ТАҚЫРЫБЫ № 2. ЛИТОСФЕРА.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Жердің қалыптасқанына қанша жыл болғанын адамдар қалай білген?
Жердің жас шамасын радиоактивтік ыдырау немесе радиокөміртектік мерзімдеу әдісін пайдалана отырып, есептеп шығуға болады. Осы әдістердің көмегімен тау жынысының және органикалық заттардың жас шамасын есептеп шығуға және Жердің жас шамасы туралы шамалас түсінік алуға болады
Магмалық тау жыныстарының шөгінді жыныстардан қандай айырмасы бар?
Магмалық тау жыныстары, атқылаған тау жыныстары — магма немесе жанартаулық атқылаулардан жер бетіне төгілген лаваның суынуынан және кристалдануынан (түйіршіктенуінен) пайда болған тау жыныстары.
Шөгінді тау жыныстары— құрлықта немесе су бассейндерінде шөгетін материалдан пайда болатын тау жыныстары.
Қазақстан аумағындағғы өте ертедегі аймақтар қай жерде орналасқан?
Тау түзілу процесінде қатпарлардың алғашқы, ал опырақтардың соңғы құбылыс болуы неліктен?
Жер беті бойынша жылжитын тектоникалық плиталардың қозғалысынан пайда болған таулардың көбісі қатпарлы болып келеді. Екі тектоникалық плиталар соқтығысқанда жер қабатының жыныстары көтеріледі және олар бір-бірінің үстіне шығып қапталады. Уақыт Өткен соң осы қатпарлар көбейеді.
-Жылжымалы құм
-Таудың пайда болуы барысында жыныстардың қатпарлануы қалай бұзылып, қатпарланатынын көрсету үшін төмендегі тәжірбиеде көрсетілгендей, қағаз бетіндегі құмның қабаты жер қабатының бір қабатын суреттейді. 100 секунд сайын 1 см амплитудасымен парақ-қағаз жай ғана жылжиды. Осылайша ол артынан құмды тартады. Осы құбылыс жер қабатының бойымен қоғалатын жай жүзіп өтетін Жердің сыртқы мантиясының қозғалысын бейнелейді.
Қатпарлар мен опырықтар түзілу процестерінің жер сілкінумен жарысқа өтетіндігі неліктен?
Әрбір геологиялық дәуірлердегі қатпарлар жасына қарай кембрийге дейінгі, каледондық, герциндік, яньшандық, альпылық қатпарлық болып бөлінеді. Бірақ сыртқы күштердің әсерінен қатпарлар бұзылып және тегістеліп кетеді де, алғашқы формасы тек кейбір қатты жыныстардан тұратын бөліктерінде ғана сақталып қалады. Қазіргі таулардың, оның ішінде қатпарлы және қатпарлыжақпарлы таулардың пішіндері қатпар құрылудан емес, кейінгі уақыттағы алапты көтерілу мен жақпарлы көтерілуден пайда болды.
Жанартаулардың көбінің Тынық мұхит жағалауында болатыны неліктен?
Тынық мұхитында жанартау салдарынан пайда болған аралдар көптеп кездеседі. Олардың көбі маржандар түзіп, ақыр соңында мұхит түбіне кетіп, ал кейбіруелері өз соңынан маржан сақиналарын қалдырған. Ол тереңдік магмалық ошақтардан жер бетіне лавалар, ыстық газдар мен булар, сондай-ақ тау жыныстарының сынықтарын атқылап тұратын жер қыртысындағы каналдар мен жарықтардың үстінде пайда болады.
Жанартану атқылау атмосфераға қандай әсер етеді?
Жанартаулардың атқылауы - Жер қабығындағы жарықтар мен каналдар бойымен ыстық газдардың, су буының, тау жыныстары сынықтарының, күлдің және лаваның Жер қойнауынан аспанға атылуы. Жанартау атқылаған кезде аспанға атылған шаңнан атмосфера қарауытады. Күн радиациясы бәсендейді және жарық азаяды. Ауа ағыстарымен атмосфераның жоғарғы қабаттарында таралған жанартаулық ұлпа шаңдардан (күлден) оның атылған тұсында ғана емес, тіпті одан өте шалғай жерлерде аспанда шапақтың басқаша қызыл түсті оптикалық құбылысы болады. Жанартаулардың атқылауынан стратосфера мен мезосферадағы бұлттар пайда болады
Платформа аумағындам жер сілкінудің сирек және әлсіз болатыны нелдіктен?
Қандай тау жыныстары пайдалы қазбалар деп атайды?
Тау жыныстарының үгітіліп ұсақталған түйіршіктері суға еріп, химиялық әр түрлі қосындыларға айналып, тұнып, тығыздалып, бірігіп, басқа түрлі минералдарға және тау жыныстарына айналған. Мұнан кейін олар екінші рет қайта өзгеріп, тағы басқа тау жыныстарының түріне айналған. Жердің жүздеген миллиондаған ұзақ тарихы бойында осы әрекет көп қайталанып отырған. Сонымен қатар бертін келе-келе тау жыныстары мен минералдардың бұзылып өзгеруіне және жиналып құралуына тіршілік дүниесі де көп әсерін тигізген. Жердің тереңдегі ішкі ыстық қабаттарынан балқыған заттар қосындысы да (магма) анда-санда жер бетіне көтеріліп шығуын тоқтатқан жоқ . Олардың қатаюынан жаңа тау жыныстары пайда болады. Бұрын және жаңадан пайда болған тау жыныстары қайта өзгеріп, басқа минералдар мен тау жыныстарының түріне айналып отырады. Осы ретпен жер қыртысында пайда болған тау жыныстары мен минералдардың түрлері өте көп. Олардың бірсыпырасы адам баласының керегіне жұмсалады. Ондай минералдарды пайдалы қазындылар дейді немесе кен минералдары, кен тасы немесе руда дейді. Пайдалы қазындылардың жер қойнауынан шығатын орнын кен дейді.
Бастауыш сыныптарға арналған пайдалы қазбалардың коллекциясын анықтап қараңыз. Қазбаларды анықтай білуге дағдыланыңыз.
Тас көмірдің қандай қасиеттері бар, оны антрацит пен қоңыр көмірден қалай ажыратуға болады?
Көмір – өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш, қатты шөгінді кен жынысы. Көмір құрамында әр түрлі мөлшерде минералдық қоспалар (50%-дан аспайды) бар, ол басқа шөгінді кен жыныстарының арасында қабаттар түрінде кездеседі. Көмір үш генетикалық топқа бөлінеді: гумолиттер, сапропелиттер, сапрогумолиттер.
Химиялық құрамының, физикалық және технологиялық қасиеттерінің өзгешеліктеріне қарай көмір мынадай негізгі табиғи түрлерге ажыратылады: қоңыр көмір, таскөмір, антрацит. Көмірдің қасиеттері оның петрографиялық құрамына, көмірлену дәрежесіне және минералдық микроқұрауыштардың мөлшеріне байланысты болады. Көмірдің тығыздығы 0,92 – 1,7 г/см3 аралығында, бұл көрсеткіштің мәні күлділік азайған сайын төмендейді; қаттылығы Моос шкаласы бойынша 1 – 3 аралығында. Органикалық массасының элементтік құрамы көміртектің басымдылығымен (қоңыр көмірде 65%, антрацитте 98%), оттек (тиісінше 30-дан 1%-ға дейін) және сутек (6-дан 1%-ға дейін) мөлшерімен сипатталады.
Шымтезектің қандай қасиеттері болады?
Шымтезек бау-бақшаларда өте танымал биологиялық материал болып табылады. Көптеген бағбандар мен фермерлер тыңайтқыш ретінде бұл экологиялық таза материалды жақсы көреді. Шымтезек таңбалары арқасында топырақ құрылымы жақсарады. Мұндай минералды және органикалық тыңайтқыштармен толықтырылған жағдайда, мұндай табиғи бояу тиімді болады. Сонымен қатар, бұл үйде жасалуы мүмкін.
Темір кенінің, болаттың шойынның, темір қасиеттері қандай?
Шойын (Чугун) -жақсы құйылатын қасиеті бар темірмен көміртектің (2% жоғарғы) қорытпасы;
-темірдің көміртек (2%-дан астам, әдетте, 3—4,5%), қайсыбір мөлшерде марганец (1,5%-ке дейін), кремний (4,5%-ке дейін), күкірт (0,08%-тен аспайды), фосфор (1,8%- ке дейін), ал кейде басқа да элементтер қосылған қорытпасы. Шойында көміртек темір карбиді Ғе3С түрінде байланысқан күйде болуы мүмкін (сұр Шойын). Шойын темір кендерін домна пештерінде балқыту арқылы алынатын өндеудің бастапқы өнімі; қолданылуы мен химиялық құрамына қарай шойын қолданбалы, яғни болат қорытуға арналған Шойын, құйма Шойын, арнаулы Шойын болып бөлінеді. Шойын құймалардың сапасын жақсарту үшін азғана мөлшерде түрленгіштер қосып түрлендіру және шойынды әр түрлі элементтермен қоспалау қолданылады
Ақ сұр түсті, металдық жылтыры бар, электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін, магнитке тартылатын, жұмсақ, созылғыш металл. Жылтырлығы металл типтес. Магниттік қасиеті бар.
Темірдің қаттылығы 4—5; меншікті салмағы 7—8. Куб формасы бойынша жымдастығы бар. Сынығы созылыңқы.
Тығыздығы 7, 864 г/см3, балқу t ═1539 С.
Темірдің 769 С градусқа дейін магниттік қасиеті сақталады.
Алюминий кенінің темір кенінен айырмашылығы қандай және оған ұқсастығы неде?
Алюминий – күміс түсті ақ металл, жылуды және электр тогын жақсы өткізеді, созуға, соғуға икемді, меншікті салмағы 2,7 г/см3; балқу температурасы 660ӘС, қайнау температурасы 2500ӘС; коррозияға берік, қалыпты температурада тұрақты, себебі бетіндегі алюминий оксидінен тұратын жұқа қабыршақ оны тотығудан қорғайды. Сондай-ақ ол амфотерлі элемент, сондықтан қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттеседі.
Алюминий – практикалық маңызы зор металл. Ол негізінен жеңіл құймалар өндіру үшін пайдаланылады. Алюминий құймалары авиа, авто, кеме, ядролық реактор, химиялық аппараттар жасауда, құрылыста, т.б. салаларда, таза металл түрінде электртехникасында ток өткізгіш сымдар, тұрмысқа қажетті бұйымдар дайындау үшін қолданылады. Техникалық қасиеттері жағынан өте бағалы құймасы – дюралюминий.
Тас тұздың қасиеттері қандай?
Тұздар — химиялық қосылыстар класы; қышқыл молекулаларындағы сутек атомдарының орны толықтай немесе жартылай металл атомдары не ОН топтарына ауысқан қосылыстар; қалыпты жағдайда иондық құрылымдағы кристалл заттар.
Тұздар негізінен катты заттар, олардың суда ерігіштігі арнайы кестеде беріледі (химия кабинетінде ілініп тұрады) және «ерігіштік кестесі» деп аталады. Онда суда еритін заттар «е», аз еритіндері - «а.е», ерімейтіндері - «ем», суда тұрақсыздары сызықшаман (-) белгіленген. Тұздардың ішінде нитраттар жақсы ериді, ал барий сульфаты, кальций карбонаты, күміс хлориді, қорғасын (II) сульфиді т. т. іс жүзінде ерімейді. Калий мен натрийдің барлық түздары суда ерімтал келеді.
Тұздардың металдар мен әрекеттесуі белсенді металдар белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарының құрамынан ығыстырып, орын басу реакциясы жүреді, нәтижесінде жаңа тұз бен бос күйіндегі металл алынады.
Әктастың, құмның саздың жалпы ұқсас қандай қасиеттері бар?
Әктас - теңіз бассейндерінде тірі организмдердің қатысуымен пайда болған кең таралған шөгінді жыныс. Бұл таза емес кальциттен тұратын мономинералды жыныс. Альпідегі бүкіл тау тізбектері басқа жерлерде кең таралған әктастардан тұрады. Әктастың жылтырлығы жоқ, ол әдетте ашық сұр түске ие, бірақ ақ немесе қара, дерлік қара болуы мүмкін; қоспалардың құрамына байланысты көкшіл, сарғыш немесе қызғылт.Түстердің диапазоны таңқаларлық ақтан ашық сұрға дейін, оның ішінде пастель тондары - қант ақ, сары, қызғылт және ақшыл.
Олардың бір – бірінен айырмашылығы неде?
Құм – (нақты зат) көрсете отырып, сусымалы тау жынысы табиғатта жиі кездеседі. (Балаларға құмды ұстату). Сары, ақ, сұр болып, жеке түйіршектерден тұрады. Шыны зауытында құмнан шыны жасайды. Мыс: терезенің әйнегі ерекше таза, қоспасы аз құмнан өндіріледі. Құрылыс зауытында бетонға араластырады, қабырға, тас көпір, бағанаға және басқа заттар құяды.
Саз – (көрсете отырып) – тау жыныстарының үгілуінен болады, көл мен теңіз түбіне жиналады. Саз жабысқақ және созылмалы келеді. Саздың бұл қасиетін ертеден білген адамдар одан астық, сүт,су, құмыра, аяқ-табақ, түрлі ойыншық жасаған. Оларды музейлерден көруге болады. (Саздан жасалған ыдыстар көрсету).Саз ақ, қызғылт, сұрғылт, көкшіл түсте келеді. Одан кірпіш, қаптама плитке жасайды. Кірпіштен тамаша сарай, тұрғын үй салынады. Фарфор табақша, кесе,құмыра, кішкене мүсіндер де саздан жасалады.
Әктас – (көрсете отырып) ақ немес ақшыл сұр тас. Оны кірпіш, бетон тақта және блоктарды бекіту үшін қолданылатын цемент дайындауға пайдаланады, әктастан қабырға мен төбені ағартатын әк алады.
Өз туған жерлеріңізде кездесетін, қолданылуын кестеге түсіріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |