Тақырыбы: Амин қышқылдары
Мақсаты: аминқышқылдарының жіктелуімен танысу, таңбалануы және классификациясын ажырату
Амин қышқылдары – түссіз кристалды заттар, суда жақсы ериді. Бір негізді амин қышқылдары бейтарап орта көрсетеді. Екі немесе бірнеше амин қышқылдарынан су бөлінгенде, түзілетін заттарды пептидтер деп атайды. Бұл жағдайда амин қышқылдарының арасында пептидтік байланыс пайда болады.
пептидтік байланыс
Егер пептидтер екі амин қышқылынан түзілсе дипептид, үшеуден түзілсе − трипептид, ол көп амин қышқылдарынан түзілсе – полипептид деп аталады. Пептидтердің аталуы қатысқан амин қышқылдарының атымен аталады және бірінші амин қышқылының атына «ил» жалғауы қосылады. Полипептидтердің құрылысы тізбекті болады, кез келген амин қышқылдары бір-бірімен әр түрлі қосыла алады.
Ақуыздар (белоктар) деп молекуласы бір-бірімен пептидтік байланыспен қосылған α- амин қышқылдарының 20-ға жуық түрінің қалдықтарынан құралған жоғары молекулалы қосылыстарды атайды. Ақуыздар организм құрамының ең маңыздысы, олар өсімдіктер мен жануарлардың клеткаларының протоплазмасында және ядросында болады. Ақуыз жоқ жерде тіршілік жоқ, ол – тіршіліктің негізгі нышаны.
Табиғатта ақуыздардың көптеген түрлері кездеседі. Олардың атқаратын функцияларына және қасиеттеріне байланысты молекулалық массалары бірнеше мыңнан бірнеше миллионға дейін барады. 1839 жылы Голландия ғалымы Мульдер ақуыздарды «протеин» деп атауды ұсынған.
Ақуыздар бұлшық еттердің, қанның, сүттін, жұмыртқаның, өсімдіктердің, жүннің, жібектің және шаштың құрамына кіреді. Барлық ақуыздардың химиялық құрамы шамамен мынадай:
С- 50- 55 %
S- 0,2- 2,4 %
Н- 6,5- 7,3 %
О- 21,5- 23,5 %
N- 15- 35 %
Р- 0,8 %
Ғе- 0,4 %
Соңғы кезде ақуыздың құрамында басқа да элементтер (магний, кобальт, сынап, күміс, қорғасын, йод, мыс, т.б.) болатыны анықталған.
Кестеде аминқышқылдарының әрқайсысы үшін келесі сипаттамалар келтірілген:
- классификация (жеті класс);
- аты және қабылданған аббревиатура (алғашқы үш әріп үшін) (мысалы, гистидин үшін - His);
- ақуыздар тізбегін жазуға ыңғайлы бір әріптен тұратын белгі (гистидин үшін - H);
- бүйір тізбектің полярлығы (гистидин үшін +10,3) бұл мән неғұрлым жоғары болса, аминқышқылдарының молекуласы соғұрлым көп болады.
Диаграммада полярлық жоғарылаған сайын аминқышқылының атауы бар өрістің түсі сары тондардан жасыл түске көк түске өзгереді. Иондық бүйірлік тізбек топтары үшін pKa берілген (қызыл сандар).