Тақырыбы: Қала тұрғындарына амбулаторлық-емханалық көмекті ұйымдастыру


Амбулаториялық емханалық көмектің негізгі түрі аймақтық принцип бойынша жүзеге асырамыз



бет3/4
Дата01.10.2024
өлшемі10,04 Mb.
#146399
1   2   3   4
Байланысты:
амб көмек

Амбулаториялық емханалық көмектің негізгі түрі аймақтық принцип бойынша жүзеге асырамыз:


Дәрігерлік терапевтік аймақ тек клиницист емес, халыққа АМӘК ті ұйымдастырушы өз қызметін дұрыс атқару үшін әлеуметтік гигиена мен клиникалық медицина жөнінде хабардар болуы тиіс.
«Аймақтық емханадағы дәрігер терапевт туралы» заңнама бойынша аймақтық терапевт қамтамасыз етуі қажет.
  • Халыққа емханада және үй жағдайында дер кезінде квалификациялық терапевттік көмек көрсету;
  • Уланған, жарақаттанған және жедел жағдайдағы науқастарға мекен жайына қарамастан жедел медициналық көмек көрсету;
  • Жоспарланған госпитализациялау кезінде науқастарды алдын ала тексерістен өткізіп дер кезінде ауруханаға жатқызу;
  • Өз жұмысында профилактика, емдеу диагностикалауда ең жаңа әдістерді қолдану медикаментоздық заттар, диетатерапия, емдік дене шынықтыру, массаж, физиотерапия және т.б.

Амбулаториялық емханалық көмектің маңызды ерекшелігі емхана дәрігерінің емдеу және профилактикалық жұмыстарды жүргізу мүмкіндігі болып табылады. Амбулаториялық емханалық мекеме дәрігерлері профилактикалық жұмыс жүргізу кезінде диспанерлік әдісті қолданады. Бұл әдісті қолданудағы мақсат ауруларды ерте анықтау, науқастарды тіркеу және комплексті емдеу, аурудың таралуын болдырмау , салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Әрбір денсаулық сақтау мекемесінде мед персонал саны және дәрігерлік, орта және кіші мед персонал арасындағы рационал қатынас уақыт және жұмыс көлеміне байланысты қалыптасады.
Қазіргі уақытта денсаулық сақтау мекемелерінде уақыт нормаларының сапалық есеп көрсеткіштерін кеңінен қолданады, бірақ мекеме басқарушысының хронометраждық бақылауы мен орташа шығындарын анықтау негізінде өзінің жергілікті көрсеткішін шығару құқығы бар. Уақыт нормалары жүктеме нормасын есептеу тек база ретінде қызмет етеді.
Емхана дәрігері аптасына 5 күн жұмыс істейді. Күн сайын жұмыс уақытының 0,5 сағаты емдеу диагностикалық және профилактикалық жұмыспен байланысты емес жұмыстарға жұмсалады (конференция, жиналыс т.б.) дәрігер міндеттерінің құрылымын емхананың басқармасы бекітеді.Емхананың кейбір құрылымдық бөлімдерінің жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері:
Тіркеу орны емхананың құрылымдық бөлімі мұнда дәрігерлерге қаралу үшін науқастар жазылады. Регистратурада орта білімі бар қызметкерлер жұмыс істей алады,ал регистратураның меңгерушісі болып орта медициналық білімі бар адамдар қызмет ете алады.
Регистратура орталықтандырыған болуы мүмкін, яғни мекеме үшін ортақ және орталықтандырылмаған, яғни бірнеше регистратуралардың болуы мүмкін. Сонымен қатар науқастар дәрігерлерге өздері жазыла алады. Ол үшін арнайы столдарда кез келген дәрігерге, әр түрлі күнде және уақытта қабылдау талоны жатады. Науқас өзіне қажет дәрігерді өзіне қолайлы уақытта таңдап, өзінің амбулаторлық картасымен бірге қабылдауға келеді.
Регистраторлардың біреуі анықтама бюросы функциясын атқарады. Дәрігердің науқастың қандай аурулармен ауыратындығымен танысу үшін оның диагнозын амбулаторлық картасының алғашқы беттерінде жазылады. Регистратураның қасында емханаға қарайтын сол аймаққа кіретін көшелердің аттары жазылған стенд ілінеді және дәрігерлердің кабинеті мен этаж номері, жұмыс істеу кестесі жазылады.
  • Халықты санитарлық ағарту, тәрбелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, аурудың алдын алу;
  • Жасырын формадағы және ерте стадиядағы аурулурды анықтау және алдын алу;
  • Денсаулық жағдайын динамикалық бақылау;
  • Жедел аурулар кезінде жедел көмек беру;
  • Науқатарды дер кезінде госпитализациялау жәнеконсультация жүргізу;
  • Емдеу және қалыпына келтіру шараларын жүзеге асыру;
  • «ауру парағын беру тәртібі жөнінде» заңнамасына сай науқастарың уақытша еңбекке қабілетсіздік экспертизасын жүргізеді;
  • Әлеуметтік қорғау органдры мен біріге отырып медициналық әлеуметтік көмекті ұйымдастыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет