Тақырыбы: 5-7 жастағы балалардың психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктері



Дата29.09.2023
өлшемі24,46 Kb.
#111450

Тақырыбы:
5-7 жастағы балалардың психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктері.

1. Танымдық дағдыларды дамыту.
2.Мектепалды сыныпта оқу қызметін ұйымдастыру әдістері.
3. Мектеп алды оқытудың белсенді әдістері.


1.Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына оқу қызметін меңгерту, ол танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып саналады.


Танымдық белсенділік баланың психологиялық- денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды.


Танымдық белсенділікті психологиялық -педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді.

Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс -әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.


Барлық психикалық танымдық үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады. Барлық танымдық процестер үрдістердің қасиеттері мен қатар бір-бірімен сипатын анықтай отырып, олармен бірге және тығыз байланыста болуып бірізділікте жүреді. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады. Қызығу – танымдық іс – әрекеттің қозғаушы күші. Баланың қызығуы жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенім артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие болады.

2.Мектепке даярлық –бүгінде баланың мектепте оқуға даярлығы – практикалық тұрғыда психологиялық зерттеулер кешенін талап ететін көп компонентті білім. Мектеп табалдырығын аттаған бала белгілі физикалық, ақыл-ой, эмоционалдық және әлеуметтік дамуға сәйкес болуы керек. Бұл оның балашақ мектепте үлгірімінің кепілдігі болып табылады. Мектепке даярлық балаға оқу қызметін жеңілдетеді, табысты және жаңа жағдайға жылдам үйренуді қамтамасыз етеді.


Балабақшаның мектепалды даярлық топтарында балалармен бірнеше рет жүргізілген сауалнама балалардың өздерінің қалауымен түрлі себептерді белгілей отырып, барлығы да мектепке барғысы келетінін дәлелдеді. Балалардың бір бөлігі мектеп өмірінің тартымды сәті деп білім алуды көрсетсе, ал екінші бір бөлігі сыртқы аксесуарларды қоңырауды, үзілістерді белгілеген. Сонымен мектепке дайын бала – бұл мектеп бағдарламасы талаптары бойынша оқи алатын, жазатын және санай алатын емес, бұл мектепте оқуға дағдылары қалыптасқан бала.
Қазіргі психологияда әлі күнге дейін «дайындық немесе мектепке баруға дайын болу»деген нақты түсінік жоқ.
6 жасында бала алғаш рет өзін қоғамның мүшесі ретінде, өзінің жеке маңыздылығын сезінеді, өзінің жеке қасиеттерін, қобалжу және кейбір психикалық процестерін біледі.
Мектепке дайындық-бұл баланың физикалық, физиологиялық және психикалық қасиеттерінің қалыптасу дәрежесі мектеп жасына дейін мектепке ауыртпалықсыз көшу және оның оқу тапсырмаларын табысты орындауы.Мектепке дайындық оқуға деген ынта, педагогті тыңдау, тапсырмаларды түсіну, зейін қоя білу, орнықтылық, орындай білу қабілеті ретінде көрінеді.Мектепке баруға дайын болу жеке тұлғалық сапаларымен айқындалады.Баланың мектепке дайындығы-мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарымен қамтамасыз етіледі.
Баланың мектепке дайындығын мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптары қамтамасыз етеді.
Жалпы «баланың мектепке дайындығы» ұғымы болашақ бірінші сынып оқушысының өмірі мен әрекетінің барлық салаларын қамтиды, кешенді және жан-жақты болып қарастырылады, педагогикалық және психологиялық ұғымдарын бірден бөлу қажет.

3.Көрнекілік әдісі. "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.


Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырранда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.

Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.


Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.

Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі – жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш техникасы кабинеттерін құру міндеті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді енгізу міндеті де қолға алынуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.





Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттарды:
• көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
• көрнекілікті сабаөтың керек сәтінде қолдану;
• демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;
• құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;
• демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі;
• көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды қатыстыру.





Ойын - оқыту әдісі
Оқыту мақсатында қолданылатын ойындардың түрлері көп. Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі, ал оқушылар мен ересектер ойынды сабақтан және жұмыстан қолы бос кездерінде ойнайды. Бірақ оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады. Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф.Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін-өзі көрсеткісі келеді дейді. М.Лазарус жұмыстан кейін демалу теориясын, Г.Спенсер ойын арқылы денедегі артық энергияны шығару, К.Крус тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының, С.Л.Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойындарының теорияларын жасады. Ойын туралы қазіргі көзқарастар оның көптеген қызметін анықтап отыр. Ол баланың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын қанағаттандырып, оның өмірге бейімделуін жеңілдетеді (Д.Б.Эльконин), болмысты тануға көмектеседі. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Оқушылар ертегілерді, аңыздарды, әдеби шығармаларды, өмірден алынған оқиғаларды сахнаға лайықтап қойып, өздері түрлі рөлдерде ойнайды.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет