Мұғалімнің түсіндірмесі: Слайд арқылы Ұлттық валюта–теңге Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы..
Ұлттық валютамыз 1993 жылы 15 қараша күні енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.
Видеоролик: «Теңгенің шығу тарихы»
3-сұрақ. «Ақшаны қайда жасайды?» Мұғалім түсіндірмесі: Қазақстан Республикасында ақша шығару, олардың айналымын ұйымдастыру және оны айналымнан шығару ісін « Қазақстан Ұлттық банкі» жүзеге асырылады.
«Қазақстан Ұлттық Банкі» банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етеді, қолдағы ақша қаражатын сақтау, инкассациялау тәртібін белгілейді. Банктің ақша шығаратын банкнот фабрикасы, яғни арнайы Қазақстан Теңге сарайы бар.
Видеоролик: «Теңге сарайы»
«Теңгеге- 25 жыл» коллекциялық монеталар топтамасымен таныстыру
Инвестициялық монета, коллекционерлер, нумизматика ғылымы туралы түсінік беру.
4-сұрақ. «Өзге елдер банкнотасы туралы білгім келеді»
Қонаққа келген басқа мемлекет валюталарының түр-сипатымен таныстыру.
1. Оқушы /Ресей өкілі: Ресей рублі КСРО заманынан келеді. 90-жылдардың басында Ресей өз рублін шығарды, жаңа кезеңі басталды.
2. Оқушы /АҚШ өкілі: АҚШ долларын білмейтін адам кемде-кем шығар. Бұл валютаның ата-тегі талер. Германиядан шыққан. 1519-жылдан бастап талер-доллар болып өзгерді. 1785-жылы АҚШ-тың ұлттық Конгресінде Джефферсонның ұсынысымен Ұлттық валюта болып қабылданды.
Алдымен монеталар, кейіннен 1895-жылдан бастап қағаз банкноттар шыққан. 1792-жылдан бастап Филадельфияда американдық доллар деген атпен шықты. Әлемнің 26 елі доллар атты валютаны қолданады.