Оның программалаудың бірыңғайланған техникасы саласына қосқан үлесі мен компилятор жасағандығы үшін
1967
Морис Винсент Уилкс
Профессор Уилкс ең алдымен программаны ішкі жадыда сақтауға мүмкіндік беретін алғашқы EDSAC компьютерін жобалаушы ретінде белгілі. 1949 жылы жасалған EDSAC компьютері сызық бойымен тоқтағандағы жадты пайдаланды. Ол соған қоса 1951 жылы Виллер және Гилл-мен бірлесіп жазған «Preparation of Programs for Electronic Digital Computers» кітабының авторы, бұл кітапқа кітапхананың ең басты ұғымдары енгізілген
Жылы
Лауреаттың аты-жөні
Не үшін тағайындалған
1968
Ричард Хэмминг
Сандық әдістер, автоматты кодтау жүйесі, қателерді анықтау мен түзету кодтары саласындағы жұмыстары үшін
1969
Марвин Минский
Жасанды зерде проблемасымен алғаш айналысқаны үшін
1970
Джеймс Харди
Уилкинсон
Жоғары жылдамдықты цифрлық компьютерлерді қолдануға мүмкіндік берген сандық талдау саласындағы зерттеулері үшін. Соның нәтижесінде оның сызықтық алгебрадағы есептеулер мен қателерді «кері» талдау жұмыстары айрықша маңызға ие болды
1971
Джон Мак-Карти
Доктор Мак Картидың «Жасанды зердені зерттеудің қазіргі жағдайы» деген лекциясы оның жұмыстарына сүйеніп көптеген жетістіктерге жеткен осы саланың жағдайын ашып көрсеткен
1972
Эдсгер Дейкстра
1950 жылдардың соңында анықтық пен математикалық қаталдықты бойына сіңірген жоғары деңгейлі АЛГОЛ программалау тілін жасауға қосқан елеулі үлесі үшін. Ол жалпы алғандағы ғылым мен программалау тілдері өнерінің ішкі құрылымын түсінуге, оны белгілеуге және жүзеге асыруға мүмкіндік жасаған осы саланың ең жарқын өкілдерінің бірі. Дейкстраның 15 жыл бойы жариялаған еңбектері графтар теориясы жөніндегі теориялық мақаладан бастап программалау тілдері саласындағы базалық нұсқауларға, сипаттамаларға және философиялық пайымдауларға дейінгі кең көлемді тақырыптарды қамтыды.
1973
Чарльз Бахман
Деректер қоры технологиясына қосқан елеулі үлесі үшін
1974
Дональд Кнут
Оның алгоритмдерді талдауға, программалау тілдерін жасауға қосқан өте үлкен үлесі және «Программалау өнері» деген жалпы атпен ерекше танымал болған көп сериялы еңбегі үшін
1975
Аллен Ньюэлл Герберт Саймон
Олардың 20 жыл бойына, әуелі RAND корпорациясы құрамындағы Дж. К. Шоу-мен бірге, содан соң Карнеги-Меллон университетінің оқытушы-профессорлық құрамымен және студенттік топтармен бірігіп жүргізген жұмыстары, жасанды зерде, адам түйсіктері тетіктерінің психологиясына және тізімдерді өңдеу саласына іргелі үлес болып қаланды
1993
Юрис Хартманис Ричард Э. Стернс
Олардың есептеудің күрделілік теориясының негізін қамтамасыз еткен іргелі жұмыстарының құрметіне берілген
1994
Эдвард Фейгенбаум Радж Редди
Жасанды зерденің ірі көлемді жүйесін жасаудағы және оның практикалық маңызы мен оны қолдану технология-сынан келетін нақты коммерциялық пайданы танысты-рудағы тұсаукесер еңбектері үшін