Таһир Зуһра дастаны



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата31.12.2021
өлшемі99,81 Kb.
#22052
1   2   3   4
Ақылбек Сабаұлы нұсқасы

Өзбек тіліндегі ертегілік нұсқада патша мен уәзірге ғажап бақ ішінде 

жолыққан қария екеуіне екі алма ұсынып тұрып: «Мына алмадан дәм 

татқан әйелдерің ұл да, қыз да табады. Сәбилерді бесігінде атастырып

аттарын Таhир мен Зухра қойыңдар», – дейді. Ақылбек Сабалұлы 

жырлаған «Таhир-Зухра» дастанының мазмұны да соған жақын. Мұның 

өзі: «Сүйіспеншілік, әр нәрсенің себебі Құдайдан», – дейтін ортағасыр 

әдебиетінде айтылатын дидактикалық түйіндерден шыққан. Жырды 

орындаушы осы сарын арқылы екі ғашықтың бірін-бірі жүре келіп 

ұнатқандар емес, әу баста Құдайдың құдіретімен ынтық болып туғандар 

екенін айтпақ болған. 



Ақылбек Сабалұлы жырлаған «Таhир-Зухраның» қазақ тіліндегі 

нұсқасында басты қаhарман қолдаушы иесі Қызырдың арқасында жол 

азабын тартпай сүйгеніне еш кедергісіз жетеді. Дастанның бас қаhарманы 

қашанда мінсіз кейіпкерлер санатында. Олар асқан сұлу, ақылды, білімді, 

басы көрге жеткенше махаббатқа адал, тұрақты болады. Көп нұсқаларда 

Таhирдің ақындық, әншілік өнері көрініс табады. Жыр желісінде 

қаhарманнық эпос дәстүрі де байқалады. Ақылбек Сабалұлы жырлаған 

нұсқада Таhир орасан қайрат иесі болып сипатталады, патша жіберген 

бес мың әскерге қарсы майдан ашады делінеді. Таhир жалғыз өзі көп 

әскерге қырғын салып, ақыры қапылыста қолға түседі. Оған патша 

төңірегіндегі уәзірлер араша сұрайды, Таhирдің жалпы қолға бас 

болғандай қасиеттері дәріптеледі. Бұл арадан қаhармандық эпос 

табиғатына тән белгі-нышандар байқалады. Таhир батыр жау 

қылышынан өлмейді, жаратқаннан жанын алуын өтініп, екі қолымен 

бетін сипағанда кеудесінен жаны шығып кетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет