Жаңа заман әдебиеті (аударма әдебиет)
2.1. Жапон журналистикасының дамуы
2.2. Жаңа поэзияның дамуы
2.3. Реалистік бағыт. Жаңа проза
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
1867 жылғы революциядан кейінгі бірінші жылдарда болған Жапониядағы жағдай өте қиын және шиеленіскен болды. Сыртқы тәртіптің қиыншылығы – батыс капиталының шабуылы қайта ашылған елде қайтымсыз орнығуға тырысуы ішікі жағдайдың қиындауымен бірге жүрді, жаңа класстардың қайшылықтарының көрінісі күреспен жалғасты. Бұл күрес басты екі лагерлердің арасында жүрді – кландық және қалалық буржуазия мен феодалдар, сонымен қатар әр лагердің өзара ішкі күреспен қиындатылды. Кландардың ішінде феодализмнен шығып жаңа буржуазиялық даму жолдарына еніп жатқан және өздерінің артықшылықтарына жабысып отырған жоғарығы феодал-князьдарға қарысы шығып ең төменгі самурайлықтың басқыншылығымен жалғасты. Лагерде жеңген буржуазияның ішінде ескі феодалдық купечества мен постовщиктер мүдделерінің арасында келіспеушіліктер болды. Олар үйреншікті және өз қолдарына байлықты жинап алуға мүмкіндік беріп отырған феодалдық жүиені сақтап қалғысы келді. Ал постовщиктер бұл феодалдық тәртіпті бұзуға тырысты, әсіресе өз еркімен именденуге , яғни, жерді бір қолда ұстпа оның өнімдерін монополистік ұжымдарсыз өздері бұйыруға кедергі жасаған кландық қатарды бұзғысы келді. Сонымен қатар, буржуазиялық лагерінде «Бакфу аяғында» пайда болған жаңа адамдардың қайшылықтары дами бастады. Осындай қиын қарама – қайшылық кезеңде Жаңа жапон әдебиеті дүниеге келді. Ағартушылық қозғаласының бастапқы кезеңі (70ж.) 1867-1868 жылдары Жапонияда аяқталмаған буржуазиялық революция болды. (Жапон тарихнамасында бұл революция Мэдзи деп атайды).
Бұл революция Жапон қоғамында өндіруші күштерге жол ашты, мәселен-саясатқа, экономикаға, мәдениетке, идеологияға.
Мүмкіндігі бойынша ертерек Жапонияны өзге капиталисттік елдер қатарына қосу үшін, мемлекет басшылары Батыспен тығыз байланысқа түсті, осыдан жапондықтардың алдынан бұрын болмаған өмірге деген жаңа қөзқарас, жаңа өмір салтының әлемі ашылды.
Насихат және ағартушылық жөніндегі көлемді жұмыс және әдебиетті дамыту жөніндегі мәселелер оқымыстылардың мойына артылды, осы жұмыстармен ғалым, жазушы, ағартушылар айналысты. Сыншыл көзқарастар «феодалдық рухтың құлауына» әкеп соғып, олардың басты буржуазиялық идеологиясын құрды, ол «өркендеу және ағартушылық кезеңі» (буммэй кайка дзидай).
«Өркендеуге» арналған қозғалысты үкімет басындағылар қолдап отырды, себебі, бұл Жапонияны күшті және тәуелсіз мемлекет етуге апаратын бірден – бір жол еді. Сондықтан осы қозғалыс нық саяси талпыныстармен тығыз байланысты болды, себебі, ағартушылық қозғалыс, ол жалпы қоғамдық – саяси проблема болып табылатын 70 ж. осы қозғалыстың гүлденген тұстары. Ағартушылар өмір ағымындағы ағартушылықты дамыту жолында көптеген іс атқарды.
1872 ж. дәрісханалар, ағартушылық насихаттарға арналған орталықтарды ұйымдастырды. Осы орталықтардың ішіндегі ең маңыздысы ол «Мэрокуся», осы кезеңнің білімдарларын біріктірген: энциклопидист Ниси Аманэ, аудармашы Смайлс пен Миллия Накамура Кэйу, профессор Цуда Мамити, көсемсөзші, атақты ағартушылық кітаптардың авторы «Батыстағы жағдай», «Білімге үндеу», «Өркениеттің қысқаша очеркі» Фукудзава Юкити және тағы басқалар. Осылардың барлығы феодалдық сыншыл идеологияның дамуына зор үлес қоса отырып, Жапондықтардың ойлау қабілетінің дамуына үлес қосты. Олар заң, экономикаға, саясатқа байланысты көптеген дәрістер оқыды. Аудармашылық бағытта Смайлс және Милль, Руссо және Бокль, Гизо және Токвилль, Карлейль және Кант еңбегі зор еді. Ал, жапондық ғылыми терминология яғни - тарихи, экономикалық, әдби - эстетикалық мәселелерді қарастыруда Ниси Аманэ, Фукудзава Юкити, Накаэ Тёмин және тағы басқалардың еңбегі аса зор болды. «Өркендеу және ағартушылық дәуірі» көркем әдебиеттің шығармаларында да орын алып жатты. Әдеби өмірде көптеген өзгерістер болып жатты, сол кезеңнің өмірін бейнелейтін көптеген шығармалар жарық көрді XVIII ғасырдың атақты жазушысы Канагаки Робун кеңінен тараған Дзиппэнся Иккудың «На своих двоих по Токайдоскому тракту» классикалық романын күлкіге айналдыра отырып (пародия), сатиралық шығарма жазады, ол «На своих двоих по Западному миру» («Банкоку кокай сэйёдотю хидзакуригэ») осынау әдебиет теңізінде көптеген шығармалар жарық көрді, кейде публицистикаға қатысты да шығармалар жарық көрді. Дегенімен, осы маусымдағы шығармалар жаңа қоғамдағы адамзат тағдырына қатысты оқырмандарды қанағаттандырмады.
XIX ғ. екінші жартысындағы жапон әдебиетіне «дзию минкэн ундо»
қозғалысы көп әсерін тигізді. Осы қозғалыстың нәдижесінде саяси романдар дамып, батыс әдебиетінің шығармалары аударылып және оқырмандарға насихатталып, аударма әдебиеті кеңінен тарады. Саяси романдарды басқарма кайраткерлері және озық публицистер жазды. Бұл әдебиет жастарға көп ісерін тигізді. Аударма әдебиеті осы кезеңде саяси-ағартушылық бағытқа ие болды. Жапон аударма әдебиетінде Хасэгав Фтабтэй Тургеневтің әңгімелері «Кездесу» және «Аңшының күнделігі» әңгімелерін аударған. Бұл сол кездегі ең бірінші көркем аударма болды. Кейін келе Жапонияда үлкен жетістікпен Пушкиннің, Тургеневтін, Гончаровтың, Толстойдың, Достоевскийдің, Чеховтың, Гоголдің, Горькийдің шығармалары аударыла бастады. Жапонияда ең көп таралған ағылшын неміс, француз әдебиеттері.
Ағылшын шығармаларын аударған атақты аудармашы Цубоути Сеё, неміс әдебиетімен жапон оқырмандарын таныстырған Мори Огай болды. Осы аз уақыт ішінде жапон тіліне Шекспир, Руссо, Монтеське, Гете, Шиллер, Ибсен, Жюль Верн, Гюго, Сервантес, Золя, Твен және тағы басқа авторлардың шығармалары аударылды. Батыс ғылымының жеткен дәрежелеріне байланысты жазған шығармаларда Бульвер Литтон, Дизраэли, Жюль Верн маңызды рөл атқарды, оған қоса А.Дюма және В.Скоттың романдары ұзақ тарихи оқиғаларға ие болады. 80 жылдары алғаш рет Жапонияда да орыс әдебиетінен аудармалар ене бастады. Олардың атқарған рөлі орасан зор. «Соңғы кездері біздің елде Батыс кітпатарын көптеп аударуда, дегенімен оның ішілде сезім туралы шығармалар жоқ» - деп Пушкиннің «Капитан қызы» аудармашысы Такасу Дзискэ жапон оқырмандарын Пушкиндің шығармамен таныстырады, оның басты мақсаты жапон оқырмандарын «Сезім шығармаларын» жазуды үйретуге бағытталған еді. «Капитан қызы» 1883 жылы алғаш рет орыс авторының аудармасы Жапонияда пайда болды. Жалпы, шет тілінен жапон тіліне аударылғанда шығармалар өзгеше атқа ие болып отырды, онымен қоса авторлары да , мәселен: Шиллердің «Вильгельм Телль» жапон аудармасында «Еркіндіктің семсері» деген атқа ие болды, ал Шекспирдің «Ромео и Джульеттасы» «Жаулардың тағдырларын тоғыстырған махаббат жолдары» деген атпен аударылды. Такасу Дзискэ Маша мен Гриневтің махаббатын жақсылап аударды, оның әрбір эпизодына көңіл бөле отырып аударма жасады, кейбір жеріне сезім көрністерін кірістіріп жазды.Ал Пугачевпен қатыстының барлығы, алынып тасталынды, не өзгертілді, себебі ол туралы эпизодтарды тану мүмкін емес, аудармасында Пугачевтің есімі де жоқ. Ең маңызды өзгеріске ұшыраған аса бағалы роман, 1886 ж. жарық көрген «Соғыс пен бейбітшілік» оның өзгерген атауы «Жылаған гүлдер мен жыламсыраған үйенкі. Солтүстік Еуропадағы соғыстың соңғы жеңілісі (Мори Тай аудармасы). Осыншама өзгерістерге ұшырап, қаншама эпизодтары алынып тасталса да XIX ғ. соңы XX ғ. басында Жапонияда орыс аудармашыларын көрсетіп отырды. 1880 жылы Жапон әдебиетшілерінің арасында поэзия мен көркем прозаның жанару қозғалысы басталды. 1882 жылы Токий университетінің профессорлары Тоями Сюити, Ятабэ Рёкити және Иноуэ Тэцудзиро «Таңдамалы порзия» жинағын шығарды. Бұл жинаққа Теннисон, Лонгфелло және Шекснир аудармалары және жаңа мәнерде жазғы келгісі келген жапон әдебиетшілерінің шығармалары кірді. Бұл жинақта аудармалар өте қызық болды. Осы жинақтан кейін тағы басқа жинақтар шыға бастады. Бірақта мағыналы көркем шығармалар 1885 жылы Мори Огай баскармасымен «Синсэйся» тобы жазған поэтикалық аудармалар жинағы «Нұсқалардан» кейін шыға бастады. Жапон поэзиясындағы нағыз жаңару Китамура Тококу және оның ізбасары Симадзаки Тосон шығармашылығымен келді. Жапон поэзиясының дамуына Исикава Такубокудың маңызы зор болды. Ол ескі канон жанрын өзгертіп, оның орнына саяси және революциялық тақырып бойынша қысқа өлеңді дәҫтүр канры - танканы алып келді. Роман саларындағы төңкерілісті Цубоути Сёёның 1885 жылы шыққан кітабы «Романның мәні» жасады. Цубоути бұл романға жаңа идеологиялық қөзқараспен қарады. Жаңа буржуазиялық әдебиетінің реалистік романының дамуына Хасэгава
Фтабатэйдің маңызы зор болды. Оның «Жүзген бұлттар» романы 1887-1888 жылдары «дзию минкэн» қозғалысының құлау қарсанында жазылған. Романда басқарушы топтарды сынаған. Фтэбатэйдің реализмі XIX ғ. Орыс әдебиетімен байланысты. 80 жылдары Мэйдзи әдебиетінде Одзаки Коё басқарған «Кэнъюся» тобының жазушыларының шығармалары орын алды. «Кэнъюсяға» атақты жазушылар Ямада Биме және Кода Рохан кірді. Бұл топтың жазушылары дәстүрлікке сүйенді. Ал 90 жылы ақын және сыншы Китамура Тококу басқармасымен «Бунгакукай» журналы көпшілікке мәлім болды. Жапон мәдениетінде романтикалық бағытты көздеген бұл журнал 1874 жылдан бастап шыға бастады. Бұл журнал Симадзаки Тосонның шығармашылығымен байланысты болды. Симадзаки Тосон ақын-романтик, ол әлеуметтік тақырыптағы реалистік романды жасаушы. Оның атақты шығармалары - «Бұзылған өсиет», «Көктем», «Жанұя». Сл ғасырдың атақты жазушыларының бірі-Токутоми Рока. Ол Толстойдың қатты ықпалымен жүрді. Токутоми Рока өзінің шығармашылық жолын сыншы-әшкерлеушіден бастап христиан дүниесіндегі иманды-жазушы ретінде өткізді. Оның басты үлкен шығармалары - «Қара ағыс», «Жер құртының сандырағы» және тағы басқалар бөлды. Жапон реалистік романының классиктері Куникида Доппо және Таяма Катай. Купикида Доппоның шығармашылығы Тургеневтің ықпалымен болды. Оның шығармаларының басты тақырыбы арман мен шындық арасындағы дау-жанжал. Оның атақты шығармалары «Фаталист», «Тағдыр», «Шұғыл шығарылым» тағы басқа. Таяма Катай Толстойдың, Достоевскийдің, Ибсеннің, Золяның және тағы
басқа еуропалық жазушылардың шығармаларын жақсы білген және
құрметтеген. Ол өзінің көркем шығармалары және шығармашылық
мақалаларында шындық көрінісін дәріптеген. Оның шығармалары «Төсек», «Өмір», «Эйел», «Туыстық». Жапон әдебиетшілері Куникида Доппо мен Таяма Катайдың әдебиеті табиғи бағыттың басты өкілдері деп ойлады. Шыныменде кейбір табиғи шындықтың элементтерін тек қана Таяма Катайдың шығармасынан табуға болды. Жапон романтистерінің арасында ерекше оқиғаға ие Нацумэ Сосаки. Оның шығармаларының басты тақырыбы - батылсыздық, адамдардың жан дүниесінің әлсіздігі. Оның басты шығармалары - «Артынша», «Жүрек», оның кейбір шығармаларында сатира элементтері бар: «Мен-мысықпын», «Ұл бала». 1914 жылдан бастап жапон әдебиетінде дағдарыс басталды. Котоку және басқа да әлеуметшілер өлім жазасына ұшырайды, Такубоку қайыршылықпен азап шегіп , туберкулезден қаза табады. Демократиялық әдебиет өзінің өкілдерінен айырылады. Реалистік роман натуралистікке өзгереді, буржуазиялық реализмнің соңына алып келеді. Жазушылар жаңа жол іздей бастайды. Әдебиеттің бірнеше бағыты қалыптасады-неоромантизм және неогуманизм.
2.1. Жапон журналистикасы өз тарихын ағартушылық кезеңінде бастады және осыған байланысты, алғашқы журналдар «Сэйё» («Батыс») және «Синдзюку гэсси» «Синдзюку мектебінің айлық журналы») ғылыми ағартушылық мақсаттарға көшті. Алғашқы көлемді журнал - 80 жылдардың саяси- қоғамдық көлемді журналы «Мэйроку дзасси» болды. Баспасөз кезеңі, журналдар кезеңін революциядан кейін қойды. 70 жылдардың бас кезеңінде Жапонияда 700 жуық газет шықты. Баспасөз тарихындағы жаңа кезен, елдегі 70 ж. болған «Еркіндік пен халықтық құқыққа қозғалыстын» дамуымен қатар басталды. Журналистика, бірінші мәселеде газеттік мәселелер ағартушылық теоретикадан алшақтап, саяси-әлеуметтік бағытқа айналды. Саяси пікірлердің дамуы журналистиканың теоретикалық проблемаларға қызығушылығын арттырды. Талантты журналисттердің қарқынды еңбегінің арқасында жаңа жанр пайда болды, ол - публицистикалық мақала. Бұл бағытта өз үлестерін қосқан - Баба Тацуи, Яно Фумио, Уэки Эмори, Фукудзава 10кити, Накаэ Тёмин және тағы басқа көрнекті журналистер. Дегенімен, қөлемді қоғамдық қозғалыс кезеңінде аударма әдебиетте, публицистика да саяси қатаң түрде қоғам қамауынан шыға алмады. Өзінің саяси әдебиеті қажет болды. «Саяси роман» Жапонияда 80 ж. басында пайда болды. Осы атау бойынша көптеген шығармалар жарық көрді: роман, тарихи шығармалар, саяси-ағартушылық әдебиет. Жапониядағы алғашқы саяси роман «Сезімдер теңізіндегі дауыл. Халық құқығы туралы әнгімелер», оны 1880 жылы жарыққа шығарған Тода Киндо. «Саяси романға» көп үлес қосқан, атақты әдебиетшілер емес, «Еркіндік пен халықтық құқылық қозғалысының» қатысушылары болып табылады. «Сұлу бикештің таңғажайып кездесулері» романында, Токай Санси (Сиба Сиро) күпті мемлекеттердің әлсіз мемлекеттерге көрсетіп жатқан көрнісіне қайғы білдіріп казған. Осы роман Токай Сансиға үлкен сәттілік сыйлады. «Саяси ромайның» басты мәселесінен, сол кездегі Жапония қоғамында болып жатқан қоғамдық проблемалардың тақырыбын ашу болды. «Саяси роман» әдебиет саласын кеңейтті, оны өмірге ұштастырды, алайда ол, көркемділікке ие бола алмады, өмірдің құбылысы бола алмады 1885 жылы Токио университетінің студенттері алғаш рет Жапониядағы әдеби қауымдастықты ұйымдастырды, ол «Кэнъюся» атымен аталды. Қолжазба журналдары шыға бастады, «Кез келген нәрсе», бұл – Жапониядағы алғашқы әдеби журнал болған. Осы қоғамды құрған жас әдебиетшілер, көркемдігінен айырлған «Саяси романға» қарсы шықты. Көркем идеалдарды іздеу барысында, олар классикалық жапон әдибетін қарастырды, ең бірінші Ихра Сайкакудың шығармашылығын қарастырды. Халықаралық қозғалыс қатысушылары әдебиет және өнердің өздігімен дами алатынын байқады. Осыдан кейін, «Тәуелсіз шығармашылыққа» «Кэнъюся» қоғамының мүшелері де талпынды. Қоғамның негізін салған және оның басты мүшесі Одзаки Коё (1867- 1903) болды, ал қосымша мүшелері - Ямада Бимё (1868-1910), Исибаси Сиан (1867-1927) және тағы басқалар. Одзаки Коё журнал беттерінде өзінің шығармасын «Любовная исповедь двух монахинь» шықты. Бұл шығарма мінездемесі жағынан өте романтикалық, мұндағы кейіпкерлерде аса роман тиктер болып келген, тіпті сюжеті де романтикалық бағытта. Кейінгі жыл барысында Одзаки Коё тағыда үш шығарманы басып шығарды: «Жұпар иісті бастама», «Екі ханым» және «Үш әйел». «Жұпар иісті бастама», мұндағы басты кейіпкер әйел бейнесі. Одзаки Коё әйел бейнесін жазуда көрнекті жазушы болған, оның осы мәселеде тәжірибесі жоғары болған. Әдебиеттегі халықаралық дәстүрлер Ямада Бимёның шығармаларында пайда бола бастады. Оның ең алғашқы атақты шығармасы «Мусаси жазығы» болды, мұнда шығарма тарихи кеңістікте өткен, Самурай күресінің көрінісін бейнелейді. Тарихи келбетте жазылған тағы бір шығармасы, ол - «Котё». Басты кейіпер әйел- Коте тегіне деген сенімін дәлелдеу үшін өзінің күйеуіне деген махаббатын құрбан етеді. Осы, «Кэньюся» шығармашылығына жақын Кода Рохан (1867-1947) болды, ол жапон әдебиетінің және буддизмнің білгірі болған. «Кэнъюсяның» өкілі ретінде, Кода Роханда да әдебиеттегі шәкіріттері болған: Одзаки Коё мектебінің көрнекті жазушылар көрсетті, олар – Идзуми Кёка (1873-1939), Огури Фуё (1875-1926), Токуда Сюсэй (1871-1943) және тағы басқалар. Кода Роханнан тіл мен тәжірибеге керемет жазушы Хигути
Итиё оқыды.Ол - жапон әйелдерінің тағдырынан лирикалық шығармалар жазды. Одзаки Коё мен кода Роханның атақтығының ұлылығы соншалық, жапон әдебиетіндегі 80 жыдар «Коё және Рохан жылы» деп аталды.