Тақырыбы: Қарым-қатынас процесіндегі қоршаған ортаны қабылдау



Дата06.01.2022
өлшемі17,36 Kb.
#12101
Байланысты:
СӨЖ психология 2-рубежка


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

“Орталық Азия” Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қарым-қатынас процесіндегі қоршаған ортаны қабылдау.



Орындаған:Қаратай.А.Қ

Қабылдаған:Хамитова.М.А



Алматы 2019 жыл

Қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық қарым-қатынас.Әлемдік экологиялық проблемалардың негізі – процестер мен құбылыстардың халықаралық деңгейге шығуында жатыр, бұнда адамзат цивилизациясының тіршілігінің негізгі әрететін қозғап өтіп, өзінің шешімін шешуге бүкіләлемдік қауымдастық қатысуын қажет етеді. Осы жерде атап көрсету қажет, кейбір табиғи ресурстардың халықаралық ерекше статуста екенін әлемдік мұхит ресурстары, ауа атмосферасы, Антарктида, ғарыш. Бұл жерде барлық күшті біріктіре отырып, оларды, ұтымды, тиімді, жоспарлы, табиғаттың тепе – теңдігіне экологиялық зиян әкелмейтіндей, қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру жолдары мен әдістерін шешуге жұмылдыру керегіне баса көңіл аударуға проблемасы қойылып отыр.Адамзат баласының экологиялық проблемаларды шешуге күш салу қажеттілігін ХХ ғасыр басында В.Н. Вернадский айтқан болатын. Әлемдік даму моделінің нәтижесі дәлелдегендей, мемлекеттер, ұлттар экологиялық проблемаларды шешуге міндетті түрде өте жауапкершілікпен келу керектігі, яғни халықаралық қарым – қатынастың бірнеше негізгі бағыттарын бөліп көрсетуге болады: ү
1. Шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында адамзат баласының қолы тимеген және экологиялық тепе – теңдікті ұстап тұруға себебін тигізетін табиғи жүйелерді сақтау;
2. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, оның ішінде табиғи ортаның ассимиляциялық потенциалын қорғау;
3. Халықаралық экологиялық жауапкершіліктің тиімді жүйелерін жасау (соның ішінде, әскери қимылдар кезінде қоршаған ортаны бүлдіргендегі жауапкершілік).
Аталған бағыттарды іс жүзінде асыру, біршама шамаларды қарастырады, олардың ішінде атап көрсетсек, экономикасы дамыған елднрдің артта қалған мемлекеттерге қаржылай және техникалық көмегі, ресурстарды үнемдеу проблемасы жөніндегі технологиялық шешімдер, қоғамның қажеттілігін экологиялық таза өнімдерге бұру мақсатында экономиканың салаларына құрылымдық өзгерістер жасау, экологиялық бағыттағы халықаралық форумдар ұйымдастыру, қоршаған ортаны қорғауда халықаралық жауапкершілік механизмдерін құру, экологиялық салық салымдарын енгізу, біріккен стратегиялар мен концепцияларды жасау, жекеленген табиғи ресурстарды пайдалануды шешу

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет