Тақырыбы:Адам
және мәдениет
Орындаған:Жетпысбек Ақнұр
Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен
жасағандары және жасап жатқандарының бәр н түгел
қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық
ережелер н сақтаудан бастап, өм рд ң асқан үлг л
шығармаларын жасағанға дей нг ұғымды қамтып
жатқан – мәдениет саласының өр с кең.
Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежес мен
сипаты қоғамдық өм рд ң жағдайларына
байланысты өзгер п отырады. Тарихи дәу рлерд ң
алмасуы мәдениетт ң мазмұны мен формаларына
сөзс з терең өзгер стер енг зед .
Мәдениетт тұлғалық
сипатта қарастырғанда,
б рнеше елеул
түс н ктерге тоқтала кету
қажет, олардың ш ндег
маңыздылары:
мәдени әрекет
мәдени орта
мәдени игіліктер мен
қажеттіліктер және
мәдени ұйымдар мен
ұжымдар
Бұлардың арасында ең түбегейлісі — мәдени әрекет.
Әрекеттену — жалпы адам мен қоғамның өмір сүру
тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте,
мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға
бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды
атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде
адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің
қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның
талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп
қарастырады.
Осылардың қатарына біз мынандай
адамдық қажеттіліктерді
жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын
табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық
және тағы басқалары. Мәдени орта ұғымы мәдениеттің
коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты.
Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен
ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника
мен қүрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі,
адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау
және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар,
клубтар және тағы басқалар) жатады.