Тақырыб: Педагогтің кәсіптік іс-әрекетіндегі максаттылық. Қазіргі мектептегі тәрбиенің мазмұны



Дата11.12.2023
өлшемі18,78 Kb.
#137196
Байланысты:
пед


Тақырыб: Педагогтің кәсіптік іс-әрекетіндегі максаттылық. Қазіргі мектептегі тәрбиенің мазмұны

Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы. Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық мамандық негізінде басқара білу. Педагогикалық іс-әрекеттер мынандай құрылымдардан тұрады: іс-әрекет мақсаты, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы. Аталған іс-әрекет құрылымдары бір-бірімен байланысты комплексті жүзеге асырылып, іс-әрекеттің компоненттері де болады. Осы аталған іс-әрекеттер компоненттері де болып табылатын іс-әрекеттер мақсаты, объектісі, субъектісі және іс-әрекет құралдарын жеке-жеке алып қарайтын болсақ: іс-әрекет мақсаты – жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуді көздейді. Жан-жақты тәрбиелеу тәрбие жұмысын комплекс жүзеге асыруы қажет етеді. Комплесті жүргізу адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене, экономикалық, экология, ақыл-ой тәрбиелерін тұтас бір-бірімен ұштастыра жүргізу болып табылады.


Тәрбие жұмысын комплексті жүргізу тәрбиеленушінің санасына да, мінез-құлқына да, олардың тіршілік қызметіне де бір мерзімде ықпал жасауға мүмкіндік
береді.
Жеке адамды жан-жақты дамыту жас ұрпақтың тіршілік қызметінің алуан түрлі:өндірістік, қоғамдық саяси,
рухани адамгершілік салаларында барлық қабілет дарындарын дамытуды қарастырады.

  1. Іс-әрекет объектісі – адамдардың қалыптасуының объективтік негізін – қоғамның материалдық-техникалық базасы, қоғамдық қатынастар, тұрмыс салалары, табиғи орта және адамның туа біткен қасиет-нышандары сияқты адамдардың еркі мен санасына тәуелді емес

  2. факторлар құрайды.

Адам жанасқан нәрселердің бәрі-адамдар, заттар, табиғаттың және айнала
қоршаған қоғамдық өмірдің құбылыстары
осының барлығы оның санасы мен мінез-құлқына, оның рухани әлпетіне ізін қалдырады. Адам қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасады. Сөйтіп, адам әрқайсысы қайталанбайтын дара ерекшеліктерімен көзге түседі.
Сондықтан адамға педагогикалық іс-әрекетті
шығармашылық
негізінде ұйымдастыра білуді қажет етеді.
Баланың тәрбиесіне педагогикалық іс-әрекеттің объективтік жағдайлары, қоршаған өмір де әсер етеді. Сондықтан тәрбие жұмысында өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстарын айналадағы объективті өмірімен байланысты үлестіре жүргізген жөн.
Іс-әрекет
субъектісі - тәрбиеленуші және жас жеткіншектерге тәрбие жөнінен тәрбие жөнінен әсер етушілер: педагогтар, жанұя, педагогикалық коллектив және жұртшылықтар болып
табылады.
Мектеп ішінде балаларға тәрбие беру оқу жұмысын ұйымдастыратын
негізгі тұлға мұғалімдер. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеттері,
оның білімі, білгірлігі, оқыту және тәрбие әдіс-тәсілдері үлкен әсер етеді. Нағыз балаларға лайықты, ұтымды, нәтижелі тәрбие беретін педагогтарды өзін-өзі жетілдірумен шұғылданатын, адамгершілік қасиеттері мол тәжірибелі шебер педагогтар деп айта аламыз.

Қазіргі мектептегі тәрбиенің мазмұны


Тәрбие-қоғамның негізгі қызметтерінің бірі,жеке адамды мақсатты жүйелі қалыптастыру процесі,аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп,сана- сезімін,жағымды мінез-құлқын дамытушы.
Ересек буын қоғамдық-тарихи өмірде жинақталған тәжірибені , білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді .
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті , іскер адам дарды дайындауға бағытталуы қажет
Тәрбие үдерісінің айтарлықтай ерекшелігі - узақ мерзімділігінде, яғни адам тәрбиесі - өмір бойы тоқталмайтын іс.

Тақырыб:Заңдылыктар мен қағидалар және олардың педагогикалық үдерістегі рөлі.


Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту-тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту-тәрбиелеу жұмысын педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері бағыт береді.Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауда болжауға болады. Педагогика тәрбие туралы ғылым ретінде дамиды, сол қоғамдық қызметіне сай биологиялық мұра болмайтын, өткен ұрпақтың әлеуметтік тәжірибенің өсіп келе жатқан мұрагерлердің меңгеруіне байланысты. Демек, тәрбиенің мәні және оның мақсаты индивидтің, адамның барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі ретіндегі қалыптасуы болады. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесі барысында қалыптасатын қоғамдық болмыстың барлық жақтарымен қатынастары. Осыдан педагогикалық процестің мынадай заңдары болуы мүмкін:


-бала өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибелерінің мұрагері-тек қана өзінің белсенді творчестволық шығармашылық іс-әрекетінің арқасында ғана бола алады;


-индивидтің өзін жүзеге асыра алатын және өз орнын таба алуға дайын белгілі бір әлеуметтік-азаматтық дәрежесі бар (барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі тұлға ретінде дамуы, әлеуметтену процесі барысында, әлеуметтік белсенділік кеңістігінің бірте-бірте қеңеюі барысында жүзеге асады;




-ұстаздар мен оқушыларды біріктіретін ұйымдастырылған бірлесіп бөлінген іс-әрекеттері педагогикалық процесс қатысушылардың әрбіріне және барлығына жетістіктер мен қамтамасыз етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет