Тақырыптыңнегізгісұрақтары: 1. Эндогенді пигменттердің түрлері мен жіктелуі.
2. Гемоглобиногендік пигменттер, жайылымды және жергілікті гемосидероздың морфологиясы, гемохроматоз туралы түсінік.
3. Билирубин пигментінің алмасуының бұзылыстары. Сарғаюлардың түрлері, олардың морфологиясы мен нәтижелері.
4. Патологиялық пигменттер. Пайда болу себептері, морфологиялық белгілері.
5. Протеиногенді пигменттер, меланин алмасуының бұзылуының морфологиясы. Аддисон ауруының морфологиясы мен патогенезі;
6. Липидогенді пигменттер, липофусцин алмасуының бұзылуы.
Макропрепараттардысипаттау:
а) Миға қан құйылу. Анықтау керек: қан құйылудың орналасуы мен өлшемін, түрін; пайда болу ұзақтығына байланысты қан құйылу ошағының ортасында және шеттерінде қалыптасқан пигменттерді және олардың даму механизмін атау. Қан құйылудың себептерін анықтау.
б) Асқазанның жедел эрозиялары мен ойық жаралары. Анықтау керек: асқазанның шырышты қабатының көптеген дефектілерін, олардың шеттері мен түбін сипаттау, пигментті атау.
в) Миокардтың қоңыр атрофиясы. Анықтау керек: жүрек көлемінің кішіреюі мен салмағының азаюы, тәждік артерияларының сипатын, миокардтың түсін, пигментті атау.
г) Тері меланомасы. Анықтау керек: терідегі құрылымның өлшемдері мен пішінін, оның беткейі мен түсін.
Микропрепараттарды сипаттауу: а) Гемохроматоз кезіндегі бауыр гемосидерозы (Г-Э бояуы). Анықтау керек: жұлдызша эндотелиоциттер (Купфер жасушалары) мен гепатоциттерде қоңыр түсті пигмент гранулаларының шоғырлануын.
б) Механикалық сарғаю кезіндегі бауыр (Г-Э бояуы). Анықтау керек: гепатоциттерде майда дәнді сары қоңыр түсті пигмент дәндерінің болуы; қуыстарындағы өт іркілуіне және өт тромбтардың болуына байланысты өт өзектерінің кеңеюі – «өт көлшіктерінің» қалыптасуы (холестаз).
в) Ми жасушаларындағы липофусцин (Г-Э бояуы). Анықтау керек: жүйке жасушаларында майда дисперсті қоңыр пигменттің болуы.