Қосымша деректер
Америка Құрама Штаттарының Конституциясы.1787жыл.Біз, Құрама Штаттар халқы, неғұрлым жетілген, озық одақ құру мақсатымен, құқық төрелігін орнату үшін, ішкі тыныштық пен елді күш біріктіріп қорғау мақсатында, бұқара халықтың игілігін жіне өзімізге, кейінгі ұрпақтарға еріктілікті қамтамасыз ету үшін Америка Құрама Штаттарының осы конституциясын қабылдап, бекітіп отырмыз.
1-бөлім: Осы конституцияда бекітілген заң шығарушы өкіметтің өкілеттілігі Сенат пен өкілдер палатасынан тұратын Құрама Штаттар Конгрессінің қолына беріледі.
2-бөлім: Өкілдер палатасы штаттардың халқы екі жылда бір рет сайлайтын мүшелерден тұрады.Өкілдер палатасы өз спикерлерін және басұа да лауазымды адамдарын сайлайды, тек осы палата ғана импичмент тәртібі бойынша іс қозғап қуғындай алады.Мұнда өкілдер палатасы кінә тағады, ал Сенат сот жүргізеді.
3-бөлім: Сенаттың құрамына әр штаттан екі сенатор кіреді...
Құрама штаттардың вице-президенті Сенаттың төрағасы болып табылады, ол тек дауыс берушілер саны тең болғанда ғана дауыс бере алады...
Сенат импичмент тәртібіне орай сот жүргізуге құқылы.Осы маұсатпен мәжіліс жүргізгенде сенаторлар ант береді немесе салтанатты мәлімдеме жариялайды.Егер айыпұа тартылушы Құрама штаттардың президенті болса, төрағалықты Бас судья аиқарады.Мәжіліске қатысқан сенаторлардың2/3-сі келіспейінше ешкім де сотқа тартылмайды...
10-бөлім: Бір де бір штат өз бетімен келісім-шарттар жасасып, одақтарға немесе конфедерацияға кіре алмайды...
2-бап
1-бөлім:Атқару билігін АҚШ-ның президенті жүзеге асырады...
Ол Сенатпен ақылдаса және қолдауына ие бола отырып, мәжіліске қатысқан сенаторлардың 2/3-сі қолдаған жағдайда халықаралық келісімдерге қол қоюға құқылы; Сенат келісімімен, қолдауымен ол елшілер мен толық өкілетті өкілдерді және консулдарды, Жоғарғы Сот Мүшелерін, т.б. Құрама Штаттарының лауазымды қызметкерлерін тағайындайды…
4-бөлім: Президент, вице-президент және басқа да Құрама Штаттардың лауазымды адамдары импичмент тәртібімен айыпталғанда сатқындығы, пара алғандығы немесе басқа да ауыр қылмыстар мен қателіктерге жол бергендігі мойнына қойылса, олар қызметінен босатылады
3 бап.
1 бөлім: Сот билігін Құрама Штаттардың Жоғарғы Соты және Конгресс белгілі бір уақыттарда құратын төменгі соттар атқарады.
Импичмент тәртібімен қаралатын істерден басқа қылмыстар жөніндегі істердің бәрін ант берушілер төрелігі соты қарайды.
4 бап.
Екі палата мүшелерінің 2/3-і қажет етсе, Конгресс Конституцияға түзетулер енгізе алады немесе штаттардың 2/3-сінің Заң шығарушы жиналыстарының тілегі бойынша түзетулер енгізу үшін Конвент шақырады. Екі жағдайда да ол түзетулерді штаттардың ¾-і бекітсе, тек сонда ғана Конституцияның құрамдас бөлігі ретінде күшіне еніп, санасуға тиісті бапқа айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |