Тақырыбы: Қазақ фольклоры түркі халықтарының ауыз әдебиеті құрамында



Дата11.12.2023
өлшемі15,07 Kb.
#136877
түріҚұрамы

Тақырыбы: Қазақ фольклоры түркі халықтарының ауыз әдебиеті құрамында.
Қазақтың жекеше, дербес болып қалыптасуы XV-ғасырдың орта шенінде еді. Осы уақытқа дейін түркі тілдес елдер бірге болып, мызғымыс бірлікте болатын. Бір аумақта бітісіп өмір сүрген түркі елдерінің мәдениеті,салты,әдебиеті ортақ болды. Оның бір дәлелі фольклорлық дастандарындағы тарихи оқиғалары, географиялық орындары, наным-сенімдері және салт-дәстүрлері жырларда кездесетін-ді. Эпостардың ең байырғы нұсқаларында Көк тәңірге және Ұмай анаға сиыну болған. Яғни көктің құдайы—көк тәңір, жердің құдайы—ұмай ана. Аңыздарда түркі тілдес елдірінде ортақ мысалы: Қорқыт ата, Алдар көсе, Жиренше шешен, Асан қайғы бейнелері ортақ кейіпкері ретінде көрінеді. Түрік қағанаты дәуірінде ерлікке тұрғызылған ескерткіштердің бірі “Қорқыт ата кітабы” екендігі ғылымда басылған еді. Қорқыт жырларындағы айтылатын Яншкент, Жент, Үзкен. т,б жерлердің атауы аталғаны Орта азиялық жырларда да осы атаулармен дәлме-дәл.
Түркі халықтарында айрықша ортақтықты дәлелдейтін халықтың нақыл сөздері деуге әбден болады. Бұл істе мақал-мәтел, жұмбақтар, шешендік сөз үлгілері түркі халықтарының бәріне ортақ мұра болатын Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегіндегі ұлағатты сөздер, мақал-мәтел, жұмбақтардың түркі тілдес халықтардың ортақ игілігі тұрғысынан жаңаша пайымдаулар жасау бүгінгі ғылыми қауымға қажетті іс болмақ. Мұндағы: «Кісі аласы ішінде, Жылқы аласы сыртында», «Ұлық болсаң, кішік бол», «Іңген ыңыраса, бота боздайды», «Құс қанатымен, Ер атымен» атты мақал-мәтелдер түркі тілдес халықтардың өмірінде күні бүгінге дейін қолданылып келеді. Халықтың асыл сөз үлгісін жинақтаудағы «Кодекс-куманикус» қыпшақ сөздігінің де айтарлықтай үлес-салмағы барлығы мәлім. Рухани байланыстар мен қарым-қатынастардың сырын бұдан бір аңғарсақ, мейілінше қанықтыра түсетін «шежірелер» деуге болады. Шежіре жазу түркі тілдес халықтардың көбінде орын алған. Ежелгі түркі тілдес халықтардың естелігі «Оғызнама» одан кейінгі Рашид-ад Диннің «Жамиғат ат тауарих», Әбілғазының «Түркі шежіресі», «Түркімен шежіресі» және т.б. әрбір рудың, халықтың шығу тарихымен қоса, онда әпсана, миф, аңыз, нақыл сөздер араласып жүреді. Бұның бәрі де түркі әлемін танытуға қосатын мол мағлұматтар мен дәлелді деректер болатындығы белгілі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет