Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Қарым-қатынастың интерактивті жағы
Қабылдаған:Акімбаев А
Орындаған:Мамадияров С
Тобы:ЮМ-20-1к4
Шымкент 2020 жыл
Жоспары:
Тұлғааралық өзара әрекеттестік (интеракция) әлеуметтік-психологиялық зерттеу пәні ретінде. «Диадалық өзара әрекеттестік теориясы.
Тұлғааралық өзара әрекеттестіктің айырмашылық белгілері қарым-қатынас формалары ретінде.
Бәсекелестік пен бірлестік өзара әрекеттестіктің түрлері ретінде. Бірлескен іс-әрекет құрылымдағы өзара әрекетестік. Жалпы- мақсат топаралық өзара әрекеттестік факторы ретінде.
Қарым-қатынастың интерактивті жағы – адам аралық қарым-қатынастың, адамдардың бір-бірімен әрекеттесуімен байланысты аспектілерін белгілеуге арналған шарт немесе термин. Қарым-қатынас барысында қатынасқа түсу үшін тек мәліметпен алмасып және өзара түсіністікке қол жеткізумен шектелу жеткіліксіз, әрекеттермен алмасу, ортақ іс-әрекетті жоспарлап, бірлескен әрекеттердің формалары мен нормаларын қалыптастыру да маңызды.
Қарым-қатынастың осы жағын сипаттағанда жеке адам аралық қарым-қатынастың түрлерін талдау мен қарым-қатынасқа түсушілердің әрекеттесудің қай түрін тандауға итермелейтін мотивтерін де қарастыру керек.
Жеке адам аралық әрекеттесу стратегаясының сипаттамасы төмендегідей болады.
Әртүрлі зерттеулерде, адамньщ басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуінде бірнеше маңызды әлеуметтік мотивтер айқындалған.
Ортақ жетістікті барынша жоғарылату мотиві
Өзінің жетістігін барынша жоғарылату (немесе
индивидуализм);
Салыстырмалы жетістікті барынша жоғарылату мотиві
(конкуренция);
Басқаның жетістігін барынша жоғарылату (альтруизм);
Басқаның жетістігін барынша төмендету (агрессия);
Жетістіктердегі айырмашылықты неғұрлым төмендету(тендік).
А нүктесі — аластаушылық, басқаның жетістігін төмендету мақсатымен, өз мақсатын жоғары қою.
К нүктесі “көнгіштік” стратегиясын көрсетеді (альтруизм мотиві). Бұл жағдайда адам өз мақсаттарын басқаның мүдесіне айырбастайды (көндіреді).
Ы нүктесі – ымыраға келу (компромисс), жетістіктер арасындағы айырмашылықты неғұрлым төмендету. Шартты теңдікке жету үшін өз мақсаттарын толық іске асырмау (тендік).
Б нүктесі — бірлескен әрекет (ынтымақтастық) әрбір қатынасушының мүддесін толық қанағаттандыруға бағытталған. Бұл жағдайда әлеуметгік мотивтердің екеуінің біреуі (кооперация мен бөсекелесгік) іске асырылады.
Соңгы стратегаяны әрекеттесу нөтижелілігі тұрғысынан да, әрекеттесушілердің өзара қарым-қатынасы мен өзін сезінуі тұрғысынан да ең нәтижелісі деп қарастыруға болады. Сонымен бірге іске асырылуы тұрғысынан ең қиыны, себебі қарым-қатынасқа түсушілерден, басқаның мүддесін түсіне білу, туындайтын қарама-қайшылықтарды шеше білу талап етіледі. Көбінесе, адамдарды бірлескен әрекет жасатуға үйрету, белсенді әлеуметгік—психологиялық біліммен қаруландыру өдістері арқылы шешілетін дербес психологиялық міндет.
Әрекеттесу процесінің маңызды сипаттамаларын қарастырудың бірнеше жолдары ұсынылған. Мәселен, Т.Парсонс теориясы бойынша, әрекеттесудің әрбір бөлек актісінің мынандай әлементтері бар: а) әрекет етуі; ә) “басқа объект” (әрекет бағытталған объект); б) нормалар; в) құндылықтар (әрбір әрекеттесушінің қабылдағандары); г) ситуация — жағдай (әрекет жасалынатын кезде). Бұл өте “абстрактылы” теория, экспериментте қолданылуы күрделі болғандықтан көп пайдаланылмайды.
Екінші бір түрі, әрекеттесу сатыларын қарастырумен байланысты. Поляк социологы Я.Щепаньски ұсынған, осыған жақын схеманы В.Н.Панферов та (1987) қарастырады.
Тағы да бір, өрекеттесудің құрылымдық сипаттамасы транзактілі талдауда – қатынасушылардың әрекеттерін олардың позициясы, ситуацияны есептеу және әрекеттесу стиліне байланысты реттестіруде ұсынылады (Берн, 1988). Осы әдіс кейінгі кезде практикада кең қолдау табуда. Транзактілі талдау бойынша әрбір әрекетке қатысушы үш позицияның біреуінде болады. Шартты түрде бұл позицияларды — Ата-ана, Ересек, Бала деп, белгілеуге болады. Балалық позицияның психологиялық сипаттамасы “Қалаймын!”, Ата-ана позициясы “Керек!”, Ересек позициясы “Қалаймын” мен “Керектің” бірлесуі.
Әрбір әрекетте мінез-құлық пен әрекеттің өз стилі болады. Негізінен стиль үш түрлі: ритуалды (салт- жоралары), манипулятивті жөне гуманистік болып ажыратылады. Ритуалды стиль негізінде стильді ситуациямен сәйкестендіру қажеттігінен анық көрінеді.
Стиль әдетте белгілі мәдениетпен анықталады. Мысалға, амандасу стилі. Американдық мәдениетте “Хал қалай?” дегенде “өте жақсы” деген жауап алынса, орыс мәдениетінде сұрақтың мәнісіне жауап беріледі, хал нашарлау болса, оны жасырмай айту тән, қазақ мәдениетінде “аралық” стиль қалыптасқан. Қазақтар көбіне “жаман емес,” “орташа”, “жайлап жүріп жатырмыз” деген жауаптар береді. Бір салттың адамы екінші бір салттың жауабын естігенде түсініспеуілшілік туындауы мүмкін. Манипулятивті жөне гуманистік стильдер практикалық әлеуметтік психологиядағы, өздігінен үлкен проблема больп есептеледі.
Әрекеттесудің инвариантты сипаттамаларын қарастыруды Р.Бейлс 4 категорияның көмегімен көрсетеді: позитивті (оң) эмоциялар аймағы, негативті (теріс) эмоциялар аймағы, проблемаларды шешу және проблемаларды кою аймақтары. Өз кезегінде әрбір категория бірнеше маңызды көріністермен айқындалады.
Қарым – қатынастың интерактивті түрі.
Өзара әрекеттестік процесс ретінде сипатталады. Олар: бірлестікт, кооперативті іс - әрекет, жаңалықтармен байланыс, бір – біріне ықпал ету, өзара қарым – қатынас, өзара түсіністік.
Адамдардың бір – бірімен қарым – қатынасы кооперативті, конкурентті және дау – дамайлы болады.
Қарым – қатынастың перцептивті түрі .
Әлеуметтенген перцепция процесі субъектінің сыртқы көрінісін бағалау, психологиялық ерекшеліктері, бақылап отырған бейне немесе объектінің әрекеттері және қылықтары нәтижесінде субъектінің әлеуметтенген перцепциясында бақыланған объектіге нақтылы қарым – қатынас қалыптасады, оның мінез – құлқының мүмкіндігі туралы анықтама қалыптасады. Қабылдау процесі негізінде серіктестердің бір – бірімен қарым – қатынасында өзара іс - әрекеті қалыптасады.
Әлеуметтік перцепцияның механизмдері: рефлексия, идентификация, стереотипизация, эмпатия, аттракция, бағдарға ықпал.
Адам аралық қатынастарды орынды сезіну және бағалау жоғары дамыған рефлекстік қабілетті керек етеді /қоршаған ортадан келіп түскен ақпараттық сигналдарды жан – жақты мәндік байланысымен қабылдап, жауап бере алу/,екіншіден, бұл адамның жасына тәуелді .Бұлар, адам төңірегіндегілермен болған іс - әрекетінде өз қатынасының сипатын сезе ала ма, не сезбей ме деген сұрақтарға жауап береді.Қазіргі кезде жалпы псхология мәселелерінің көптеген шешімі осы тілдестік қатынастарды зерттеуге байланысты болып отыр. Себебі психологиялық бейненің бір формадан екіншісіне өтуі /мыс.: түйсіктің сезімге, сезімнің, ойға, ойдың сөзге т. с.с /,адам психикасындағы ашық сана аймағы бейсана байланысы, адам көңіл шарпуларының ерекшеліктері, жеке адам заңдылықтары т.б. осы тілдестік қатынастың негізінде жасалады.
Біртұтас тілдесу процесінде үш бағытты байқаймыз: коммуникативті /ақпарат алмасу/, интерактивті /өзара ықпалды әрекетке келу/ және перцептивті / адамның бірін – бірі қабылдап, түсінісуі \ Осы үш, бір – біріне байланысты тілдесудің қырлары бірлікті қызмет орындауымен сол қызметке араласқан адамдардың өзара қатынасын ұйымдастырудың әдістерін құрайды.
Өзара әрекет біріккен әрекетті ұйымдастыру болып табылады. Іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясы әлеуметтік-психологиялықзерттеуге кейбір принциптерді береді. Жеке іс-әрекеттегі сияқты оның мақсаты жекелеген амалдар деңгейіне емес, әлеуметтік психологияда өзара әрекеттің мәні жалпы әрекетке енгенде ғана шешіледі. Өзара әрекеттің әрекет құралына кірудің нақты формасы әрекетті ұйымдастыру формасыретінде қарастырылады.Осыдан осы біріккен әрекет өтетін топты талдауға көшуге болады. Л. И. Уманский бірлескен әрекетті ұйымдастырудың үш формасын бөліп көрсетеді.
1. Бірлескен әрекеттің әр мүшесі жалпы ортақ жұмыстың бір бөлігін орындайды, бір-біріне тәуелсіз «бірлескен әрекет» (әрқайсысының өз міндеті бар мысалы, өндірістік бригада).
2. Ортақ міндетті әрбір мүшенің белгілі бір бірізділікпен орындауы- «бірізді- бірлескен әрекет».
3. Бір уақытта әрбір мүшенің барлық басқа мүшелермен өзара әрекеті – «бірлескен-өзара әрекет» (мысалы, спорттық командалар).
Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.
Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады. Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз.
Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз. Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны байқаймыз: басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз; жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз; таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз; басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз; шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз.
Әдебиеттер
Морозов А.В. Управленческая психология. – Москва, 2008.
Немов Р.С. Психология.Т.1.-Москва, 2003.
Горянина В.А. Психология общения. Москва, 2007.
Сәбет Бап – Баба. Жалпы психология .А. 2003 ж. 84 – 107 бет./
Достарыңызбен бөлісу: |