1917 жылға дейін қазақ жерінде 3 түрлі мектеп өмір сүрді:
Қадым мектебі.
Жәдит мектебі.
Медреселік білім беру жүйесі: оның прогресшіл жақтары.
Қадым, жәдит мектептерінің көздеген мақсаты: арабша тілін сындыру, құран сүрелерін жаттату, молда, мүриттер дайындау. Оның толып жатқан кемшіліктері мен жетімсіз жақтары болады.
Медреселік білім беру жүйесінің прогресшіл жақтары: халықтың сауатын ашу, көңілін ояту, жастарды адамгершілік рухта тәрбиелеу. Әсіресе, бұл салада ағартушы ұстаз, тарихи тұлға Ы. Алтынсариннің еңбегі ерекше. Ол халық ағарту саласында тарихи тәжірибені меңгере отырып, қазақ тілінде оқулық шығару, қазақ мектептерін ашу жұмысымен айналысты. Әдебиеттік оқулық жасаудағы «Қазақ хрестоматиясының» (1979) алатын орны орасан, ол хрестоматияға енген материалдардың тәрбиелік-өнегелік жақтарына көп көңіл бөлді.
1933 жылы қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінде секция құрылды. Оның міндеті бастауыш және орта мектептер үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен бағдарламалар, төл сұрақтар жасау. Сол мақсатта 1933 жылы бірнеше ғылыми экспедициялар жасақталды. Құрамында Б. Майлин, М. Әуезов, І. Жансүгіров, С. Сейфуллин сияқты ірі қалам қайраткерлері балаларға лайық әдеби нұсқалар, фольклорлық шығармалар жинақтады.
Дәстүрлі мұсылман мектептерінен басқа ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда татар жазушысы И.Гаспринскийдің негізін салған үлгідегі жәдит мектептері ашыла бастады.
Дәстүрлі мұсылман мектептерінен басқа ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда татар жазушысы И.Гаспринскийдің негізін салған үлгідегі жәдит мектептері ашыла бастады.
1941 жылы Ш. Кәрібаевтың «Әдебиеттік оқу әдістемесі» (9) кітап болып басылып шықты. 1953 жылы «Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс оқу»; 1957 жылы С. Тілешованың «5 сынып көркем шығарманы оқып үйрену»; 1957 ж. Ә. Қоңыратбаевтың «Әдебиетті оқыту әдістемесінің очерктері», «Әдебиетті оқыту әдісі» (1966) деген еңбектері, А. Көшімбаевтың «Сегіз жылдық мектепте әдебиетті оқыту әдістемесі»(1958), «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»(1969) атты іргелі еңбектері басылды.

1991 ж. бастап ғылыми-зерттеу жұмыстары екі бағытта (болашақ және қазіргі мектеп) және де бірнеше тақырыптар бойынша жүргізілуде. Қазақ мектептеріндегі қазақ әдебиетінің мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін жаңарту – ғылыми-зерттеудің негізгі бір бағыты. Бұл зерттеу бойынша білім мазмұны мен құрылымын жаңартудың принциптерін концептуалдық бағыттары мен жолдарын, шарттарын ғылыми негіздейтін «Әдеби білім тұжырымдамасы» жасалды.