Төраға/ мен: Өте жақсы, ендігі кезекте журналисіміз Тоғжан қаржылық жаңалықтармен таныстырады.
Журналист/ Оқушы:
Мен қысқаша саммитке қатысып отырған елдердің және евроның теңгеге шаққандағы бағамы жайлы айтып кетейін. 1юань-22,06, теңге, 1 дирхам-41,05 теңге, 1$ -147,80 теңге, 1 евро -198,01 теңгені құрайды.
Төраға/мен:-Валюта жайлы әңгімемізді БАӘ-дан келген өкілдер жалғастырады.
Оқушы: БАӘ өкілі: БАӘ –дирхам деген ұлттық валюта жүреді. 1973 жылдан бастап енген, ең жоғары банкнот -1000 дирхам.
Оқушы ҚХР өкілі: Юань-ҚХР-дың ұлттық валютасы , 1835 жылы күміс монеталар, кейіннен қағаз банкноттар шыға бастады. Юань-ел билеген династияның құрметіне берілген атау.
Мұғалім:
Төраға: енді осы үнемділік пен үнемсіздік тақырыбына арналған мақал-мәтелдерді тыңдайық.
Тамшыдан тама берсе дария болар.
Ескі киімді баптағаның
жаңа киімді сақтағаның
Түстік өмірің болса
кештік мал жина
Қасықтап жинағанды
шөміштеп төкпе.
Алыстан арбалағанша
жақыннан дорбала.
Саумал ішсең қымыз жоқ
байтал мінсең құлын жоқ.
Есептемегенге бәрі түгел
Үзіп жеген-үнемге жатпайды.
Базары жақын-байымас.
Шашу оңай-жинау қиын.
Қолдағының құны жоқ.
Сауалдарға жауап берейік!
1-сұрақ. Тауар деген не?
2. Экономика дегеніміз не?
3.Қаржы дегеніміз не?
4.Сауда дегеніміз не?
ҚХР өкілі: Тауар деп-...........жауап береді
РФ өкілі: Экономика дегеніміз... деп жауабын береді.АҚШ өкілі: Қаржы –ақша, ақша-айырбас құралы.
РФ өкілі: Сауда -сатушы мен тұтынушының мәмілеге келуі.
Төраға :Сөзжұмбақ шешейік: (орнында отырып жасайды)
Тігінен:1.Ақша сақтайтын мекеме. (Банк)
2.Жеке есепшоты бар төлем-қағаз. (карточка)
Көлденеңінен:
Ақша беретін құрылғы. (Банкомат)
Төлемді растайтын қағаз. (Чек)
Төраға: Ендігі кезекте бірнеше блиц-сұрақтарға жауап беріп кетейік.
1 теңгеде неше тиын бар?
Әлемнің неше кереметі бар?
Валюта бағамы деген не?
1 долларда неше цент бар?
Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-ң нешінші президенті?
Қырғыз елінің валютасы қандай?сум
360 теңгеге киллограмы 80 теңгеден неше кг картоп келеді?
Жапонияның валютасы қандай? иена
Американдық доллардың ең үлкен банкноты -100$.
Ендігі жерде дөңгелек үстелдің қорытындысын шығарайық.Бүгінгі өткен дөңгелек үстелімізді қорытындылай келе ,еліміздің болашағы сендерсіңдер деп айтқым келеді және де кейбір адами көрсеткіштерге тоқталғым келеді.(слайдтарға тоқталу)
Абай атамыз айтқан жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіріп, жаман қасиеттерден аулақ жүрейік.
Еліміздің экономикасын дамытушы ,икемді,ұқыпты тұлға болып өсетіндеріңе сенемін.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
«Төле би атындағы орта мектебі» КММ
Тексерген ДТІЖО Л.Қ.Молдабаева
Бастауыш сынып мұғалімі: Г.М.Сейдалиева
4 «А» сыныбы
2018-2019 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |