 

деген  сүйіспеншілігім  елімді  тек  өркендеп 

өскен, ұлы жетістіктердің шыңынан ғана көргім 

келеді. 

Аяулым БЕКБОЛАТОВА,  

8 «А» сынып оқушысы 

         Өз  елімнің  басы  болмасам  да,  сайының 

тасы  болғым  келеді.  Күнде  ел  үшін  не  істедім, 

не істей алам деген ой мазалайды. Сол уақытта 

ел  үшін  отқа  түскен  соғыс  ардагерлеріміздің 

өзін  құрметтеп,  дұрысты  қарай  алмай  жүрміз 

ғой деп намыстанам. Тәуелсіз қазақ даласында 

күн  кешіп  жүргенім  үшін  ардагерлерге 

рахметімді айтқым келеді. 

 Әнел ХАМИТОВА,  

7 «Б» сынып оқушысы 

             Олар қолдарына  қару алып жауға шаппаса да, елінің қиындығына 

жүрегі ауырып, сол ел үшін қызмет істейді. Осы қара топырақты ерлер ғана 

емес, қазақтың қаракөз қыздары да қорғауға үлкен үлес қосқан. Мен осы өзім 

өскен қазақ топырағында дүниеге келгеніме ризамын. Біз «Шолпан би» 

ансамблімен жат елде өнер көрсетіп жүргенде өз еліңнің аңқыған ауасын, 

жұпар иісін аңсап тұрасың. Қандай әдемі көріністердің куәсі болсаң да, өз 

еліңнің сұлулығына  жетпейтіндей көрінеді. 



Сая АХМЕТОВА,  

7 «Ә» сынып оқушысы

 

  

    Ұлыстың  ұлы  күні  Наурыз  мерекесіне  орай    химия  пәнінің 



мұғалімі    Жұлдыз  Зейноллақызы  Жакишева    8  «В» 

сыныбымен    8-10  сыныптар  арасында  гимназиямыздың 

жігіттерінің  өнерлерін  сынау,  шыңдау  барысында  «Жігіт 

сұлтаны»    сайысын  өткізді.  Сайыс  басталмас  бұрын, 

таңертеңгілік  уақытта    І  қабатта  мектебіміздің  ұстаздарына 

Наурызкөжеден  дәм  таттырып,  ұлттық  нақышты  айшықтауға 

тырысты.    Сайыс  ата  салтын  насихаттай  отырып,  нағыз  қазақ 

жігітінің  бойындағы  қасиеттерімен  таныстыру,  ата  салтын 

ардақтайтын,  өз  елін  сүйер  нағыз  қазақ  жігітінің  қасиеттерін 

бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу мақсатында өтті.   



Сайыс төмендегідей турлар бойынша жалғасын тапты:  

1. Қатысушының киім үлгісі 

2. Өзін - өзі таныстыруы 

3. Өз өнерін көрсетуі 

4. Сұрақ – жауап 

5. Вальс биінің үлгісін көрсету.    

        «Ән  сал  сарбаз»  әнімен  ашылған  сайысқа  қатысушылар 

қызу  дайындықпен  келгендіктерін  көрсетті.    Ерлерше  жеңісті 

де,  жеңілісті  де  көтере  білген  сайыскерлердің  қанжығасына 

байлаған жүлделері төмендегідей болды.   



Бас жүлдені

 8 «Ә» сынып оқушысы Рахматуллин Самат, 



І орынды 

-10 «Ә» сынып оқушысы Төлепберген Нұрдәулет, 



ІІ орынды -

 9 «В» Қалқаманов Айбат, 



ІІІ орын -

 9 «А» Сәлімбаев Сұлтан жеңіп алса,    



 

«ЖІГІТ СҰЛТАНЫ - 2012»

 

    8 «А» сынып оқушысы Нұрмұханбет 



Шыңғыс «Сері жігіт», 8 «Б» сынып оқушысы  

Ноғаев Айсұлтан «Сегіз қырлы – бір сырлы», 

8 «В» сынып оқушысы Сандыбаев Сұңғат  

«Тапқыр жігіт»,  9«Ә» сынып оқушысы 

Бекетбаев Ұлан  «Өнерлі бала» , 9 «Б» сынып 

оқушысы Момбаев Мейіржан «Өжет жігіт», 

ал  10 «А» сынып оқушысы Мерғазы Қазбек  

«Алғыр бала»  номинацияларына ие болды.  

Жеңімпаздарды әділқазы алқалары дипломдармен марапаттап, 

келесі күндерге сәттілік тіледі.  Біз де барша қазақ жігіттері 

«Жігіттің сұлтаны» деген атқа лайық болса екен дейміз... 

Шынар ЖАНАТБЕКОВА  

  

    Халықаралық аналар күніне арналған 



Қазақстан-Қарағанды каналындағы 

«Жаңғырық» интелектуалдық сайысына 

гимназиямыздан «Мағжан түлектері» 

деген атпен  9-сынып оқушылары 

Есниязов Нұржан, Ғалым Арғын, 

Бейсенбин Ернат, Сәлімбаев Сұлтандар 

қатысты. Сайыс сұраққа жауап беру, 

кейіпкерлер рөлін сомдау, ана туралы ән 

айту немесе өлең оқу, я болмаса 10 

жылы сөз айту(жамбы тарту 

ретімен)деген 3 бөлімнен тұрды. 

    Телеойынның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәрте- 

         бесін көтеруде түрлі іс – шараларға жасөспірімдерді көп- 

теп тартып, олардың жан – жақты дамуына мүмкіндік жасау. 

      Гимназиямыздың қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Орден Сұрағанқызы 

 баптап апарған «Мағжан түлектері» тобы әділқазылардың үдесінен шығып, 

мемлекеттік тілді насихаттауда үздік деп танылғаны үшін дипломмен марапатталды.

 

     



Наурыз айының 20 күні ҚББ бөлінің ұйымдастыруымен 

сахналық қойылымдар сайысына біздің гимназиямыздан 

«

Жас қырандар» тобы қатысып,  М. Жұмабаевтың «Батыр 

Баян» поэмасынан үзінді көрсетті. Қазақ тілі мен әдебиет 

пәні мұғалімі  Өмірбаева Дана Мұратқызының дайындауымен 

қойылған көрініске әділқазы алқасы жоғары баға берді.  Ақнұр 

Советқызы музыкамен көркемдеп,  технология мұғалімдері 

Мұса Шаяхметұлы мен Жасұлан Көшербайұлы сахнаны әсем 

безендіруге үлес қосты. 

 

РӨЛДЕ ОЙНАҒАНДАР: 

Автор: Ғалым Арғын  

Абылай хан: Искаков Дәуір  

Баян: Бейсенбин Ернат  

Ноян: Қазыбек Мейірғазы  

Әже: Біржанова Сабина  

Қалмақ қызы: Өкенова Гүлнұр  

Жоңғарлар: Құлынбеков Айдар,

 

Болатов Төлеген,



 Крайев Мирас 

Қазақтар:  

Төлеу Аманжан, 

Секенов Азамат 

Бейсенбин Ернат.



 

 

 



Ернат Баянның рөлін 

шегіне жеткізе ойнаса, 

Мейірғазы Ноянның 

бейнесін шынайы 

шығарды. Қалмақ 

қызының сұлулығы 

мен шешендігін 

көрсеткен Гүлнұр 

көрермен көңілінде 

қалды.   

 

 

Ақтық мәреде бас бәйгені жеңіп келеді 



деген сеніммен  оқушыларымыз бен 

Дана Мұратқызына 

сәттілік тілейміз!  

    Жамбыл  облысынан  Республикалық 

олимпиадаға 

келген 

қонақтарды 



гимназиямыздың  директоры  Базыл  Ж.С, 

тәрбие  ісінің  меңгерушілері  Оспанова  Қ.Д, 

Шайхин  А.Т,  директордың  ғылыми  ісі 

жөніндегі  орынбасары  Кубеков    Б.Т,  тарих 

кафедрасының  жетекшісі  Садырбеков  А.Т. 

және бір топ мұғалімдер ұжымы

 

26 наурыз 



күні  таңғы  сағат  04.30-да    күтіп  алды. 

Айдын 


Тұрсынұлы 

қазақтың 

қара 

домбырасымен  қонақтарды  әнмен  қарсы 



алды. 

 

 

               29 күні гимназия ұжымы бақ сынасуға келген оқушыларға  «Ұлттың 



ұлылығы-рухты ұрпағында» атты  концерт қойып, естелік ретінде  сыйлықтар 

ұсынды. Концерттен кейін гимназия мұражайын аралатып, мектеп тарихымен 

таныстырды. Орыс тілі кафедрасының ұйымдастыруымен  «Әдебиет кейіпкерлерінің 

балын»  тамашалатты. Келген  қонақтар оқушыларға алғыстарын айтып, 

ризашылығын білдірді.  Гимназия әкімшілігі  қонақтардың басы қасында болып, 

қаланы қыдыртып, шығарып салды. 

  

Бетті дайындаған

 

 

Ақерке СЕРІКОВА

 

 



Суретте: Жамбыл облысынан келген олимпиадаға қатысушылар 

мен гимназия ұжымы

  



         Ақпанның 6 күні Қарағанды филиалында 

Мектепаралық қазақша КВН чемпионаты болып өтті.  

         Бұл чемпионатта гимназиямыздан №39 «Таңқалмаңыз» 

командасы өнер көрсетіп, 11 команданың  ішінен ІІ орынға ие 

болып, ½ жартылай финалға өтті. Біздің команданың 

құрамында Бейсенбин Ернат, Ғалым Арғын, Есниязов Нұржан, 

Секенов Азамат, Қазыбек Мейірғазы, Құлымбеков Айдарлар өнер 

көрсетеді. Көптен бері көпшілікті шебер ойынымен таң 

қалдырып жүрген сегіз қырлы, бір сырлы жігіттер осы жолы 

да барын салып, бәйге алды.  

Жылату оңай болғанмен, күлдіру қиын . Алдағы 11 сәуір күні 

сағат 16.00-де чемпионаттың жартылай финалы өтеді. 

Ендеше, қиын өнерден қызық жасап жүрген жігіттерге жеңіс 

пен сәттілік тілейміз!  

10 

  

Бетті дайындаған 

 

Тұрлан ӘБІШ 

 


11 

  

     

«Күлкіге өлім жоқ. Ендеше, сол күлкі 

өшпейтіндей Қожанасыр да өлмес жан 

бейнесінде әңгімеленуі шарт»   

Мұхтар ӘУЕЗОВ, академик-жазушы 

          

Бала кезінде Қожадан біреу: 

-    Бауырыңмен екеуіңнің қайсысың 

үлкенсің?-деп сұрапты.  

Қожа сонда: 

-    Шешем былтыр бауырың сенен бір жас 

үлкен деп еді, енді екеуміз жасты болған 

шығармыз, - депті. 

          Бірде Ақсақ Темір Қожаның баласын сарайына 



шақыртып алыпты. 

Қараса, бала әкесінен аумаған: бойы да, бет-әлпеті де, 

мұрны да, аузы да Қожаға аумай тартса керек. «Бұ шіркін 

ақыл жағынан әкесіне тартты ма екен, жоқ па екен, 

байқайын», - деп ойлайды патша. 

Жанқалтасынан бір алтын теңге алып, балаға ұсынады. 

Бала алмайды. 

-

Неге алмайсың? 

-

Шешемнен қорқып тұрмын,-дейді бала. – Ол көшеде 

кездескен бейтаныс адамнан, көлденең көк аттыдан 

ақша алушы болма деп ескерткен еді. 

-

Жігіт екенсің!-дейді Темір. –Бірақ мен көлденең көк 



атты емеспін, патшамын ғой. 

-

Патша екеніңді білемін, бірақ ақшаны патшадан 



алғаныма шешем нанбайды. 

-

Неге? 

-

«Патша берсе, бір теңге бере ме екен, көп етіп бере 

салмай ма» дейді ғой, -депті бала. 

 

          

АДАМДЫ ЖЫЛАТУ ОҢАЙ, АЛ КҮЛДІРУ ҚИЫН.  ДЕГЕНМЕН КӨП 

КҮЛГЕН АДАМ ҰЗАҚ ЖАСАЙДЫ ЕКЕН.  КҮЛКІ-ЕМШІ.   

ЕНДЕШЕ, КҮЛІП ЖҮРІП, ҰЗАҚ ӨМІР СҮРЕЙІК! 

          

Бірде  бір  бай  Қожанасырға:  «Сенің 

алдыңда  ақша  мен  ақыл  тұр,  сен  соның 

қайсысын алар едің?»- деп сұрапты. Қожа 

ойланбастан «ақшаны» деп жауап береді. 

Бай:  «Неге?  Ақылды  алмайсың  ба?  Мен 

болсам  ақылды  алар  едім»,  -  депті. 

Сөйтсе,  Қожекең:  «Әркім  өзінде  жоғын 

алады да», - деген екен. 

          

Бірде Қожанасыр 

есегінен құлап, киімі батпақ  

болып қалыпты. Сонда 

Қожекең: «Көптен бері ойда 

жүрген іс болды», - деп өзін-

өзі жұбатыпты дейді. 

          Бір 

күні 

Қожанасыр 

басына  сәлде  орап  базардың 

ішінде  кетіп  бара  жатса, 

біреу: «Қожеке, мына хатты 

оқып  беріңізші»,  -  депті. 

Қожекең: 

«Мен 

хат 

танымаймын»,  -  десе  де, 

«басыңызда  сәлде  тұр  тұр 

ғой,  қалай  танымайсыз?»  -

деп қоймапты. Сөйтсе, Қожа 

сәлдесін шешіп алып, жаңағы 

жігіттің  басына    кигізіп: 

«Мәселе  сәлдеде  болса,  өзің 

оқы»,  -  деп  жөніне  жүре 

берген екен. 


    

РЕДАКТОРЫ: 

М

ӨЛДІР АЛЬЖАНОВА 

ДИЗАЙНЕРЛЕР: 

А.ЕЛУБАЕВА, 

Қ.ҚАЙЫРТАЕВА 

АРНАЙЫ КОРРЕСПОНДЕНТТЕР: 

А.СЕРІКОВА, Ш.ЖАНАТБЕКОВА. 

 МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: 

Т.

ӘБІШ, С.АХМЕТОВА, Қ.ӘБЕНОВА.  

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 

100000, 

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ,  

СТЕПНОЙ-4 М/А, 33/2 



ҮЙ. 

М.Ж


ҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ   

 №39 ГИМНАЗИЯ.   ТЕЛ: 32-68-42,  

E-MAIL SHOOL-39 @ KARGOROO.ORG 

Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан, 

Бу бұрқырап қатып қалған тастардан. 

Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан, 

Бар тіршілік Наурыздан басталған! 

  

  



 

Саф тыйылып Сарыарқаның бораны, 

Күн өрлейді күмбезінен жоғары. 

Наурыздың жиырма екісі толғанда, 

Тоғысады тоғыз жолдың торабы... 

  

Жат боп бұрын бастары ешбір қосылмай, 



Жүрген жандар таныс тапса – досындай. 

Ол – осынау Наурыздың арқасы! – 

«

Ұлыс күннің» шапағаты осындай! 

Жалғасады жақсылықтар – «Иә, сәт!» 

Қарлығаштар үй сыртына ұя сап – 

Жүрсе,Бақыт қонатынын хабарлап, 

Бұлт көшеді ақ жаңбырын құя сап! 

Document Outline

  • Slide Number 1
  • Slide Number 2
  • Slide Number 3
  • Slide Number 4
  • Slide Number 5
  • Slide Number 6
  • Slide Number 7
  • Slide Number 8
  • Slide Number 9
  • Slide Number 10
  • Slide Number 11
  • Slide Number 12


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет