Тақырыбы :. Оқу-тәрбие процесінің жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


-тарау. Объектілерде тұру жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



бет6/6
Дата25.11.2023
өлшемі60,87 Kb.
#126918
1   2   3   4   5   6

6-тарау. Объектілерде тұру жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


94. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тұруына арналған объектіні бөлек тұрған ғимараттарға, ішіне-жапсарлас салынған ғимараттарға, сондай-ақ оқу корпустарымен көрші ғимараттарға орналастыруға жол беріледі.
Жатын үй-жайлардағы ауданы 1 орынға кемінде 4 м2, полиемиелит және енжар параличтен зардап шеккен балаларға арналған мектеп-интернаттарда 4,5 м2 көзделеді.
ТжКБ, ОБКБ және ЖОО білім алушыларына арналған жатақханаларда 1 адамға кемінде 6 м2 аудан көзделеді.
95. Үй-жайлар олардың функционалдық мақсаттарына сәйкес жиһазбен жабдықталады.
Төсек-орын жабдықтары, жаңа және ескі киімдер мен аяқ киімдер, қатты мүкәммал қорларын сақтау үшін қойма үй-жайлары көзделеді.
96. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тәулік бойы болатын объектілерде шомылдыру төсек-орын жабдықтарын, іш киім мен орамалдарды бір уақытта ауыстыра отырып, кесте бойынша жеті күнде бір реттен сиретпей жүзеге асырылады.
97. Төсек-орын жабдықтарын, орамалдарды ауыстыру ластануына қарай, бірақ аптасына бір реттен сиретпей жүргізіледі. Лас киім-кешек кір жуатын орынға қаптармен (клеенкалы және мата) жеткізіледі. Матадан тігілген қаптар жууға тапсырылады, клеенкалы қаптар қолдануға рұқсат етілген жуу құралдарымен өңделеді. Таза киім-кешек жуылған қаптарда жеткізіледі. Төсек-орын жабдықтары жылына кемінде бір рет камералы дезинфекциялауға жатады.
98. Бір жатын орынға кемінде үш төсек-орын жабдығының болуы көзделеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тұратын орны ұйымдастырылған объектілерде төсек-орын керек-жарақтары мен төсек-орын жабдықтары таңбаланады, жеке гигиенаға арналған заттар (тіс щеткалары, тарақтар, жөкелер) әр балаға жеке бөлінеді. Жеке тіс щеткалары, жөкелер жуынатын бөлмелердегі ашық ұяшықтарда сақталады.
99. Кір жуу объектінің кір жуатын орнында жүзеге асырылады, таза және лас киім-кешектің қарама-қарсы ағыны болмайды. Кір жуатын орын болмаған жағдайда кір жуу басқа кір жуатын орындарда бір орталықтан жүргізіледі.
Инфекциялық аурумен ауырған адамның киім-кешегі жуу алдында таңбаланған ванналарда дезинфекциялауға жатады.
100. ТжКО, ОБКБ және ЖОО білім алушыларына арналған студенттік жатақханаларда 4-6 адамға 1 себезгі, 1 қол жуатын раквина және 1 унитаз орнатылады. Әйелдердің жеке гигиенасы кабинасы 50 адамға шаққанда 1 кабина есебінен көзделеді және унитазбен, бидемен, себезгімен және қол жуатын раквинамен жабдықталады.

7-тарау. Объектілердегі тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


101. Ас блогы мен жабдықтың құрылысы, күтіп-ұстау, шикізат пен дайын өнімге, тамақтану жағдайларына қойылатын талаптар "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына сәйкес көзделеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет