Байланысты: 20.09.2023 Сенім111 тақырыбында тәрбие сағаты
Тақырыбы : « Бүкіл Қазақстандық сабақ Сенім111 » Мақсаты : Балаларға Ұлттық сенімд телефонының ижұмысын таныту , онда консультативтік , психологиялық , заңт көмегі , көрсетілетіні жайлы мәлімет беру . Оқушылардың сеніміділік деңгейін жоғарлату .
Міндеттері:
1.«сенім» ұғымының мәні
2.өз замандастарымен сенімді қарым-қатынас құра білу қабілеттерін дамыту
3.өзіне,өзгеге,қоғамға сенім білдіруге үйрету.
«Балаға мейірімді Қазақстан!» халықаралық конференция шеңберінде, менің тарапымнан, 2017 жылғы 20-24 қараша аралығында республиканың барлық білім беру ұйымдарында Балалар мен жастарға арналған 111 Ұлттық сенім телефонының жұмысын танытуды, сондай-ақ шұғыл консультативтік, психологиялық, заң көмегін көрсететін сенім телефонына балалар мен жасөспірімдер арасында сенімділік деңгейін жоғарылатуға бағытталған «Сенім 111» бүкілқазақстандық сабақ өткізуге бастама жасалды.
Балалар, біз бүгін «Сенім111» тақырыбында тәрбиелік әңгіме жүргізгелі отырмыз.Әңгімемізді бастамас бұрын,алдынғы буын аға ұрпақтың сенім туралы айтқан ұлағатты сөздеріне көз жүгіртейік.Жазушы ағамыз І.Есенберлиннің «Сенім! Бұл бір ұлы күш!Әсіресе,жаны таза адамға өзгенің көрсеткен сенімі бойына қайрат,қиялына қанат береді. Сол сенімді ақтаймын деп қандай қиындық болса да қарсы тұра алады,ақтап шығуға жанын аямайды»деген сөзі өмірдің өзегі де,негізі де шын мәнінде сенімнен тұратынын аңғартады. «Сенім –құдіретті күш! Дәрігердің емдік іс-әрекетіне толық сенсең ауруыңнан толық жазыласың; ертеңгі мақсатыңа сенсең,қандай қиындық болса да,әрекеттеніп,мақсатыңа жетесің; әлеуметтік келешегіңе сенсең,сол бақытқа өзің де барлық адамдармен бірге ұмтыласың.Сенімің берік болсын» деп Ә.Табылдиев айтқан екен
Осы орайда мынындай мысалға назар аударыңдар: «Ертеде бір ауру адам емші-дәрігерге келіп,—мені ауруымнан айықтыр,көмектес –деп өтініпті.Сонда дәрігер:—Бәрі де өзіңе байланысты,егер сен маған көмектессең,екеулеп ауруыңды жеңеміз,егер айтқанымды орындамай,жазылатыныңа сенбейтін болсаң,ауруыңа көмектескенің. Екеуіңді мен жеңе алмаймын. Сондықтан маған өзіңе деген сеніммен кел деген екен екен»
Сұрақ – жауап :
«Сенім» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?
Қандай адам сенімге ие бола алады?
Адамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге?
Адамдар сенімді кі Жылдам әрі тез сөйлемді аяқта.
Не істеуге болмайды? 1.Уәдені /бұзуға болмайды/
2.Ойланбай /уәде беруге болмайды/
3.Бастаған істі /жартысында қалдыруға болмайды/
Не істеуге болады?
1.Сенімге /ие болуға болады/
2.Өзіңе /сенуге болады/
3.Айналадағы адамдарға /сенім артуға болады/ Әр ойыннан соң балаларды мадақтап отыруды ұмыпау керек.сіге қалай қарайды?
Қорытындылау кезінде оқушыларға «сенім телефонының нөмері қандай?», «мектепте қиын жағдайда кімге хабарласу керек?» сияқты сұрақтар қойып, оқушылардың не түсінгендігін біліп, қорытындылады.